Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн



Pdf көрінісі
бет30/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Бақылау сұрақтары 
 
1. 
Жұмыс жобасының жұмыс құжаттарынан айырмашылы неде? 
2. 
Құрылыс процесі кезінде жобалаушының авторлық бақылауы 
міндетті болып табыла ма? 
3. 
Құрылыстың нормативті құжаттарын реформалау жүйесі 
қандай құжатта анықталады? 
4. 
Жобалық мекемелердің мамндану түрлерін анықтаңыз. 
5. 
Нысаннның жобалық құжаттарының жаспы сапасы үшін 
қандай лауазымды тұлға жауап береді? 


55 
2.4. Құрылыстың ұйымдастыру-техникалық
дайындығы 
 
Құрылысты ұйымдастыру жобасы 
Құрылысты ұйымдастырып жобалау ҚНжЕ 12-01-2004 «Құрылысты 
ұйымдастыру» негізінде жүзеге асады.
Берілген ҚНжЕ нормалары жəне ережелері кеңес беру сипатында 
жүреді жəне қолдануға арналған қолданыстағы заңнамаға шартталған жəне 
тəжірибе кезінде пайда болған құрылысты жүргізудің ортақ ережелерін 
орнатады. Алайда, берілген нормативті құжаттың тұжырымдалған 
ережелері міндетті болады, егер ҚР Азаматтық кодексіне сəйкес құрылыс 
қатысушыларымен жасалған құрылыс келісімшартында нақты нысан 
құрылысында бұл құрылыс нормалары мен ережелерін қолдануға сілтеме 
бар болса. Осылайша, заң шығарушы құрылысты ұйымдастырушылық 
жобалау 
сұрағының 
мағыздылығы 
құрылыс 
қызметінің 
сəйкес 
контрагенттері арқылы шешілуі қажет деп есептейді.
Бұл өндірістік-қазметтік қрым-қатынасын өзін-өзі реттеу бағытына 
қадам болып табылады, сонымен қатар, құрылысшы-салушыны жай 
нысандар үшін 
құрылысты ұйымдастыру жобаларын нормативті əзірлеуден босатады.
Техникалық қиын нысандар үшін ұйымдастырушылық жобалаудың 
маңыздылығы инвестициялық құрылыс жобаларын тиімді жүзеге 
асырудың міндетті шарты болып қалады. 
Құрылысшы-салушы-тапсырыс беруші мердігерге құрамында 
құрылысты ұйымдастыру жобасы жасалған жобалық құжаттарды береді.
ҚҰЖ – бұл құрылыс кешенінің нысандарын тұрғызу ретін, 
ғимараттарды тұрғызудың əдістерін, капиталды салымдар көлемінің, 
орындаушылар, мезгілдер жəне құрылыс кеңістігі бойынша құрылыс жəне 
монтаждау жұмыстарының рационалды бөлінуін, сонымен қатар, негізгі 
материалдар, еңбек жəне техникалық қор қажеттілігін анықтайтын 
жобалық құжаттар жиынтығы. 
ҚҰЖ жобалау мекемесімен жобалық-сметалық құжаттар құрамында 
жасалады жəне белгіленген тəртіп бойынша келісіледі жəне бекітіледі. 
Егер 
ұйымдастырушылық 
құжаттарын 
жасаудың 
басқа 
реті 
келісімшартпен анықталмаса,тапсырыс беруші үшін ҚҰЖ міндетті құжат 
болып табылады. 
ҚҰЖ қауіпсіздіктің міндетті талаптарын сақтауды қамтамасыз ету 
мақсатында он бөлімнен тұрады.
Оларды жасалатын құжаттардың негізгі үш тобына қатыстылығына 
байланысты бөлуге болады: 
 күнтізбелік жоспарлау; 
 құрылыстың басты жоспарын жобалау; 
 құрылыс өндірісі технологиясының қауіпсіздігі сапасы. 


56 
Жалпы жағдайда, құрылыстың күнтізбелік жоспары негізгі жəне 
қосалқы ғимараттар, технологиялық түйіндер жəне жұмыстар кезеңдерін, 
іске қосу немесе қала құрылысы кешендерінің құрылысының ретін жəне 
мерзімін анықтайды. Атап айтқанда, күнтізбелік жоспарсыз қызметтің 
инвестиялық кезеңінде қаржы ағынын дұрыс ұйымдастыру мүмкін емес.
Құрылысты күнтізбелік жоспарлау берілген ҚНжЕ міндетті 
талаптарының келесі тобын қосады: 
 құрылыстың күнтізбелік жоспары бөтен аймақты уақытша 
қолдану сервитутын қолдану мерзімін ескере отырып жасалады; 
 күнтізбелік жоспарда бітпеген (маусымдық) жұмыстарды орындау 
мерзімі жəне оларды қабылдау реті көрсетіледі. 
Құрылыстың нақты жоспарын жобалау қосымша берілген ҚНжЕ 
міндетті талаптарының келесі тобын қосады: 
 темір жолдарға, өзен жəне көлдер айлақтарына, уақытша 
қоныстарға жəне т.б. жанасу орындары көрсетілген құрылыстың 
жағдайлық жоспары; 
 көлікті, суды, кəріз, электр, байланысты ұйымдастыру бойынша 
шешімдер; 
 көлік маршрутын өзгерту, көлік қозғалысын уақытша тежеу 
шаралары; 
 белгіленген 
сервитуттарға 
сəйкес 
құрылысшы-салушыға 
(тапсырысберуші) тиесілі емес аймақтарды қолданудың жəне қалпына 
келтірудің шарттары мен талаптары (сервитуттар деп жер иеленушісінің 
аймағының бір бөлігін қоғамдық немесе шаруашылық мақсаттарға 
пайдалану құқығы танылады, мысалы, азаматтардың қозғалысы үшін, 
аймақ арқылы өтетін инженерлік желілерді қалыпты пайдалану үшін жəне 
т.б.). 
Құрылыс өндірісі технологиясының сапасы мен қауіпсіздігі берілген 
ҚНжЕ келесі міндетті талаптарын қосады: 
 құрылыс процесі кезінде тұрғызылатын жəне бар ғимараттардың 
төзімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар; 
 қиын жəне ерекше нысандар үшін – қажетті зерттеулер, сынақтар 
бағдарламалары, сонымен қоса, бекеттер, полигондар, зерттеу посттарын 
жəне т.б. ұйымдастыру; 
 сапа көрсеткіштері құрылыс процесі кезінде нысанның 
қауіпсіздігіне ықпал ететін, нормативті құжаттар мен стандарттар 
талаптарына сəйкестігін бағалауға жататын жұмыстар мен құрылымдыр 
тізімі; 
 бақылауды жəне сынақтарды жүргізудің əдістері мен құралдары, 
сонымен қатар, сəйкес нормативті құжаттарға сілтеме жасау арқылы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет