Қ. Т. Абаева, А. Ж. ҚОжабекова


Гүлзар, миксбордер және альпинарий



бет35/54
Дата02.02.2024
өлшемі5.76 Mb.
#490605
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54
ландшафт дизайн

Гүлзар, миксбордер және альпинарий


Гүлзар бұл әртүрлі декоративті өсімдіктерді орналастыратын ерекше орын. Сонымен қатар ол ландшафттың бір бөлігі.Өз бетінше ландшафтты дизайнның элементі бола алады.


Қазіргі таңда гүлдер және басқа әсемді безендірулер арқылы ландшафтты абаттандырудың бірнеше амалдары бар.Олардың келесідей түрлері бар:
Үзбей гүлдейтін гүлкөмбе сізді ерте көктемнен бастап күздің соңына дейін қуантатындай етіп орналастыруға болады.
Күншуақ және көлеңке орындарға арналған гүлзарларда аймақтың жарықтануына байланысты өсімдіктерінің ерекше түрлері(күн сүйгіш немесе көлеңке сүйгіш) таңдалады.
Розарий-таңдалған аймақта бір уақытта бірнеше раушангүлдердің түрлерін отырғызады.
Бақтың жалпы көрінісін үйлесімді жасау үшін пропорциялардың мөлшерін дұрыс сақтау керек. Сонымен қатар ландшафт құрылыс саласында ерекше білімді қажет етеді.
Гүлзарда отырғызылған өсімдіктердің саны мөлшерден аспауы керек.
Миксбордерді қалыптастырған кезде өсімдіктердің өмір сүру ұзақтығын (көктемнен бірінші аязға дейін ), гүлдеу кезеңдерінің сәйкестігін, сыртқы көрінісінің ерекшеліктерін: гүлдерін, биіктігін және т.б. ескеру керек. Нәтижесінде миксбордер үзіліссіз ұзақ мерзім бойы гүлдейді. Миксбордерді бордюрмен көріктендіру кезінде көрінісі жағынан ерекше гүлді бордюрді, сонымен қатар ландшафт дизайнының бөлек жарық элементін аламыз.
Егер абаттандыруға тасты бақты(альпинарий) ұйымдастыру кіретін болса, онда негізгі жұмыс болып сол гүлзарға арналған алаңды дайындау болады.Тіреу қабырғаларын және тасты жолдарын жасау керек. Одан әрі біз көпжылдық өсімдіктерді отырғызуымен айналысамыз.Бұл өсімдіктерді күтіп баптау жұмыстары едәуір жеңілірек болады.Отырғызылатын өсімдіктердің мөлшері себілген тасты үймелері жақсы көрінуі үшін шектен тыс көп болмауы керек.Гүлкөмбелерді абаттандырған кезде өсімдіктер құрамының, сонымен қатар биіктігі және пішіндерінің үлкен маңызы бар. Мысалы, үзіліссіз гүлдейтін гүлкөмбелер үшін бір емес бірнеше ай гүлдейтін өсімдіктер таңдалады. Олар гүлкөмбенің кейпін ашып, көркейтеді.
Жобалау процесін бастағанда аймақ жайлы негізгі мағлұматтарын болғаны дұрыс. Олар: пішіні, көлемі, жарықтануы, жолдар және көршілерге байланысты аймақтың орналасуы, жер бедерінің көрсеткіштері, жер асты суларының биіктігі. Одан басқа топырақ жағдайларының мәліметтері де болу керек.
Сырт көзге участокты онда өсімдіктерді отырғызып көріктендіруінің еш қиыншылығы жоқ сияқты, бірақ бақтың ландшафт дизайны бір ерекшелігімен ерекшеленеді. Ол ерекшелік үйлесімді, гармониялық, ыңғайлы және әдемі кеңістікті жасау болып табылады.
Тігінен жоспарлаудың жобасы рельефпен жұмыс істеуді көздейді. Өсімдіктерді отырғызуы және өсіп-өнуі үшін қолайлы жағдай, сонымен қатар артық сулардың ағып кетуін қамтамасыз ету үшін керекті рельефті жасайды. Бұл кезеңде біз қай жерге керекті үймелерді орналастыруға болатынын көреміз. Соларға
байланысты баспалдақ аймақтарын, альпі төбешіктерін және басқа элементтерін безендіреді. Ландшафт құрылысында түсті таңдау принципі гармонияны сақтау болып есептеледі.
Аймақты абаттандыру кезінде көгалдарды, білікті суғару құрылғыларын, жарықтандыруды, жолдарды және гүлзарды орналастырады. Жасыл екпелер аймақты көгалдандырып, ыңғайлық, жайлылық сезімін береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет