Қ. Т. Абаева, А. Ж. ҚОжабекова


сурет. Вилланың ландшафтық дизайны (Регулярлы стиль)



бет50/54
Дата02.02.2024
өлшемі5.76 Mb.
#490605
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
ландшафт дизайн

сурет. Вилланың ландшафтық дизайны (Регулярлы стиль)






  1. сурет. Лю в Су-Чжоу Қытайдағы кіші бақтың ландшафтық дизайны (2 га).

1-Жапырақты ағаштар; 2-суқоймалар; 3-алаң; 4-бұлақ; 5- тастар; 6-қылқанды ағаштар; 7-күркелер (беседки); 8- галереяға өту; 9-қартайған ағаштардың шиеленісіп өсуі; 10- тау келбетіне қосылып жасалған кино зал; 11-12- салқындайтын платформа; 13-жабық дәліздер; 14, 15-ұзақ демалатын күркелер (беседка), 16-бақтың желдеткіш павильоны, 17-18-бұрынғы ормандағы бұлақ павильоны, 19- аспан әлемін тамашалайтын күркелер, 20-қар мен жаңбырды тамашалайтын күркелер, 21-Тыныштанатын күркелер.



8-сурет. Шығыс стиліндегі бақтың ландшафтық дизайны


1-құрылыстар, 2-бассейн, 3-дуал, 4-төсем, 5-арық, 6-ірі ағаштар (платан, тұт ағашы), 7-жемісті ағаштар, 8-туя, 9-арша, 10-тастар, 11-клумба, 12-інжір, 13-шабдалы, 14-жүзім, 15-күйдірген саздан істелінген горшок, 16-жасмин, гибискус, 17-гүлзар
Испан-мавритандық бақ – «патио» стиліндегі бақ суатпен, қалың өскен ағаштармен, бұталармен, құмыраларға өсірілетін гүлдермен, төсемі әртүрлі болып келетін жолдармен сипатталады.
Оның бір мысалы – Испаниядағы араб мәдениетіне жататын (ХІІІ-ХІҮ ғғ.) бақтар, мысалы, Гренададағы Альгамбра сарайының бақтары. Салқын суы, жеміс-жидектері, хош иісті гүлдері көз қуантып, көңіл хошын кіргізетін Мавритания бақтары мұсылман ұғымында жердегі жұмақ іспеттес болған.
Бұл композицияны әртүрлі суаттар (хауыздар, субұрқақтар, сарқырамалар) орнатылып, аса биік емес қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар мен әдемі гүлдейтін және сәнді жапырақты бұталар (олеандр, алхоры, цитрустар, магнолия, шәмшат, гибискус) отырғызылған, қырқылған жасыл желекті (боз арша, мирт, лаврлы ағаш, шәмшат, қабыржық) шағын (150-200 ш.м.) аулалар түрінде жасауға болады. Онда гүлдің орны ерекше

  • вазондар мен құмыраларға отырғызылған гүлдердің (қазтамақ, доротеантус, нигелла, шырмауық, жалбыз, сантолина т.б.) өте көп болғаны жақсы.

Саяжолдар мен алаңдардың төсеміне баса назар аударып, түрлі-түсті қиыршық тастан күрделі ою-өрнекті әртүрлі суреттер салу керек.
«Патио» бақтарының барлығы бір идеяға бағынуы тиіс, ол

  • жекелеген бөліктерін оқшаулап, үйдің ішкі кеңістігінің жалғасы ретінде, оны тұрғын жай не мейрамхана ретінде қолдануға арналғандай етіп орналастыру (9-сурет).

Жапондық төбешікті бақ стиліндегі кіші бақ (Со стилі). Бұл композицияда табиғи төбешіктер, жартастар, шағын суат болады. Бақта көбінесе мәңгіжасыл өсімдіктер (қарағай, арша, криптомерия), сакура шиесі, үйеңкі, магнолия, т.с.с. өсіріледі. Жалпы түсі – жасыл-сұр. Жолдарға тақта тас, ірі тастар, құм, мүк салынады. Дизайнда ашық (көгалдар), жартылай ашық (саябақ) және жабық (орман) кеңістіктер орын алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет