1-құрылыстар, 2-өтпелі аркалар, 3-бассейн, фонтандар, 4- сауырағаштар, 5-арша, 6-мандарин, 7-самшит, 8-олеандр, 9- құрма, 10-інжір, 11-гибискус, 12-магнолия, 13-гүлзар, 14- лалагүл.
10-сурет. Жапондық бақтың жоба-схемасы. 1-тасты плиталар, 2-тасты тротуар, 3-бамбуктен тоқылған шарбақ, 4-тасты соқпақ жолдар, 5-суқоймалар, 6-биік мәңгі жасыл өсімдіктер, 7-әдемі гүлдейтін ағаштар (сакура, сары өрік), 8-мәңгі жасыл әдемі гүлдейтін өсімдіктер (камелия, магнолия), 9-әдемі жапырақты ағаштар (үйеңкі, қара өрік), 10-тастар арасындағы бамбук, 11-сары өрік, 12-аласа ағаштар (самшит), 13-жапондық спирея, 14-гүлдер (ирис).
Жапон бақтары – табиғатты бір орыннан қозғалмай тамашалауға арналған жер. Оның ауданы бірнеше шаршы метрді ғана құрайды, ғимарат алдына не ішкі аулаға микросаябақтар жасауға болады. Онда түзу сызықтар сирек қолданылады. Көбінесе тас пен қиыршық тастан, мүк пен аласа өсімдіктерден, өсу және гүлдеу кезеңдерін ескеріп отырғызылған ағаш топтарынан құралатын асимметриялы композициялар болады. Бос кеңістік – газондар, құм, қиыршық тас – көп орын алады.
Жердің тапшылығы мен демалыстың табиғатты тамашалау сипатын иеленуі композициялық шешімдерге ықпалын тигізді – жапондық бақтың кеңістігі тар болғанымен, пейзаж түзуде жекелеген бөлшектерді әрлеу мен сәндеуге көп көңіл бөлінеді.
Бақты жобалау кезінде оның қай жерде орналасатынын (жеке меншік үй-жай, кеңсе, саябақ т.с.с.) және оның көлемі мен пішінін, композициялық стилін ескере отырып, географиялық тұрғыда қалай орналасатынын анықтап алу қажет.
Бақтың жері 9 төртбұрышқа бөлініп, олардың 4-уі басты болып белгіленеді де, олардың 1-іне орталық элемент (мысалы, ірі тас) орнатылады. Содан соң келешек бақты қиғашынан екі бөлікке бөледі де, басты бөлігіне көптеп өсімдіктер отырғызады (орман), суат орнатуға да болады, екінші бөлігін, керісінше,
«саябақ» немесе «көгал» ретінде айтарлықтай бос қалдырады.
Әдетте композиция тастардың тақ санынан (жеті, бес, үш) құрастырылады. Мысалы, бірінші нұсқасында тастар 3-2-2 немесе 2-3-2 үлгісі бойынша топтастырылады. Әсіресе үш тастан тұратын композиция кең тараған (олардың бірі басты тас болады). Тастар жердің бетіне қойылады немесе жартылай жерге отырғызып орнатылады. Тастардың арасындағы кеңістікке шөп егіліп, бұталар отырғызылады. Тастан жасалған саяжолдар мен біраяқ жолдар – жапон бағының ажырамас бөлігі. Теңіз символы болып табылатын құм, ұсақ тастардан «баяу» немесе тау ағысы іспеттес құралған «құрғақ» бұлақ кең қолданылады. Тоғанның пішіні қисық сызықтардан тұрады (шөптер мен бұталар өсетін кіші-гірім аралдар, тастардан мұнара жасауға болады). Суаттың жағалауы тастармен, шөптесін өсімдіктермен (жыланқияқ, гемерокалис) нығайтылады. Өсімдіктерді климат пен топырақты ескере отырып таңдау қажет. Мысалы, оңтүстік аймақтарда мәңгіжасыл өсімдіктерді (аспидистра, аукуба, камелия, магония, таураушан) қолдануға болады (10, 11-суреттер).
Достарыңызбен бөлісу: |