Көгалды күту - қаңтар, ақпан. Қысқы уақытта көгалды аса көп күтімді қажет етпейді. Алғашқы аяздардан кейін олар қысқы тыныштыққа түседі. Бұл уақытта көгалды көп қозғауға болмайды және қар қалыңдап түскенге дейін баспаған жөн. Салқын уақытта көгалға салмақ түссе көгалды зақымдайды. Сонымен қатар,салмақ түскен уақытта зақымдлған өсімдік жасушалары әр түрлі аурулардың көзі болуы мүмкін. Егерде көгалға қыста салмақ түсірілмесе және күзде тыңайтқыштар енгізілсе онда қарлы аяздар көгалға зиянды әсерін тигізе алмайды.
Күл жылыған уақытта қардың бетіне мұзды қабыршықтар пайда болады,оны міндетті түрде жарып отыру керек. Себебі,мұз қарға қарағанда ауа өткізбейді және соның салдарынан көгалдарға оттегі жетіспей қалады,осы себепті де көгалдың батіне мұзайдын жасап немесе көп мөлшерде қар төсеуге болмайды.
Наурыз айындағы көгалды күту шаралары.
Әлі де болса құрғамаған көгалдың үстімен жүруге болмайды. Көлшіктер пайда болмауын қадағалаңыз. Ауыр
топырақты аумақтарда дренаж орнату керек. Егерде дренажда болмаса суды кетіретін басқа да әдістер ойлап табыңыз.
Сәуір айындағы көгалды күту шаралары.
Топырақ беті құрғаған уақытта көгалды жөндеу жұмыстарын бастауға болады. Егерде көгалыңыз 1 жасқа дейін өспеген болса және де көлемі аз болса кесетін тырмауыштармен ғана жөндеуге болады. Ал егерде көгал толықтай шабындық шөптерді құраса онда арнайы техникасыз көгалды жөндей алмайсыз.Көгал вертикутациясы – бұл көктемгі міндетті процедура болып табылады. Бұл процессте көгалдың ауа өткізбейтін жіне тамырларға қоректік заттар мен суды өткізбей тұрған беткі бөлігін кеседі. Жұмыстарды бітіргеннен кейін міндетті түрде үстінен тырмалау керек. Вертикутацияны құрғақ күні және құрғақ топыраққа жүргізу керек.
Мамыр айындағы көгалды күту шаралары.
Көгалды кесу жұмыстары. Бірінші кесуді шөптер 7-8 см болғанда көгал кескішті 5 см биіктікке келтіріп кесу керек. Көгалды ардайым суаруды және әр 5-7 күнде кесіп отыру керек.
Суару сирек бірақ молынан суару керек. Мамыр айында көгалды қоректендіру- комплесті минералдармен (2-3 ай) жүргізіледі.
Маусым айындағы көгалды күту шаралары.
Жазғы негізгі жұмыстар ол – көгалды кесу және суару.
Көгалды кесу. Көгалды кесу (қырқу) үшін өткір көгал кескіштермен жүргізеді. Кесуді әр5-7 күнде жүргізеді.
Көгалды суару. Әр кесуден кейін барлығына суару жұмыстары жүргізіледі. Суды буланудан сақтау үшін кешкі мезгілде суарады. Маусым айындағы көгалды күту шаралары.
Кесулер ,суару,арам шөптермен күрес,көктемгі комплексті тыңайтқыштарды енгізу.
Көгалды пайдалануына қарай тығыздала береді. Соның салдарынан тамыр жүйесіне ауаның баруы қиындап топырақтың беткі бөлігінде улы қышқылдық газдар жиналады. Ол өсімдіктің өсуін және дамуын тежейді. Оптимальды ауа айналымын ұстап отыруы үшін – аэрация жүргізу керек. Әр мерзімде әр түрлі болуы мүмкін, ол топырақтың тығыздалуына байланысты. Көгалдың барлық жеріне жасау міндетті емес, тек, қатты тығыздалған жерлерде жүргізуге болады. Маусым айы жылдың ең ыстық мезгілі.
Тамыз, қыркүйек айындағы көгалды күту шаралары.
Күн сәл салқындай бастайды да көгалды жөндеуге қолайлы уақыт. Тапталған шөптерді алмастыруға болады.
Қыркүйек айында көгалдың жағдайын қадағалау керек. Фунгицитпен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Қазан айындағы көгалды күту шаралары .
Күнделікті кесу жұмыстарын жалғастырамыз. Судың балансын реттейміз. Көктемгі комплексті тыңайтқыштарды енгіземіз.
Көгалды күзе дайындау уақыты. Негізгі іс- шаралар фосфорлы – азотты тыңайтқыштарды енгізу. Олар өсімдіктің суыққа және ауруларға төзімділігін арттырады.
Қараша айындағы көгалды күту шаралары. Көгалды соңғы рет кесу.
Көгалды қысқы уақытқа кесудыің маңыздылығы зор. Оны қыс бойы 1 см өсу керек екенін есепке алған дұрыс. Қар түспес бұрын көгал шөптің биіктігі 5 см болу керек. Тым ұзын болса үсіп кетеді,ал қысқа болса ауа жеткіліксіз болады сондықтанда берілген мөлшерден кем немесе артық болмаған дұрыс.
Кесу – көгалды күтудің негізгі шараларының бірі,көгалдың тек әсемдігін ғана емес сонымен қатар арам шөптерге қарсы күрес жүргізудің бір тәсілі.
Кесуді белгілі шарттарға сүйене отырып жасау керек:
Әрқашан өткір пышақты көгал кескіті қолдану керек;
Бірінші кесуде 6-8 см төмен етпей жасау керек;
Көгал шөптері тамыр жүйесін белсенді дамытады,ол үшін оған тек су мен минералдық заттар ғана емес күн көзінің энергиясыда қажет. Сол себепті оларды тым қысқа қылып кеспеу керек.
Әр кескен кезде Әр кескен кезде шөпті 3-4 см етіп кеседі.
Шөп құрғақ кезде кесу керек.
Көгалдың өсіп кетпеу үшін арнайы бордюрлар салған дурыс.
Кеске кезде шөп жинағыш кескішті пайдаланыңыз. Ыстық және жаңбыр аз болатын аудандарда кесілген шөп қалдықтарын 2-3 күннен кейін тырмамен жинау керек. Қазіргі уақытта мульчирлік шөп кескіш көп қолданылады. Онда кесілген шөптер ұсақталып көгалды тыңайтқыш ретінде қалдырылады. Мұны құрғақ климатты аудандарда қолданған тиімді.
Суару – көгал өсіруде ең маңызды шаралардың бірі болып табылады. Суару мөлшері табиғи-климаттық жағдайға және де жүргізілген шаралардың санына байланысты,себебі кесу,себу,қоректендіруден кейін міндетті түрде суару керек. Кесу жүргізілгеннен кейін суарылса ол көгалды тез қалыптасуына,қанық түсті және жаңаруына септігін тигізеді,ал қоректендіруден кейін суару енгізілген қоректік элементтердің жібіп тамыр жүйесіне дейін жетуін жылдамдатады.
Көгалды кешке суару керек. Күндіз суарылса күннің әсерәнен қатты булану болады. Мөлшерден тыс суарудың қажеті жоқ,себебі,кейбір шөптер қатты ылғалдылықты көтермеуі мүмкін. Таулы жерлерде тамшылап суарғыштарды қолнаған жөн. Мульчирлеу—көгал бетіне жұмсақ,құнарлы топырақты үлестіру. Оның мақсаты— біркелкі емес топырақты тегістеу. Мульчерлеуге арналған әр компонент құрғақ және жұмсақ болу керек. Сазды топыраққа араналған рецепт: құмның 5 бөлігі, 3
құнарлы топырақ бөлігі және шымтезектің 2бөлігі.
Құмдақты тпырақтарға — 4 шымтезек бөлігі, 4 құнарлы топырақ бөлігі, 2 құм бөлігі. Мульчирлеуді көгалды кесіп тазартқаннан ейін күзде жүргізеді. Көгал үстіне 2-4 кг/м2 болатындай етіп біркелікі қоспаны төзеңіз.
Көгалды қоқыстан тазалау су және ауа айналымын жақсарту үшін жүргізеді. Көктемде қар ерігенде,жазда көгалды қысқартқанда, күзде жапырақ түскенде тазалайды. Тырмалар немесе көгалды сорғыштар пйдалуға болады.
Сапалы, тығыз және жұмсақ көгал тек үш – бес жыл жүйелі және жақсы күтім жасалғаннан кейін ғана өседі.
Желтоқсан айындағы көгалды күту шаралары.
Алғашқы аяздардан кейін көгал қысқы тынштық күйге түседі. Көгалға түсетін интенсивті салмақты азайту керек. Көгалдың үстімен тек қар 20 см кем болмаса ғана жүруге болады. Көгалға күтім жасау, бұл климаттық және топрырақтық факторлардың өсімдіктерге кері әсерін азайтып оларға өсу үшін қолайлы орта жасау. Өсімдіктерге жеткілікті ылғалмен,қажетті қоректік заттармен және ауа айнылымы жақсы болумен қаматамасыз ету керек,яғни көгалдың өсіп өнуіне қолайлы орта
жасау.