Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн



Pdf көрінісі
бет54/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

 
 


110 
2-ші қадам. Жұпты матрицалардың қалған бөлігі оңтайландырылған 
жұпты матрицалардың сəйкес ұзақтықтарымен бекітілген жеке жұмыс 
аймақ- 
тарының ұзақтықтарынсыз толтырылады.
3-ші қадам. Бағалау матрицасының ұзақтығының бағасы болып 
табылатын ұзақтықтың шекті мүмкін болатын минимумы (ҰШМБМ) 
барлық жұмыстың қызған шағы кезеңінің бағасының қосындысы жəне 
соңғы түрдегі жұмыстарының ұзақтығының қосындысы арқылы 
есептеледі. Динамикалық бағдарламалау əдісі бойынша жеке жұмыстар 
аймағын игерудің тиімді кезектілігін анықтау алгоритмі қадамының 
сипаттамасын көрсетеміз. 
1-ші қадам. 1-ші орында барлық жұмыс аймақтарын кезекті бекіту 
арқылы 1-ші деңгейлік бағалау матрицалары құрылады жəне сəйкес 
ҰШМБМ есептеледі.
2-ші қадам. Алдын ала бағаланған бұтақтардың көптігінің ішінен 
минималды ҰШМБМ өлшемі бойынша келешектегі бұтақ анықталады. 
Айта кетейік, келешекті бұтақтар бірден көп болуы мүмкін, бұл жағдайда 
олардың əрбірі үшін келесі қадамдардың орындалуы қажет болады.
3-ші қадам. Келешектегі бұтақтардың бұтақталуына сəйкес келесі 
жұмыстар аймақтарын бекітуден тұратын барлық альтернативаларды қосу 
арқылы жүзеге асырылады. Барлық альтернативалар үшін ҰШМБМ 
есептеледі.
4-ші қадам. Соңғы бұтақтардың бар жоғы анықталады, яғни,барлық 
жұмыс аймақтары бекітілген бұтақтар анықталады. Егер соңғы бұтақтар 
бар болатын болса, онда минималды соңғы бағадан жоғары бағасы бар 
барлық аралық бұтақтар келешегі жоқ деп есептеледі де, олардың одан ары 
бұтақталуы тоқтатылады. Соңғы бұтақтар үшін ҰШМБМ мен нақты 
ұзақтық сəйкес келеді.
5-ші қадам. Келешектегі аралық бұтақтардың бар жоғы анықталады. 
Егер ондай бұтақтар бар болатын болса, онда 2-ші қадамға өту 
жүргізіледі, қарсы жағдайда – 6-шы қадамға.
6-шы қадам. Алынған минималды бағаларға ие соңғы бұтақтар 
анықталады, ал бұл соңғы бұтақтарға алып келген сəйкес жолдар ізделіп 
отырған жеке жұмыс аймақтарын игерудің тиімді кезектілігін анықтайды.
Оңтайландыру нəтижесі сурет 3.6-да көрсетілген. Суреттің бірінші 
жолында жеке жұмыс аймақтарын игерудің бастапқы кезектілігіндегі 
жұмыстардың жалпы ұзақтығының мəні көрсетілген. Келесі жолда бірінші 
орында бекітілген жұмыстар аймағы көрсетілген. Үшінші жолда жоғарыда 
сипатталған алгоритмнің 1-ші қадамын орындауда алынған бұтақтарды 
бағалаудың нəтижесі көрсетілген. Алгоритмнің екінші қадамын қолдана 
отырып, 4 жеке жұмыс аймағының бірінші орынында бекітілуге сəйкес 
бұтақтың келешегін анықтаймыз.


111 
Сурет 3.6. ҚҮИƏ оңтайландыру динамикасын мақсаттар «ағашында» 
көрсету 
Кесте 3.11 ҚҮИƏ үшін алынған жеке жұмыс аймақтарын игерудің 
тиімді нұсқалары 
 
Бұл келешектегі бұтақтың бағасы 47-ге тең. Алгоритмнің 3-ші 
қадамын қолдана отырып, алдыңғы орында 1-ші, 2-ші жəне 3-ші жеке 
жұмыстар аймағын бекіту арқылы келешектегі бұтақтың дамуын 
жүзегеасырамыз. 
Ұзақтықтың шекті мүмкін болатын минимумдары тең: 50, 50 жəне 
49. 
Алгоритмнің 4-ші жəне 5-ші қадамының негізінде жаңа 
альтернативалардың соңғы бұтақ болып табылмайтындығын анықтаймыз 
жəне сондықтан да, 2-ші қадамға қайтып барамыз. Жоғарыда сипатталған 
алгоритмді қолданудың соңғы нəтижелері сурет 3.5-те көрсетілген. Бұл 
сурет арқылы оңтайландыру үдерісінің толық динамикасын елестетуге 
болады. Оңтайландыру нəтижесінде төрт жеке жұмыс аймақтарын 
игерудің тиімді кезектілігі анықталды: 1→2→4→3, 1→4→2→3, 
2→4→3→1 жəне 4→3→2→1. 
Кесте 3.11-де алынған оңтайландырылған матрицалар көрсетілген.


112 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет