121
4 бөлім
ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
4.1. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдары
Жалпы ережелер. Құрылыс өндірісін басқаруды ұйымдастыру
басқарудың жеке органдарын мамандандыру қағидасына негізделген.
Мысалға, бухгалтерия сияқты бөлімше бухгалтерлік есеп жəне ішкі аудит
функцияларын жүзеге асыруға жəне
анықтауға маманданған, құрылыс
мекемесінің бас инженері ғимарат құрылысы саласында техникалық
саясатты жүргізуге жауапты болып табылады, жұмыстарды өндіруші
(прораб) оған тапсырылған нысанда
құрылыс өндірісін тікелей
ұйымдастырушы болып табылады жəне т.с.с. Осылайша, басқарудың
бастапқы нысаны блып табылатын құрылыс өндірісін ұйымдастыру
басқарудың əр түрлі органдарының арасындағы күрделі байланысты
көрсетеді. Ал
ұйымдстыру құрылымының қызметі, ең алдымен, құрылыс
өндірісін
басқаруға
бағытталған
болғандықтан,
басқарудың
ұйымдастырушылық құрылымын да, көбінесе, басқару жүйесінің
конфигурациясы ретінде қарастырады.
Басқару
органдары
құрылыс
өндірісін
басқаруды
жалпы
ұйымдастырумен
байланысты
басқарудың
мамандандырылған
функциялары жүктелген негізгі элменттерді білдіреді.
Құрылыс өндіріс дайындау жəне жүзеге асыру үдерісі
кезінде
басқару органдары өзара тұрақты ара қатынаста болады. Мысалға,
жұмыстарды өндіруші прорабтың материалды есебін жасау кезінде
бухгалтериямен тығыз қарым-қатынаста болады, ал еңбекті қорғау жəне
өнеркəсіптік қауіпсіздік бөлімі өзінің қызметінде бас инженерге бағынған
болып табылады жəне т.б. Осыдан шығатыны, басқару органдарының
арасында сəйкес байланыстар орнатылған.
Нəтижесінде ұйымдастырушылық
құрылым терминологиялық
басқару органдарының жиынтығын жəне құрылыс өндірісін басқару жəне
ұйымдастыруға бағытталған олардың арасындағы байланыс жиынтығын
қосатын жүйе ретінде анықталуы мүмкін.
Əдетте, байланыстарды басқару органдарының өзара əрекеттесуінің
сипаттамасы ретінде жалпы жəне функционалды бағыну байланыстарына
ажыратады. Осылайша, байланыстар арқылы басқарудың негізгі қағидасы
– иерархиялылық қағидасы жүзеге асады немесе, басқа сөзбен айтқанда,
бағыныштылық қатары. Мысалға, құрылыс
шебері жалпы сұрақтарға
байланысты тікелей прорабқа бағынышты, ал материалдық-техникалық
есепке қою жəне материалдарды сақтау функциялары бойынша қойма
бухгалтериясы деп аталатын функционалды бөлімшеге бағынышты.
Басқару органдарының функцияларының нақты құрамы тарифтік-біліктілік
122
анықтамалықтарымен, лауазымдық нұсқаулықтармен жəне құрылымдық
бөлімшелер жайлы ережелермен орнатылады.
Ұйымдастыру құрылымдарын жасау кезінде маңызды мəнге
бағынышты құрылымық бөлімшелердің
немесе бағынышты лауазымды
тұлғалардың санын анықтауды білдіретін басқару нормаларын есепке алу
керек. Эмпирикалық зерттеулер нəтижесінде бағынышты құрылымдық
бөлімшелер саны 5-тен 8-ге дейін болуы қажет, ал құрылыс шеберіне
бағынышты бастапқы орындаушылар саны 20-дан 40 адамға дейін.
Басқарудың ұйымдастырушылық құралымын жасау мəселесі
біршама деңгейде жетекшілерге қойылатын біліктілік тааптарына
байланысты адами фактормен байланысты.
Жетекшінің білімі, біліктілігі жəне
дағдылары шектеулі; алайда,
шешім қабылдау үшін қажетті уақыт та шектеулі, сондықтан құрылыс
өндірісінің масштабына жəне ерекшеліктеріне байланысты басқару
деңгейлерінің жəне органдарының тиімді санын анықтайтын басқарудың
ұйымдастырушылық құрылымын дұрыс жасау қажет.
Белгілі бір деңгейде бір түрдегі
деп аталуға лайық, ең кең таралған
басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын қарастырайық, себебі олар
өзгермейтін элементтер ретінде басқарудың шынайы өндірістік
құрылымына кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: