6
Құрылысшылар технологиялық
жабдықтардың монтажын, іске қосу
жəне жөндеуін жəне де сынақтан өткізуін қосатын нысанның толық
пайдалануға берілуіне жауап береді.
Басқа сөзбен айтқанда, нысанды «толық аяқталған» түрде тапсыру
жауапкершілігі құрылысшыларда жатыр.
Егер адамдарда үлкен қайтарымдылықпен
еңбектену зауқы жоқ
болса, онда экономика тиімді жұмыс атқара алмайды. Көптеген бастама
көрсетуге жəне пысықтыққа экономикадағы нарықтық қарым-қатынас
ықпал етеді.
Заманауи нарықтық экономиканың басты ерекшелігі – оның
динамизмі.
Нарықтық шарттарда жетекші құрылыс
ұйымдастырушысы ретінде
бұндай экономикаға психологиялық дайын жəне өз ісінің маманы болу
қажет.
Бұл шарттар заңды тұлға ретінде құрылыс мекемесі мен тапсырыс
берушілер
арасындағы
өарым-қатынасты
шиеленістіреді
жəне
жетекшілерден белсенді ойлауды талап етеді.
Сондықтан, құрылысты ұйымдастырудың
шешуші факторы оның
негіздерін, атап айтқанда, құрылыс өндірісін тиімді ұйымдастыру болып
табылады, себебі құрылыс өндірісі басқарудың
бастапқы нысаны болып
табылады.
Құрылыс саласының дамуы оның ұйымдастырушылық-құқықтың
негізімен бірге жүзеге асады.
Қазіргі уақытта, құрылыс жəне өнеркісіптің құқықтық-нормативтік
базасы əрдайым жəне қарқынды жетілдіріліп келеді.
Біздің мемлекет Бүкілəлемдік сауда ұйымына кірді.
Оқу
құралында бұл жағдайлар, көп жағдайда, заманауи
заңнамаларды көрсету арқылы берілген, дегенмен, үлестік құрылыс жайлы
заңның жеке баптарын айқындау кезінде нақты заң нормалары көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: