Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн


Құрылыс өндірісінің техникалық дайындығы



Pdf көрінісі
бет32/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Құрылыс өндірісінің техникалық дайындығы.
Құрылыс өндірісінің техникалық дайындығы мердігермен жүзеге 
асады. Оның мақсаты ұйымдастырушылық дайындықпен жоспарланған 
шараларды құрылыс алаңында «физикалық» жүзеге асыру болып 
табылады.
Дайындық жұмыстар деңгейлері алаңнан тыс, алаң ішінде жəне жеке 
құрылыс-жинақтау жұмыстарын (ҚЖЖ) жұмыстарына дайындық 
жұмыстары деп бөлінеді.
Ұзақтығы бойынша алаң ішілік дайындық жұмыстарын жүргізу 
ҚНжЕ1.04.03-85* «Құрылыс жəне ғимарат құрылысының аяқталу 
ұзақтығының нормалары» арқылы анықталады жəне ол мəртебесі бойынша 
ұсыныс болып табылады.
Алаңнан тыс дайындық жұмыстары. Алаңнан тыс дайындық 
жұмыстары кіреберіс жолдар мен айлақтардың, трансформаторлы 
станциялары бар электр желілерінің, су тоғандары бар су жүйелерінің, 
құрылысшыларға арналған тұрғын ауылдарының, сонымен қатар, 
құрылысты басқаруға арналған байланыс жүйелерініңжабдықтарының 
құрылысын білдіреді. 
Алаңішіндегі дайындық жұмыстары.
Алаң ішіндегі дайындық жұмыстары қарастырады: 


59 
 құрылысқа арналған геодезиялық бөлу негізінің тапсыру-
қабылдауын жəне ғимараттарды тұрғызу үшін, инженерлік желілер мен 
жолдарды жасау үшін геодезиялық жұмыстарды; 
 ҚМЖ өндірісі үшін құрылыс алаңын босату (алаңды тазарту, 
құрылыстарды бұзу жəн т.б.); 
 алаңның жоспарлануын, жер асты су деңгейін жасанды 
төмендетуді (қажет жағдайларда), жаңа инженерлік желілерді салуды; 
 тұрақты жəне уақытша жолдарды құрастыруды; 
 өндірістік, қойма, қосымша, тұрмыстық жəне қоғамдық 
тағайындаудағы мобильді (инвентарлы) ғимараттардың орналасуын; 
 материалдар 
жəне 
жабдықтар 
үшін 
қойма 
алаңдарын 
ұйымдастыру; 
 жұмыс 
өндірісін 
оперативті-диспетчерлік 
басқару 
үшін 
байланысты қамтамасыз етуді; 
 өртке қарсы сумен жəне жобдықтармен, жарықпен жəне дабыл 
жүйелерімен қамтамасыз етуді. 
Дайындық кезеңінде, сонымен қатар, құрылыс қажеттіліктері үшін 
тұрақты ғимараттар салынуы немесе бар ғимараттар сол мақсаттарға 
бейімделуі қажет. 
Құрылыс-жинақтау жұмыстарын ұйымдастыру бойынша негізгі 
шаралар. 
ҚМЖ өндірісіне дайындық кезінде келесі шаралар орындалуға тиісті: 
 жеке жұмыс түрлері үшін жобалық-технологиялық құжаттардың 
жасалуы; 
 нысан бөліктері бойынша төңіректе бекітілген геодезиялық 
бөлудің таңбаларының берілуі жəне қабылдануы; 
 еңбекті ұйымдастыру бойынша шаралардың жасалып жүзеге 
асырыуы жəне құрылыс бригадаларын еңбек процестерінің карталарымен 
қамтамасыз ету; 
 бригадаларды қажетті кіші механизация құралдарымен, өлшеу 
жəне бақылау құралдарымен, араластыру құралдарымен қамтамасыз ету 
үшін құрал шаруашылығы ұйымдастырылды; 
 құрылымды конвейерлік жинақтау алаңдары құрал-жабдықпен 
қамтамасыз етілді; 
 құрылыс материалдары, бұйымдарының қажетті қоры жасалады; 
 құрылыс 
машиналары 
жəне 
жылжымалы 
(мобильді) 
механикаландырылған қондырғылар жұмыс орындарына қойылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет