69
Өтеу барлық шығындар бойынша емес, тек келісімшарт ережелеріне
сəйкес өтелетін деп танылған шығындар бойынша ғана жүргізілуі мүмкін.
Келісімшарттың бұл түрі нысан құрылысын құрылыс үдерісі кезінде
өзгертулер енгізілетін барлық жобалық-сметалық құжаттар дайын болғанға
дейін бастауға мүмкіндік береді.
Шығындары өтелетін келісімшарттардың ең кең таралған түрлері:
өнім бірлігінің бекітілген бағасы бар келісімшарт;
нақты шығындарға жəне шығындардың бекітілген пайызына тең
бағасы бар келісімшарт (тұрақты қатысты пайды);
нақты шығындарға жəне бекітілген қосымша ақылы бағасы бар
келісімшарт (тұрақты абсолютті пайда);
нақты шығындарға жəне ауыспалы
пайызына тең бағасы бар
келісімшарт (ауыспалы қатысты пайды);
соңғы нақты шығындар бойынша бағасы анықталатын
келісімшарт;
кепілді максималды өтеулері бар келісімшарт.
Құрылыста жұмыстардың көптеген бөлігінің «жер астында»
"болатындығы ерекшелігі болып табылады.
Сондықтан əр түрлі ғимараттардың құрылысы қаншалықты
түпкілікті зерттелсе де, келісімшарт бойынша жұмыстардың орындалуы
басталғанға дейін дəл есептерді алдын ала жүргізу өте қиын. Бұл жағдайда
орындалу барысында жұмыстар көлемін өлшеуге жəне оның икемділігін
арттыратын келісімшарттың арнайы қалыбында қажеттілік туындайды.
Келісімшарттың бұл түрінің кең таралғандары əлемдік тəжірибеде,
өнім бірлігінің бекітілген бағасы бар келісімшарт болып табылады,
мысалы, қаланған кірпіш бір куб метрі үшін.
Шығындары
өтелетін
келісімшарттар
келесі
жағдайларды
қолданылады:
егер жоба оның нақты бағасын анықтау үшін жеткілікті жасалмаса
(əдетте, бүл жобалық-сметалық
құжаттар дайындығының толық
еместігінен болады);
тапсырыс беруші, ірі жобаны жүзеге асыру барысында,
жұмыстардың орындалуын жедел бақылауда ұстағысы келген жағдайда;
тапсырыс беруші жеткізушілер мен мердігер таңдауда қатаң
бақылау жүргізген кезде;
егер жобаның ерекшеліктері, онымен қоса, бағасы мердігерге
қосымша тəуекелге бару үшін қызығушылық шақырмаса.
Жоба қатысушылары қарым-қатынасының сипатына жəне
олардың
арасында жауапкершілікті бөлісуіне қарай келісімшарттардың келесі
түрлерін анықтауға болады:
дəстүрлі, нысан құрылысы жайында тапсырыс беруші жəне бас
мердігер арасындағы келісімді көрсететін;
70
жобалық-құрылыс, жобалауға жəне құрылысқа мердігердің
жауаптылығын көрсететін;
жұмыстарды «толық аяқталған» орындау, бас мердігердің
нысанды пайдалануға берудегі толық жауаптылығын көрсететін;
басқару-құрылыс, жобалау жəне құрылыс кезеңдерін басқару
міндеттерін
атқаратын, тапсырыс берушіге саудаласу негізінде
мердігерлер тауып, олармен келісімшарт жасау бойынша негізгі қызметті
ғана қалдыратын жоба менеджерінің қатысуына байланысты.
Келісімшарт түрі жəне оның орындалу кепілі. Қазіргі уақытта
көптеген елдерде келісімшарт жасау барысында инженер-кеңесшілердің
Халықаралық федерациясы жасаған жəне үш бөлімнен тұрытын
келісімшарттың бір түрдегі нысаны қолданылады.
1. Жалпы шарттар.
2. Жеке қолдану шарттары.
3. Өзгертулер, наразылықтар, форс-мажор жағдайлары.
Бірінші бөлімі барлық келісімшарттар үшін бірдей.
Екінші бөлімінде келесі ұстанымдардан
тұратын келісімшарттың
ерекшелігі көрсетіледі:
жұмыстар құрамы жəне оларды орындау бойынша міндеттерді
бөлісуді қосатын жұмыстар сипаттамасы;
коммерциялық шарттар – баға, оның пайда болу тəсілі, мердігерді
ынталандырулар;
төлем шарттары – кім, қалай жəне қашан жұмыстардың ақысын
төлейді;
жұмыстардың күнтізбелік жоспары;
өзгертулер – өзгертулерді енгізу жəне төлену шарттары;
мердігерлер жəне олармен жұмыс істеу талаптары;
кепілдіктер жəне серіктестердің жоба сапасының стандарттарын
қамтамасыз етуі, атап айтқанда, жобалық, құрылыс-жинақтау жұмыстары,
құрал-жабдықтар жəне т.б.
сақтандыру əдістері жəне нысандары бойынша сақтандыру;
салықтар, бағаға кіретін жəне кірмейтін салықтар жəне оларды
өтеу əдістері.
Қазіргі уақытта келесі бөлімдерден тұратын келісімшарттың бір
түрдегі
нысаны қолданылады:
келісімшарт заты;
келісімшарт бойынша жұмыстар бағасы;
мердігер міндеттері;
жұмыстарды орындау мерзімі;
жұмыс өндірісі;
жұмыс қауіпсіздігі;
71
форс-мажорға қатысты жағдайлар;
келісімшарт затын қабылдау;
кепілдер;
лицензиялар;
жақтардың мүліктік жауапкершілігі;
келісімшартты бұзу;
ерекше шарттар.
Келісім шарттың толық əрі нақты орындалуын қамтамасыз етудің
тиімді тəсілдері кепілдер мен кепілгерліктер болып табылады. Кепілдер
ретінде, əдетте, өзінің төлем қабілеттілігінің жоғарылығы арқылы танымал
мекемелер, сақтандыру компаниялары, банктер, мемлекеттік органдар
жəне т.б. шығады. Кепілдер келісімшарттың екі жағына да тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: