Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн


Құрылысшы-салушымен нысанды беру мерзімі



Pdf көрінісі
бет38/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Құрылысшы-салушымен нысанды беру мерзімі. Құрылысшы-
салушы үлескерлік құрылыс қатысушысына үлескерлік құрылыс нысанын 
келісімшартта көрсетілген мерзімнен кеш емес мерзімде тапсыруы қажет.
Бұл ретте, құрылысшы-салушымен үлескерлік құрылыс нысанын 
тапсыру мерзімі үлескерлік құрылыс қатысушылары үшін бірдей болуы 
қажет.
Келісімшартпен анықталған үлескерлік құрылыс қатысушысына 
үлескерлік құрылыс нысанын тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда, 
құрылысшы-салушы үлескерлік құрылыс қатысушысына айыпақы (пеня) 
төлейді.
Егер жылжымайтын нысан құрылысы келісімшартпен көрсетілген 
уақытта аяқталуы мүмкін болмаса, анықталған мерзім аяқталғанға дейінгі 
екі ай бұрын үлескерлік құрылыс қатысушысына сəйкес ақпаратты жəне 
келісімшартты өзгерту жайында ұсыныс жіберуге міндетті.
Келісімшартпен қарастырылған сапа кепілдігі. Құрылысшы-
салушы үлескерлік құрылыс қатысушысына келісімшарт шартарына 
сəйкес сапасы бар немесе келісімшарттың бұндай шарттарының толық 
еместігі немесе мүлде жоқтығы кезінде техникалық ережелер, жобалық 
құжаттама жəне қала құрылысы жəне басқа да міндетті талаптарына сай 
үлескерлік құрылыс нысанын тапсыруға міндетті. Егер үлескерлік 
құрылыс 
нысаны 
құрылысшы-салушымен 
нысанның 
сапасының 
нашарлауынан немесе басқа да жетіспеушіліктерге əкеліп соқтырған 
жағдайда, келісімшарт шарттарынан ауытқу арқылы, оны келісімшартта 
қарастырылған мақсаттарға қолдануға жарамсыз етіп тұрғызылса, онда 
үлескерлік құрылыс қатысушысы өз шешімі бойынша құрылысшы-
салушыдан талап етуге құқылы: 
 орынды мерзім ішінде кемшіліктерді өтеусіз жоюын; 
 келісімшарт бағасын төмендетуін; 
 кемшіліктерді жою шығындарын өтеуін. 
Үлескерлік құрылыс нысанының сапа талаптарының əжептəуір 
бұзылған жағдайында, үлескерлік құрылыс қатысушысы біржақты ретте 
келісімшартты орындауынан бас тартуға жəне құрылысшы-салушыдан 
қаржы құралдарын қайтаруды жəне пайыздарын өтеуді талап етуге 
құқылы. 
Келісімшарттың 
құрылысшы-салушыны 
үлескерлік 
құрылыс 
нысанының кемшіліктері үшін жауапкершілігінен босатылу шарттары 
азғантай болып табылады.
Үлескерлік құрылыс нысаны үшін кепілді мерзім келісімшар арқылы 
анықталады. Кепілді мерзім бес жылдан кем болмауы тиісті. 
Анықталған кепілді мерзім үлескерлік құрылыс нысанын үлескерлік 
құрылыс қатысушына тапсыру күнінен есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет