54
Ғимараттарың үлгілік жобалары мен элементтері жаппай құрылыс
нысандары үшін жасалады жəне қолданылады.
Үлгілік жобалар мен элементтерді жобалау тəжірибесіне
ауқымды
енгізу құрылысты индустриаландыруға негіз болып табылады, яғни,
үлгілік заттар мен құрылымдарды сериялық зауыттық өндірістің негізі
болып табылады.
Қолданыстағы
нормативтер мен құжаттардан, сонымен қатар,
жобаланатын нысанды бар желілер мен коммуникацияларға қосу
жайындағы алдыңғы шешімдерден ауытқуды
негіздеу кезінде тапсырыс
беруші бас жобалушымен жəне мердігер жобалық мекемелермен қоса
жобалық шешімдерден ауытқу жəне сəйкес өзгерістерді мемлекеттік
бақылау органдарымен жəне қызығушылық
танытқан мекемелермен
келісуге міндетті.
Егер жобалу, қайта жасау жəне техникалық жарақтандыру кезінде
өндірістің қосымша аймағын игеру көзделмесе,
көлік желілерінің,
энергиямен, сумен қамтамасыз ету, кəріз құбырлары жəне байланыс
құралдарының
шарттары өзгермесе, қолданыстағы нормалардың,
ережелердің жəне жобалау бойынша нұсқаулықтың,
мемлекеттік бақылау
жəне басқа да мекемелердің жобалық шешімдерінің талаптары бұзылмаса,
онда, сəйкес ауытқулардың негіздемесе жүргізілмейді.
Жобалаушылар еңбегінің өнімділігін арттырудың басты бағыты
құрылыстағы
жобалық
жұмыстарды
автоматтардыру,
жобалық
жұмыстарды автоматтандыру жүйесін (ЖЖАЖ) құру болып табылады.
Құрылыс нысандарын жобалау кезіндегі заманауи компьютерлік
аспап жобалық жұмыстарға маманданған AutoCad жүйесі жəне оның
көптеген нұсқалары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: