Тұжырымдар
1. Айтысты жанрлық жақтан тек екі-ақ түрге бөлуге болады. Бірі, ақындар айтысы, айтыстың бұл түрі тек өлеңмен айтылады, кемелді екі ақынның арасында болады. Екінші, шешендер айтысы қара сөзбен айтылады. Жалпы адамзат тұрғысынан қарағанда айтыстың бұл түрі барлық халықта болған және бола беретін түр. Қазақ арасында мұндай айтысқа қатысушылар дауға түсетін шешендер, өзара әзілдесетін құрбы-құрдастар болып жалпы халықтық сипат алатын түрге жатады. Қара сөз айтысының қалыптасып дамуында қазақ билерінің ұстайтын орны ерекше екенін де еске алған дұрыс.
2. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрып салтына байланысты туған айтыстарды мазмұнына қарай бірнеше тақырыптарға бөлеміз. Солардың ішінде бастылары: “жар-жар”, “бәдік айтысы”, “қыз бен жігіт айтысы”, “дін айтысы”, “жұмбақ айтысы”. Бұл арада, қайталау түрінде, “жар-жар” мен “бәдік” – айтыс өлеңдерінің ең ескі, алғашқы үлгілерінен саналатындығын ескертпекпіз.
Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама
Студент айтыс түрлерін, ерекшеліктерін, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрып салтына байланысты туған айтыстардың көркемдігі мен тарихи негіздерін білуі қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Әуезов М. Әдебиет тарихы . А., 1991.
Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. А., 1973.
Жармұхамедов М. Айтыстың даму жолдары. А., «Ғылым», 1976.
Ысмайылов Е. Ақындар. А., ҚМКӘБ, 1956.
Көкейкесті әдебиеттану. 3-кітап. Ас., «Күлтегін», 2003.
4-дәріс. АЙТЫС ӨНЕРІНІҢ ТЕКТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ
Мақсаты: суырыпсалмалықтың ерекшеліктері, айтыс өнерінің ерте кездегі классификациясы, қазіргі классификация туралы түсінік беру
Сұрақтар:
Айтыс өнерінің тектері мен түрлері.
Суырыпсалмалықтың түрлері.
Айтыс өнерінің орта ғасырлардығы классификациясы.
Айтыс өнерінің қазіргі классификациясы.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар тізбесі: суырыпсалмалылық, классификация, түре айтыс, сүре айтыс, жұмбақ айтыс, сахна, сатира.
Достарыңызбен бөлісу: |