Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн



Pdf көрінісі
бет9/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Құрылысты 
ұйымдастыру 
жəне 
жобаларды 
басқару 
қағидалары.Құрылысты басқару жəне инвестиционды құрылыс жобасын 
басқару өте маңызды сипатқа ие келесі негізгі қағидаларға негізделеді. 
 Басқарудың əлеуметтік жəне экономикалық нəтижелерінің бірлігі. 
Кез келген басқару экономикалық жəне əлеуметтік нəтижелер арасындағы 
өзара байланысты ескеруі қажет. Бұл ескерусіз шаруашылық қызмет 
немесе экономикалық тиімсіз болуы немесе толығымен қоғамда немесе 
ұйым ішінде əлеуметтік шиеленіс тудыруы мүмкін. Берілген қағида 
құрылыс өндірісін ұйымдастыру жəне ИҚЖ жүзеге асыру алдындағы 
негізгі мақсаттарды рационалды құруға бағыттайды. 
 Орындаушыларды 
мамандандыру 
жəне 
шоғырландыру. 
Мамандандыру тар кəсіби қызмет етуі еңбектенудің жоғары өнімділігіне 
алғышарттар туғызатын, сəйкес мамандардың шектелген жұмыс (функция) 
бөлігін орындауын білдіреді. Алайда, мамандандыру жұмысты 
орындаушылардың бытыраңқылығына əкеліп соқтырады, сондақтан ол 
бірлестіру (заңды жəне жеке тұлғалардың арасындағы белгілі бір уақыт 
аралығындағы шартты іс-əрекет) жəне сəйкестендіру (бір заңды тұлға 


11 
ішіндегі орындаушылардың жəне құрылымдық бөлімшелердің əкімшілік 
бағынушылық) 
түрінде 
жүзеге 
асырылатын 
орындаушылардың 
шоғырлануы арқылы міндетті түрде толықтыралы. Бұл принцип құрылыс 
өндірісін ұйымдастыру кезіндегі жəне ИҚЖ жүзеге асыру кезіндегі алуан 
түрлілікті жəне қиыншылықты ескеруге бағытталған.
 Басқару субъектілеренің жəне объектілерінің иерархиялылығы 
олардың бағыныштылық қатарын көрсетеді. Басқару мекемелерінің 
арасында біртұтас жүйе құру үшін байланыстар (əкімшілік, функционалды, 
ақпараттық жəне т.б.) орнату қажет. Бұл принцип құрылыс өндірісін 
ұйымастыру кезінде жəне ИҚЖ жүзеге асыру кезінде рационалды 
ұйымдық құрылымдар құруға бағыттайды.
 ИҚЖ басқарудағы қалыптылық. Құрылыс өндіріс ұйымдастыру 
кезінде жəне жобаны жасау жəне жүзеге асыру кезінде мəндетті түрде 
мемлекеттік стандарттарда, кодекстерде жəне т.б. көрсетілген техникалық 
жəне құқықтық нормаларды сақтау талап етіледі. Бұл принцип құрылыс 
қызметінің құқықтық реттемелеуін міндетті ескеруге бағыттайды.
 Құрылыс өндірісін ұйымастыру кезіндегі жəне ИҚЖ жүзеге асыру 
кезіндегі басқарудың тиімділігі.  
Тиімділік қағидасы басқарудағы тиімді шешімді қабылдау үшін, 
бірнеше балама (нұсқа) жасау керектігін жəне солардың ішінен 
қабылданған өлшемдерге сəйкес ең тиімдісін қабылдау дегенге алып 
келеді. Бұл принцип жобаны жобалау, құрылыс жүргізу жəне пайдалуға 
беру кезінде ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін пайдалануға 
бағыттайды.
Күрделілігі бойынша құрылыс жобаларының жіктелуі.
Құрылыс жобалары (насандары) келесі келесі жіктелу қағидаларына 
сəйкес күрделілігі бойынша ерекшеленеді: 
 сəулет-жоспарлау шешімдерінің күрделілігі; 
 салынып жатқан нысанның өндірістік немесе басқа да 
технологияларының күрделілігі; 
 қолданылатын құрылыс технологияларының күрделілігі; 
 құрылыстың ауқымдылығы. 
Игерілетін инвестиция түрлеріне қарай жобалардың жіктелуі.
Келесі жобалар ажыратылады:
 негізгі қорларды құру жəне қайта жаңаландыруға бағытталған – 
қор құрушы; 
 техниканың, технологияның жəне өнімдердің жаңа түрлерін 
қалыптастыруға бағытталған - ғылыми-зерттеулік; 
Құрамы жəне ауқымдылығы бойынша жобалардың келесі түрлері 
ажыратылады: 


12 
 моножобалар – бұл құрамына жеке нысандар (тұрғын үй, 
трансформаторлық қосалқы станция, сорғы станциясы жəне т.с.с.) кіретін 
қарапайым жобалар; 
 мультижобалар – бұл моножобалар қатарынан (қала құрылысы 
комплексі, өнекісіптік кəсіпорынның іске қосу кешені, сутазартқыш 
құрылыс жүйелері жəне т.с.с.) тұратын кешенді жобалар. 
 мегажобалар – бұл мультижобалар қатарынан тұратын жобалар, 
мысалы, қалалық инфрақұрым жасауды қосатын ірі өндірістік 
кəсіпорынның құрылысы жəне т.с.с. 
Инвестициялық жобаның тіршілік кезеңін жүзеге асыру кезеңдері. 
Əдетте, инвестициялық құрылыс жобасының тіршілік кезеңін жүзеге 
асырудың келесі кезеңдерін ажыратады: 
жобаның 
(жобаның 
бизнес-жоспарының) 
жəне 
жобалау 
тапсырмасының 
(құрылысшы-инвестормен 
жүзеге 
асырылады) 
техникалық-экономикалық негіздеуін дайындау кіретін концептуалды 
(жобаға дейінгі) кезең;
 жобаның жобалық-сметалық құжаттарын (жобалаушымен, 
тапсырыс берушімен жүзеге асырылады) жасауға бағытталған жобалау-
іздестру жұмыстарының кешені кіретін жобалық кезең; 
 мердігерлік сауда-саттықты ұйымдастыру жəне өткізу (тапсырыс 
берушімен жүзеге асырылады) кезеңі; 
 нысанды пайдалуға беруді (тапсырыс берушімен, жобалаушымен, 
басты мердігермен, қосалқы мердігермен жүзеге асырылады) қосатын 
құрылыс жəне монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру жəне жүргізу кезеңі; 
 жобаны пайдалану кезеңі (құрылысшымен жəне пайдаланушымен 
жүзеге асырылады); 
 жобаны жабу кезеңі (құрылысшымен жүзеге асырылады). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет