Қ. Т. Абаева, А. Ж. ҚОжабекова



бет33/54
Дата02.02.2024
өлшемі5.76 Mb.
#490605
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54
ландшафт дизайн

ші тәсіл қыс мезгілінде ауыстырып отырғызылатын ағаштың жан-жағын арнайы машиналармен (ЭТЦ-161) қазылып дайындалады. Сирек жұмысшылар ломмен қазады. Ең тиімдісі күзде ауыстырылып отырғызылатын ағаштың шұңқырын қазып қою керек. Отырғызу жұмысын ауа температурасы -12-150С болғанда жүргізу керек. Топырақ түбін, машинаға тиегенде қиын болмас үшін қазып қою керек.

Қыста ауыстырылып отырғызылатын ағаштың діңнің астыңғы бөлігін қатты аязда үсімес үшін құрғақ шымтезекпен немесе жапырақтармен 15-20см етіп көміп қояды. Ағаш діңін аязда үсікке ұрынбау үшін мүшек немесе матамен орап қояды. Арнайы қоймаларда сақталған құнарлы топырақтарды, қазылған шұңқырға, ағаш отырғызар алдында әкеп төгеміз. Ағашты отырғызу кезінде көметін топырақта көлемі 15см болатын қатқан топырақтарды аз мөлшерде (20% артық емес) пайдалануға болады. Ағаш отырғызғаннан кейін дің түбін жақсылап нығыздаймыз. Суару жұмыстары көктемде қар еріген соң жүргізіледі.
Қыс мезгілінде ағаштарды ауыстырып отырғызу жұмысы қиын әрі күрделі. Өйткені бұл жұмысшылардың қол еңбегін көп қажет етіп, ауа-райының қолайсыздығына байланысты болады. Жұмыстың күрделілігі мен қиындығына байланысты қыс
мезгілінде ағаштарды ауыстырып отырғызу жұмысын 3 мерзімге бөлуге болады:

  1. ші мерзім - қараша айының соңы мен желтоқсан айы. Бұл кезде еліміздің көп облыстарында топырақ тоңдануы аз мөлшерде. Қардың қалыңдығы да төмен болады. Сондықтан, ағашты қазып алу мен отырғызу жұмыстары қиынға соқпайды.

  2. ші мерзім – қаңтар және ақпан айлары. Бұл мезгілде аяз өте күшті болады. Қардың қалыңдығы да жоғары болғандқтан, оны тазалау үшін техникалар пайдаланылады. Топырақтың тоңдануы терең қабаттарға дейін барады. Ең ауыр жұмыс ағашты топырағымен қазып алу және оны отырғызатын шұңқыр дайындау. Отырғызылатын шұңқыр механизмдермен жүргізіледі. Қыс мезгілінде ауыстырып отырғызылатын ағаштың жан-жағын арнайы машиналармен (ЭТЦ-161) қазылып дайындалады.

  3. ші мерзім наурыз айы. Бұл айда еліміздің солтүстік облыстарында қар жамылғысының қалыңдығы төмендейді. Ағашты қазып алу кезінде жолдарды тазалайды. Аяз сынып, күн көзі ұзарады. Наурыз айының соңында қар жамылғысы тез ериді. Бұл қазып алынған ағаштың топырағының еруіне әкеп соғады. Сондықтан ағаш отырғызуды наурыз айының бірінші жартысында жүргізген дұрыс.

Қыста отырғызуға төзімді ағаштарға: ұсақ жапырақты жөке, қотыр қайың, кәдімгі шетен, канада терегі, шаған жапырақты үйеңкі, кәдімгі шегіршін, өткір жапырақты үйеңкі және т.б. жатады. Қанағаттанарлық деңгейде көтеретіндерге: тікенекті шырша, сібір балқарағайы, кәдімгі қарағай жатады.
Ең басты назарда қыста отырғызылған өсімдіктің жаңа ортаға бейімделуіне жағдай жасау шаралары. Қыста отырғызылған ағаштарға ерте көктемде күтім жұмыстарын жүргіземіз. Қыста ағаш түбін үсімеу үшін қармен нығыздап жауып, көктемде тазалаймыз. Көктемде қар ерігенде үстін жапқан шымтезек үгіндісін тазалап, минералдық тыңайтқыштарды себеміз. Әсіресе көшеде отырғызылған көшеттерге күтім жұмысын жақсы жүргізу керек. Дің түбінде жиналған қоқыстар мен химиялық қосындыларды тазартып, тасып әкету керек. Вегетациялық кезең бойы топырақ бетін тазалап тұру қажет.
Топырақ кепкен соң дің түбін су тұратындай етіп үйіп, тіреу қадамен өсімдікті байлаймыз. Қисайса түзулеп шығамыз. Тамыр
мойыны топырақтан көтеріліп, тамыр жүйесі ашық болса, қосымша топырақ себеміз. Көктемде көшеттерді барлық тамыр жүйесін қамтитындай жақсылап, жүйелі суарамыз.
Кеш күзде және қыста сәнді және қылқанды ағаштарды отырғызу кезінде барлық талаптарды мұқият сақтау қажет. Аязға төзімсіз түрлердің (жылтыр және жұқа қабықты) дің бөлігін (діңі мен бұтақтарын) мүшекпен қаптап қоямыз. Бұл оларды қысқы қатты аязы мен көктемгі күннің күйдіруінен сақтайды. Қылқанды ағаш түрлерін (туя, арша, самырсын, шырша) көктемгі күннің күйдіруі мен қалың қардан, үскірік аяздан қорғау үшін барлық дің бөлігін мүшекпен немесе тығыз қағазбен орап, сыртын жұмсақ жіппен байлап шығамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет