Г.И. Песталоцци (1746-1827) – Швейцарияның даңқты педагогы (ХІХғасыр). Негізгі еңбегі: «Лингард және Гертруда» Г.И. Песталоццидің педагогикалық жүйесі: «Адам ақиқатты танып қана қоймай, сондай-ақ дұрыс нәрсені істеуге қабілетті болуы тиіс. Осы бір дәлелді қағида адамдардың қарапайым білімін үш бөлікке бөлді: 1. Қарапайым интеллектуалды білім. Оның мақсаты – адамның ақыл-ой қасиеттерін жан-жақты әрі үйлесімді дамыту. Осы қасиеттер оның интеллектуалды өз бетінше әрекетін қамтамасыз етеді, белгілі бір дамыған интеллектуалды дағдыларды сіңіреді. 2. Қарапайым тән білімі. Оның мақсаты – адамның дене қасиеттерін дұрыс бағытта дамыту, бұл қасиеттер оған сабырлық пен өз бетінше дене әрекетін береді. Дененің жақсы дағдыларын шыңдай түседі. 3. Қарапайым адамгершілік тәрбие. Оның мақсаты – адамның жан-жақты және үйлесімді адамгершілік қасиеттерін дамыту. Мұның өзі адамгершілік пайымдаулардың өз бетінше іске асуымен қамтамасыз етіледі, белгілі бір адамгершілік дағдыларды қалыптастырады».
Г.И. Песталоцци (1746-1827)
Достарыңызбен бөлісу: |