73
салушы келісімшартпен анықталған мерзімде өз күшімен немесе басқа да
тұлғаларды тарту арқылы жылжымайтын нысан құрылысын аяқтауға жəне
пайдалану беру жайлы рұқсат алған соң оның сəйкес
бөлшектерін
үлескерлік құрылыс қатысушыларына беруге міндеттеледі.
Екінші жақ (үлескерлер) келісімшартпен анықталған бағаны төлеуге
жəне пайдалануға беру жайлы рұқсаты бар болған жағдайда қабылдап
алуға міндеттеледі.
Келісімшарт жазбаша түрде жасалады жəне мемлекеттік тіркеу заты
болып табылады. Үлескерлік құрылысқа қатысу келісімшарты келесіден
тұруы қажет:
құрылысшы-салушымен жылжымайтын
нысанды пайдалануға
беру жайлы рұқсат алған соң, жобалық құжаттамаға сəйкес үлескерлік
құрылыстың беруге лайықты нысанын анықтау;
құрылысшы-салушымен
үлескерлік
құрылыс
қатысушына
нысанды беру мерзімі;
келісімшарт бағасы, оны өтеудің реті мен мерзімі;
үлескерлік құрылыс нысанына кепіл уақыты.
Келісімшартта берілген мəліметтер жоқ болса, келісім шарт
жасалмаған болып есептеледі.
Үлескерлі құрылыс қатысушысына
нысанды бергенге дейінгі,
үлескерлі құрылыс нысанының кездейсоқ зақымдануы немесе кездейсоқ
бұзылуы тəуекелділігін құрылысшы-салушы атқарады.
Азаматтың-үлескерлік құрылыс қатысушысының қайтыс болуы
жағдайында оның келісімшарт бойынша міндеттері
мен құқықтары оның
мұрагерлеріне беріледі.
Келісімшарт бағасы. Келісімшартта оның бағасы, яғни, нысанды
салу үшін үлескерлік құрылыс қатысушыларының
төлеуге тиісті қаржы
құралдарының көлемі көрсетіледі.
Келісімшарт бағасы нысан құрылысы шағындарын өтеуге
бағытталған қаржы құралдарының құны жəне құрылысшы-салушы
қызметін төлеуге бағытталған қаржы
құралдары ретінде анықталуы
мүмкін. Жақтардың келісуі бойынша, егер келісімшартта бағаны өзгерту
мүмкіндіктері
қарастырылған болса, келісімшарт бағасы ол жасалғаннан
кейін өзгертілуі мүмкін.
Келісімшарт бағасын төлеу төлемдерді бір уақытта енгізу немесе
келісімшартпен анықталған мерзімде жүргізіледі.
Төлемдерді енгізудің келісімшартпен
анықталған мерзімін бұзған
жағдайда, үлескерлік құрылыс қатысушысы құрылысшы-салушыға
айыпақы (пеня) төлейді. Егер келісімшартқа сəйкес оның бағасын төлеу
графигін үлескермен бұзу ҮҚҚРЗ орнатылған нормативтерден асып кетсе,
құрылысшы-салушымен келісімшартты сот
өкіміне сай бұзуын талап
етуіне негіз болып табылады.