Қ. Т. Абаева, А. Ж. ҚОжабекова



бет31/54
Дата02.02.2024
өлшемі5.76 Mb.
#490605
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54
ландшафт дизайн

гетероауксин қосу керек. Бұл қоспада тікпе тамыры бір тәулік тұрғаны дұрыс. Қоспа жаңа тамырлардың өсуіне және өсімдіктің жақсы жерсінуіне әсер етеді. Тікпені отырғызар алдында сынған бұтақтары мен бүлінген тамырларын алып тастау керек.
Көшетті шұңқырға салғанда бірде-бір тамыры қайырылып немесе жоғары қарай бағытталмауын мұқият тексеру керек. Шұңқырдың тамыр орналасқан қабатына беткі құнарлы топырақ салынады. Одан кейін топырақ қабаттары кезегімен жабылып, шетіне ортасына қарай топырақ бетін нығыздаймыз. Тамыры толық көмілген соң ағашты тіреуге жіппен байлаймыз. Шұңқыр беті толғанша су (бір ағашқа 20-30литр) құямыз. Бұл құйылған су топырақты ылғалдандырып, барлық тамыр жүйелерімен жанастырып, бос жерлерді бекітеді. Бірінші құйылған су топыраққа толық сіңіп кеткен соң, үстіне қайта топырақ себіліп, қайтара суарылады.
Отырғызылған тікпенің тамыр мойыны топырақ бетінен 3- 5см шығып тұруы керек. Тамыр мойыны көмілген көшет қурап кетеді.
Қазіргі кезде ағаш және бұталардың ірі көшеттерін бақ- саябақ құрылысында топырағымен бірге ауыстырып отырғызу вегетациялық кезеңдерде (жазда) жүргізіле береді.


Ашық және жабық тамыр жүйесімен ағаш отырғызудың ерекшеліктері.




Ағаштар мен бұталарды жаз мезгілінде ауыстырып отырғызудың ерекшеліктері.
Жазғы және қысқы мерзімде ағашты ауыстырып отырғызудың басты нәтижесі, көшетті қазып алу мен отырғызу аралығындағы уақыттың мүмкіндігінше қысқа болуында. Жазғы және қысқы мерзімде ағашты ауыстырып отырғызуға дайындау кезінде, топырақтарының көлемін 20см артық алу керек. Жазда ірі көшеттерді ауыстырып отырғызуға ыдыстар немесе топырақ шашылмайтын нығыз материалдар пайдалану керек. Ал қыс мезгілінде солтүстік облыстарда көшеттің тамыр топырағы қапталмай, қатып қалған тоң күйінде отырғызыла береді.
Жаз мезгілінде ағаштар мен бұталарды қазып алу кезінде тамыр жүйесі зақымданып, жер асты және жер үсті бөлігінің байланысы үзіледі. Бұл кезде өсімдікке ылғал жетіспейді,
жапырақтар сарғайып, түсе бастайды. Сондықтан ағашты ауыстырып отырғызуды жылдамдатып, көгалдандыру зерзатына отырғызылған соң бірден жақсылап суарамыз. Діңнің жиегін су тұратындай етіп үйіп, топырағын тегістеп, бетіне шымтезек үгінділерін себеміз.
Тамыр жүйесін тез қалпына келтіру үшін стимуляторлар қолданылады. Бұл тез өсуге арналған стимуляторлар жаңа тамырлардың дамуына ықпал етеді. Транспирация құбылысын баяулату үшін, ағаш отырғызу кезінде бөрікбасының біржылдық өркендерін қысқартып кесіп, арнайы қоспа – антитранспиранттар (Москвада қолданылады) бүркіп, бөрікбасын өңдейміз. Антитранспиранттар ағашты қазып алу және тасымалдау барысында, жапырақтың ылғалды буландыру процесін азайтады. Бұл қоспа топырақ ылғалды болған жағдайда (50-60%) ғана жақсы әсер етеді. Бұл қоспаның орнына синтетикалық латекстің судағы ерітіндісі (дисперциясы) ДММА- 65-1ГП пайдалануға болады.
Антитранспирация қоспасын орман көшетжайында бүрку алдында дайындайды. Зауыттық препарат синтетикалық латексті таза суға 1:6 немесе 1:8 қатынасты мөлшермен дайындайды. Дайындалған дисперцияға сұйық сабын немесе сабын концентраты ОП-7 (2-3%-дық ерітінді) қосылады. Қоспаны жақсылап араластырған соң, пайдалануға болады. Орман көшетжайында ағаш және бұталарды тракторларға тіркелген бүріккіштермен өңдейді.
Өсімдіктерді қоспалармен өңдеу мұқият жүргізілуі тиіс. Жапырақтың төменгі және жоғарғы беті қоспамен толық ылғалдануы керек. Өңдегенен кейінгі 3-4 сағаттан соң, жапырақ бетінде жұқа эластикалық қабат пайда болады. Бұл қабат өсімдіктердің суды буландыруын 40-60%-ға азайтады. Өңдегеннен кейін келесі күні ағашты қазып алып, көгалдандыру зерзатына апарып отырғызуға болады. Ағашты отырғызған соң жақсылап суарып, топырағын қопсытады.
Жапырақтағы антитранспирант қабаты 20-25 күнге дейін сақталады. Ал оның суды буландыруды азайту қасиеті 15-18 күнге дейін әсер етеді. Бұл өсімдіктің жаңа ортада тез тамырлануына әсер етеді. Сонымен бірге өсімдіктің жапырағы зақымдалмай, өзінің сәндік қасиетін сақтайды.
Ауыстырып отырғызу кезінде антитранспиранттарды жақсы көтеретін ағаштар: ұсақ жапырақты жөке, үшкір жапырақты үйеңкі, атбас талшын, виргиндік мойыл, ұшқат, тобылғы, чубушник және т.б.
Жаз мезгілінде ағаштар мен бұталарды отырғызу жұмысында, өсімдіктің физиологиялық жағдайына, биологиялық ерекшелігіне, ауа-райы жағдайы мен уақыт мезгілін ескеру қажет. Зерттеу нәтижелері мен тәжірибе көрсеткендей, жаз мезгілінде ағаш отырғызудың 3 кезеңі бар:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет