469. Білуге тиіс:
жасалатын бұйымдардың құрылысы және оларды жасаудың техникалық шарттары;
қолданылатын балқымалардың технологиялық ерекшеліктері;
қолданылатын жабдықтар мен аспаптарды толық баптау мен диагностикалау әдістемесі;
ұшу аппараттарының сынақ үлгілерін жасау кезінде және басқарушы бағдарламаларды әзірлеу кезінде тойтару режимдерін өңдеу ережесі;
құрылымның өзгеру бюллетеньдері бойынша жұмыс істеу ережесі;
жасалатын өнімнің сапасын бақылау әдістері;
техникалық ілеспе құжаттаманы ресімдеу ережесі мен тәртібі.
470. Орта кәсіптік білім талап етіледі.
1. Сынаушы слесарь
Параграф 1. Сынаушы слесарь, 4-разряд
471. Жұмыс сипаттамасы:
авиациялық арнайы бұйымдарды гидрожүйесі күрделі және қысымды өлшеу дәлдігі жоғары стенділерде сынау;
күрделі авиациялық нысандарды сынауға дайындау оларды стенділерде монтаждау, сынауға қатысу;
авиациялық рычаг жүйелерін, тораптары мен агрегаттарын статикалық сынау кезінде құрастыру және монтаждау;
авиациялық қосалқы агрегаттарды олардың өлшемдерін реттей отырып, жұмыс режимін орната отырып, іске қосу;
сынау кезінде қысымды толтыру және әперу гидрожүйесінің агрегаттарын басқару;
жанармай жүйесі агрегаттарын белгіленген бағдарлама бойынша стенділер мен камераларда әртүрлі температуралық жағдайларда сынау;
авиациялық бөлшектер мен агрегаттардың қысылып-ашылуын сынау;
авиациялық агрегаттарды, ыдыстар мен бұйымдардың төзімділігі мен герметикалығын қысыммен гидравликалық және пневматикалық сынау;
авиациялық нысандарды сынауға дайындау: техникалық жағдайын тексеру, ерітіндімен жуу, өңдеу, кептіру, анықталған ақаулықтарды жою; өлшеу аспаптарымен, құрылғыларымен жинақтау.
472. Білуге тиіс:
сыналатын нысанның құрылысы, оның негізгі бөліктерінің өзара әрекеттесуі, олардың жұмыс жағдайы;
әртүрлі сынақтардың мақсаты; артушы механизмдерде жұмыс істеу ережесі;
негізгі құрылымдық материалдар мен олардың ерекшеліктері;
қолданылатын қосалқы материалдардың, сұйықтықтардың, майдың, газдың қасиеттері және олармен жұмыс істеу ережесі;
слесарлық - монтаждау құралдарын пайдалану ережесі;
бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс қағидаты және оларды пайдалану ережесі; жиынтық сызбалар мен қағидаттық схемаларды оқу ережесі; жүргізілетін сынақтардың әдістемесі;
жабдықтарды сынауға дайындау тәртібі;
арнайы бұйымдардың анықталған ақаулықтарын жою тәсілдері;
газ бен сұйықтық физикасының негізгі заңдары;
гидравлика, пневматика, электротехника және электромеханика, электроника және автоматика негіздері.
473. Жұмыс үлгілері:
1) көлемі мен пішіні әртүрлі жанармай және май бактары – жанармайға төзімділігін, дірілін, төзімділігі мен герметикалығын кешенді сынау;
2) форсаждық және жанармай коллекторлары - герметикалығын, өнімділігін, әркелкілігін тексеру;
3) май сорғылар – герметикалығын сынау;
4) келте құбырлар - төзімділігі мен герметикалығын сынау;
5) жоғары қысымды құбыр өткізгіштер – сынауға дайындау, сынау;
6) шағын қуатты цилиндрлер – реттеу, сынау.
Параграф 2. Сынаушы слесарь, 5-разряд
474. Жұмыс сипаттамасы:
қарулану жүйесін қоса алғанда, авиациялық техниканың бөлшектерін, тораптары мен механизмдеріне күрделі сынаудың бір, екі типтерін жүргізу;
діріл және соғу жабдықтарын дайындау, баптау, сынау құрылғыларының, стенділер мен нысандардың жұмысын сынау кезінде көзбен шолып бақылау;
дірілге төзімділігін, дірілге беріктігін және соққыға беріктігін сынау үшін құрылғылардың, рамалардың, жабдықтарды құрастыру бірлігіне, стенділдерге монтаждау;
ГТД табиғи бөлшектерін, қалақтарының тозуын сынау;
тензоаппаратураны баламалау, өлшеу тізбегін құрастыру;
турбиналардың жұмыс қалақтарының жеке тербелу жиілігін діріл стендінде анықтау;
сыналатын бұйымдардың ақаулықтарын анықтау және жабдықты регламенттеу жұмыстарын жүргізу; сыналатын нысандарды техникалық талаптарға сәйкес өлшеу және өлшемдерін жазу;
құрастырылған агрегаттар мен жүйелерге толық кешенді сынақ жүргізуге қатысу.
475. Білуге тиіс:
сыналатын нысандардың құрылысы;
авиациялық бұйымдарды сынауға қойылатын техникалық талаптар;
қолданылатын стенділердің құрылғылар мен арнайы құралдардың мақсаты және пайдалану ережесі;
жазу және бақылауға арналған бақылау-өлшеу аспаптарының (аппаратурасының) жұмыс қағидаты;
сыналатын стенділер мен құрылғыларды реттеу тәсілдері;
нысанды сынауға дайындау тәртібі;
сыналатын авиациялық бұйымдардың ақаулықтарын жою тәсілдері;
шектеулер мен қондыру жүйесі;
механика, электромеханика, гидравлика, электроника, баллистика, автоматика және есептеуіш техника негіздері.
476. Жұмыс үлгілері:
1) гидроаккумуляторлар, цилиндрлер, шасси тіреуіштері, сорғылар, мембраналық тораптар – реттеу, сынау;
2) домкраттар, парашюттік- тежеуіш сыдырмалар – тексеру, сынау;
3) қайық, сақтандырғыш, редукциялық, электромагниттік клапандар - сынау;
4) тежегіш дөңгелектер, қысым реттеуіштер - реттеу, сынау;
5) негізгі және форсаждық коллекторлар – сынау, өлшемдері бойынша жетілдіру;
6) электромагниттік және құю крандары - сынау;
7) компрессор қалақтары – тербелістердің жиілігі мен формасын белгілеу;
8) гидравликалық, механикалық, ауа редукторлары – сынау;
9) әртүрлі жиілік және амплитуда жағдайында дірілін сынауға арналған стенділер - монтаждау және құрастыру.
Параграф 3. Сынаушы слесарь, 6-разряд
477. Жұмыс сипаттамасы:
жалпы авиациялық бұйымдарға: ұшу аппараттарына, қозғалтқыштарға, қарулану жүйесіне, бустерлік және гидравликалық жүйеге күрделі механикалық, динамикалық, статикалық, ресурстық, климаттық және кешенді сынақ жүргізу;
эксперименталды авиациялық нысандарды сынауға қатысу;
арнайы аспаптарды, құрылғылар мен стенділерді пайдалана отырып, сыналатын авиациялық нысандардың техникалық өлшемдерін өлшеу және жазу;
сыналатын нысандардағы, пайдаланатын жабдықтар мен аспаптардағы ақаулықтарды анықтау және жою;
арнайы стенділерде, құрылғылар мен жүйелерде регламенттік жұмыстарды орындау;
микропроцессорлық, есептеуіш техника мен автоматтық жүйені пайдалана отырып, сынақ жүргізу;
авиациялық нысандарды биікте сынаған жағдайда жабық контурдағы белгіленген ыдыратуды реттеу;
технологиялық жабдықтарды сынау кезінде оның жұмысын бақылау және реттеу;
сыналатын нысандардың техникалық өлшемдерін жазушы және тіркеуші аппаратуралар мен аспаптардың көрсеткіштерін жазып көрсете отырып, талдау;
күрделі сынақ схемаларын, жабдықтың барлық жүйелерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ете отырып монтаждау;
стандарт емес авиациялық сынау нысандарына арналған технологиялық құрылғылар мен аспаптарды құрастыру, монтаждау, баптау.
478. Білуге тиіс:
сыналатын нысандардың құрылысы мен жұмыс қағидаты;
әртүрлі мақсаттағы нысандардың құрылымдық ерекшеліктері;
сыналатын жабдықтар мен өлшеу құралдарының, қосалқы жабдықтардың құрылысы;
сынақ жүргізу әдістемесі және сынау жабдықтарын пайдалану бойынша нұсқаулық;
күрделі авиациялық нысандарды сынаудың монтаждық схемасы;
сыналатын авиациялық нысандардың бұйымдарда жұмыс істеу шарттары;
сыналатын авиациялық жүйелер мен агрегаттарды құрастыру және монтаждау тәртібі;
сыналатын жүйелер жұмысындағы ықтимал ақаулықтар және оларды жою тәсілдері;
регламенттік жұмыстардың технологиясы;
микропроцессорлық және есептеуіш техникамен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері;
сертификатталған бұйымдар туралы түсінік;
күрделі монтаждық және қағидаттық схемаларды оқу ережесі;
механика, электроника, электромеханика, радиотехника, автоматика, жылу техникасы, гидравлика негіздері.
479. Орта кәсіптік білім талап етіледі.
480. Жұмыс үлгілері:
1) жанармай автоматикасының агрегаты – сынау, реттеу;
2) трансмиссия агрегаты – қызмет етуін тексеру, тексеру;
3) электромагниттік клапандардың блоктары - құрастыру, жетілдіру, сынау;
4) шығару клапандары – реттеу;
5) шасси сыдырмасы – сынау, реттеу;
6) катапульттелетін отырғыштар, пироұштар сынау, реттеу;
7) ауа дірілдеткіштерінің жетектері – ақаулықтарды айқындау және жою;
8) тартуды өлшеу жүйесі – баптау, баламалау, ақаулықтарды анықтау және жою;
9) айналдыру сәтін бақылау жүйесі - баптау, баламалау, ақаулықтарды анықтау және жою;
10) жанармай сорғылар, жанармайды жұмсау реттеуіштер, май агрегаты – реттеу, сынау.
Параграф 4. Сынаушы слесарь, 7-разряд
481. Жұмыс сипаттамасы:
қыздыру жүйесін монтаждай отырып, шино өткізгішті есептей отырып және жіктегі сәуле ағынының біркелкілігін бақылай отырып жоғары дыбыстық ұшақтарға арнайы сынақ жүргізу;
автоматтық тиеу жүйесін баптау және реттығын жұбын тығыз қиюластырып және жетілдіру отырып, басқару агрегаттарын реттеу;
жөндеуден кейін немесе жекелеген тораптарды қалпына келтіруден кейін күрделі авиациялық жабдықтардың негізгі жұмыс сипаттамаларын ала отырып сынау;
күрделі электрондық құрылғылар мен микропроцессорлық техниканың жұмысын диагностикалау;
аналогтық - сандық түрлендіргіштерді жөндеу, баптау және реттеу;
сынау нысанының қызмет ету режимін немесе оларды сынау, орнату және пайдалану технологиялық процессін үздіксіз жүргізу шарттарын өзгертуге арналған күрделі қосалқы құрылғыларды жасау, құрастыру және баптау;
арнайы күрделі стенділерге алдын ала қызмет көрсету және арнайы күрделі стенділер мен құрылғыларды, құралдарды жоспар бойынша жөндеу; әртүрлі автомат құрылғыларды, криогендік жүйені, көлемі шағын вакуум камераларын монтаждау, сынау, жетілдіру және реттеу;
салмағы үлкен авиациялық бұйымдарды сынауға арналған жабдыққа орнату және монтаждау;
сынау нәтижесін жазып көрсету (осциллограмма, магнитограмма, кестелер, түрлендіргіштер мен тағы басқа);
техникалық құжаттаманы ресімдеу.
482. Білуге тиіс:
сыналатын бұйымдардың құрылысы мен олардың жүйесі;
сынау жүйелерінің, стенділер мен құрылғылардың құрылысы, олардың техникалық мүмкіндіктері, сынау кезінде режимдерді баптау және реттеу тәсілдері;
қосалқы сынау жабдықтарының құрылысы және жұмыс қағидаты;
сынақ жүргізу әдістерінің ерекшеліктері;
тиеу, үстінен үрлеу, қыздыру, салқындату және вакуумдеу жүйелерінің құрылысы және қызмет ету қағидаты;
эксперименталдық стенділерді ақауланудан қорғау қағидаты; вакуумдық камералардың, криогендік құрылғылардың, қоректендіру көздерінің, гидроблоктардың, автоматтық тиеу жүйесінің, май сорғылардың, вакуумдық сорғылардың құрылысы мен жұмыс қағидаты;
электрондық жүйені диагностикалау әдістері;
электрондық, электр және кинематикалық жүйені оқу ережесі;
қолданыстағы конструкторлық құжаттама, сыналатын бұйымдардың техникалық құжаттамасы және оларды ресімдеу ережесі;
сыналатын бұйымдар бойынша күрделі регламенттеу жұмыстарын жүргізу технологиясы;
сертификатталған бұйымдарға қойылатын негізгі талаптар;
механика, электроника, электромеханика, гидравлика, баллистика, метрология, жылу беру негіздері.
483. Орта кәсіптік білім талап етіледі.
484. Жұмыс үлгілері:
1) қозғалтқыштың өлшемдерін түрлендіру блоктары – ақаулықтарды анықтау және жою;
2) ауаға жарамды, көтеруші бұрандалар – динамикалық теңгерімдеу;
3) авиациялық қозғалтқыштардың гидроцилиндрлері – сынау, түйісетін бөлшектерді жетілдіру арқылы жанармайдың жұмсалу біркелкілігін реттеу;
4) реттеуші және тіркеуші электрондық өлшеуіштер – баптау, баламалау, ақаулықтарды табу және жою;
5) қозғалтқыштардың электрондық реттеуіштері – пульті бойынша өлшемдерін алу, ақаулықтарды табу және жою;
6) қозғалтқыштарды бақылаудың борттық жүйесі – баптау, ақаулықтарды табу және жою;
7) шассидің амортизациялық тіреуіштері – сынау кезінде жұмысқа жарамдылығын жетілдіру және реттеу;
8) гидробассейнде ұшу аппараттарын сынауға арналған құрылғылар – монтаждау, жұмысты жолға қою және ақаулықтарын жою.
Параграф 5. Сынаушы слесарь, 8-разряд
485. Жұмыс сипаттамасы:
космостық жағдай (терең вакуум, жоғары және төменгі температуры) жасай отырып, авиациялық нысандарды сынау;
стандарт емес өлшеу құрылғыларын жасау, оларды тексеріп көру, градуирлеу және пайдалану;
эскиздер бойынша монтаждау, күрделі стенділерді, үлкен вакуумдық камераларды, криогендік құрылғыларды, шетелдік жабдықтарды қамтитын автоматты басқару жүйесі бар құрылғыларды баптау;
импорттық авиациялық жабдықтарды жандандыру;
оларға физиологиялық сынақ жүргізген кезде эксперименталды жабдықтардың механикалық, электр, пневмогидравликалық және басқа да жүйелерінің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ету;
кешенді механикалық-климаттық әсер ететін стенділерді толық баптау, реттеу және пайдалану;
діріл жабдықтарын аттестаттау (сенуші құқығымен);
авиациялық қуатты жабдықтар мен қыздыру құрылғыларының төзімділігін есептеу;
ішкі агрегаттардан (қозғалтқыштар, контейнер, арнайы бұйымдар және тағы басқа) авиациялық каркасталған құрылымдардан тиеу жүйесін шығаруға арналған трассаны қағып жасау бойынша техникалық есептерді орындау;
кинематикалық схемасы күрделі тиеу жүйесі мен қыздыру жүйесінің механикалық, гидравликалық жобалары әзірлеуге қатысу;
стенд жүйелерін сынау кешеніне байлау;
сынау жабдықтары жұмысындағы ақаулықтар мен істен шығуларды талдау.
486. Білуге тиіс:
сыналатын бұйымдардың құрылымы, олардың әрекет ету қағидаты, штаттық қызмет ету технологиясы, жұмыс режимдері және олардың шекті кемшіліктері;
эксперименталды жабдықтардың техникалық сипаттамасы, өлшемдерінің шекті сипаттамасы;
сынау процессінің технологиясы, сынақ жүргізу әдістемесі;
қосалқы жабдықтардың (сұйық газы бар резервуарлар, Дюар ыдысы, вакуумдалған азық-түлік құбырлары, жылу алмастырғыштар және тағы басқа) қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету ережесі;
сыналатын стенділер, құрылғылар мен сыналатын нысандар бойынша регламенттеу жұмыстарын орындау тәртібі;
сертификатталған бұйымдарға қойылатын талаптар;
механика, электроника, электротехника, автоматика, бағдарламалау, баллистика, гидравлика негіздері.
487. Орта кәсіптік білім талап етіледі.
488. Жұмыс үлгілері:
1) жаңа техника бұйымдары, тораптары мен агрегаттары – кешенді сынау;
2) кең жолақты діріл кезінде автоматты басқару құрылғыларының жүйесі – баптау, тесттерді қалыптастыру, магнитотесттерді жазу, амплитудалық-жиілік сипаттамасын талдау;
3) сынау стенділері – жаңа техниканы игеру кезінде құрылғыларды құрастыру, монтаждау, жетілдіру.
1. Авиациялық аспаптарды жөндеуші
слесарь – механик
Параграф 1. Авиациялық аспаптарды жөндеуші
слесарь - механик, 3-разряд
489. Жұмыс сипаттамасы:
күрделілігі орташа авиациялық аспаптарды бөлшектеу;
аспаптық жабдықтардың жиынтықтығын анықтау, ұшу аппаратынан алу, жөнделетін авиациялық аспаптар бөлшектерінің негізгі ақаулықтарын анықтау;
күрделі емес аспаптарды жөндеу, құрастыру және сынау;
жұмсақ дәнекермен дәнекерлеу, электр схемасының жекелеген элементтерінің дәнекерін алу;
электр аспаптарына арналған күрделі емес электр сымдарын жасау;
күрделілігі орташа авиациялық аспаптардың консервациялануын жазу және консервациялау;
авиациялық аспаптарды сынау құрылғылары мен стенділерінің, техникалық құжаттаманың көмегімен сынау және тексеру;
күрделі емес слесарлық - монтаждау жұмыстарын орындау.
490. Білуге тиіс:
күрделі емес авиациялық аспаптардың мақсаты, жұмыс қағидаты мен құрылысы;
аспаптық жабдықтардың алынған тораптарын бөлшектеу технологиясы; авиациялық аспаптарды жөндеудің техникалық шарттары;
шектеулер мен қондырмалар, бетті өңдеу өлшемдері туралы негізгі мәліметтер;
жөндеу кезінде қолданылатын аспаптардың, тығыз қиюластыратын, тығыздату, майлау, оқшаулау материалдары мен бөлшектерді тазалау үшін қолданылатын материалдардың мақсаты;
металл коррозиясының себептері және олардың алдын алу тәсілдері;
дәнекерлеу технологиясы және дәнекер құрамы;
негізгі электр жөндеу жұмыстарының негізгі технологиялық операциялары;
негізгі слесарлық және бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережесі;
авиациялық аспаптарды тексеруге арналған күрделі емес стенділер мен құрылғылардың құрылысы;
механика және электротехника негіздері.
491. Жұмыс үлгілері:
1) амперметрлер, вольтметрлер, қысым сигнализаторы – бөлшектеу, жөндеу;
2) қосымша кедергі блоктары – дәнекерін ашу;
3) бұрыштық желілік қозғалу датчиктері – жөндеу, құрастыру;
4) ауа және гидравликалық манометрлер - жөндеу, құрастыру;
5) қарапайым ауыстырып қосқыштар – бөлшектеу, жөндеу;
6) қысым қабылдағыштары – жөндеу;
7) авиациялық аспаптардың амортизациялық рамалары, амортизациялық панельдер, отырғызу алаңдары – жөндеу, бекіту;
8) ауаны бақылау аспаптарының көрсеткіштері – құрастыру, жөндеу;
9) ауа жабдықтарының шлангтары – тексеру, ауыстыру;
10) автоматика жүйесінің электрондық блоктары – бөлшектеу.
Параграф 2. Авиациялық аспаптарды жөндеуші
слесарь - механик, 4-разряд
492. Жұмыс сипаттамасы:
күрделілігі орташа авиациялық аспаптарды, оттегі аппаратурасы мен отқа қарсы жүйелері құрылғыларын жөндеу, құрастыру және сынау;
монтаждау сымдары мен радиоэлементтерді дәнекерлеу;
күрделі авиациялық аспаптарды бөлшектеу;
жөнделетін аспаптардың техникалық жай-күйін анықтау;
қызмет көрсетілетін жабдықтардың, стенділері мен аспаптардың ақаулықтарын анықтау;
карталарды, формулярлар мен жөндеу аттестаттарын ресімдеу.
493. Білуге тиіс:
жөнделетін ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарындағы авиациялық аспаптардың, оттегі аппаратурасы мен отқа қарсы жабдықтарды мақсаты, құрылысы, жұмыс қағидаты, орнату және бекіту орны;
жөнделетін аспаптардың негізгі ақаулықтары және оларды жою әдістері;
күрделілігі орташа жөнделетін авиациялық аспаптарды жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау технологиясы;
аспаптық жабдықтарды пайдалану ережесі;
жөнделетін авиациялық аспаптардың техникалық шарттары;
жөнделетін авиациялық аспаптар мен агрегаттарды реттеу және тексеру әдістемесі;
металл, балқымалар мен аспаптық жабдықтарда қолданылатын металл емес материалдардың қасиеттері мен негізгі өңдеу тәсілдері;
тығыз қиюластыру, майлау, тығыздату және негізгі материалдардың қасиеттері, маркалары мен мақсаты;
күрделілігі орташа сынақ стенділері мен тексеру аппаратурасының мақсаты, құрылысы, жұмыс қағидаты, пайдалану ережесі;
технологиялық құжаттама;
қабылдап - тапсыру актілерін дайындау ережесі;
механика және электротехниканың негізгі заңдары;
электроника, автоматика, гироскопия негіздері.
494. Жұмыс үлгілері:
1) акселерометрлер – жөндеу, құрастыру;
2) автопилот агрегаты – бөлшектеу;
3) баpocпидографтар - жөндеу, құрастыру;
4) қоректендіру блогы - құрастыру;
5) фазалық сезімтал түзеткіштің блоктары - құрастыру;
6) сүзгі блоктары - жөндеу, құрастыру;
7) діріл, биіктік, жылдамдық, ағын қарқыны датчигі – жөндеу;
8) курстық жүйе және тік бағыттың индукциялық датчиктері – жөндеу;
9) шабуылдау және сырғу бұрыштарының датчиктері – жөндеу, құрастыру, реттеу;
10) керосин өлшеуіштер, май өлшеуіштер – жөндеу, құрастыру, тексеру;
11) тік бағыт – бөлшектеу;
12) турбостартерлердің термометрлері – жөндеу;
13) бұрылысты нұсқағыштар, тахометрлер, температураны реттеуіштер – жөндеу, құрастыру.
Параграф 3. Авиациялық аспаптарды жөндеуші
слесарь - механик, 5-разряд
495. Жұмыс сипаттамасы:
күрделі авиациялық аспаптарды, авиациялық техника механизмдері мен құрылғыларын жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау;
оттегі аппаратурасының құрылғыларын жөндеу және баптау;
гиротораптары мен гироскоптарын теңгерімдеу машинасында теңгерімдеу;
авиациялық аспаптардың жұмысқа жарамдылығын ұшу аппаратында тексеру;
интегралдық схемаларды дәнекерлеу;
авиациялық аспаптардың істен шығуын тудыратын себептерді анықтау;
авиациялық аспаптарды реттеу және сынауға арналған құрылғылар мен құралдарды құрастыру және монтаждау;
слесарлық жұмыстарды, тегістеуді, жылтыратуды, авиациялық бұйымдар бетінің 6-7 квалитетін қамтамасыз ете отырып орындау;
қолданылатын стенділер мен аудару құрылғысын градуирлеу, баламалау.
496. Білуге тиіс:
авиациялық аспаптарды, оттегі аппаратурасының мақсаты, құрылысы, жұмыс қағидаты, техникалық деректері мен пайдалану ережесі;
гироскоптың негізгі қасиеттері және гироскопиялық аспаптардың жіктемесі;
автоматика элементтерінің әрекет ету қағидаты;
аспаптық жабдықтардың техникалық шарттары, жөндеу, құрастыру, реттеу, жетілдіру технологиясы;
авиациялық аспаптардың негізгі ақаулықтары мен оларды жою әдістері;
аспаптардың ақаулығын анықтаудың негізгі әдістері;
авиациялық аспаптар бөлшектерінің антикоррозиялық және лакты сыр қабатының ақауын табу және қалпына келтіру әдістері;
металды термоөңдеу түрлері; аспаптық жабдықтарды дәнекерлеу технологиясы;
күрделі және дәлме-дәл аспаптар мен құрылғылардың, стенділер мен тексеру құрылғыларының құрылысы, жұмыс қағидаты, реттеу және пайдалану ережесі;
жөндеу технологиясына енгізілмеген пысықтаулар бойынша нормативтік құжаттар;
механика, электромеханика, гироскопия, оптика, электроника негіздері.
497. Жұмыс үлгілері:
1) автоматты басқару жүйесі – жекелеген аспаптарды жөндеу, құрастыру;
2) жылдамдық ағыны датчиктерінің блоктары – жөндеу, құрастыру;
3) нақты ауа жылдамдығының блоктары – жөндеу, құрастыру;
4) түзету және байланыс блоктары – жөндеу, құрастыру;
5) даярлық сигналының блоктары – жөндеу, құрастыру;
6) гировертикальдарды келісу блоктары – жөндеу, құрастыру;
7) биіктің өлшеуіштер, биіктік сигнализаторлары – құрастыру;
8) гидрополукомпастар – жөндеу, құрастыру, реттеу;
9) қозғалтқыш білігінің, тахометрдің айналыс датчигі – жөндеу, құрастыру, реттеу;
10) жанармай өлшеуіштердің датчиктері – жөндеу, құрастыру;
11) электрлік, дистанциялық бірізді манометрлер – жөндеу, құрастыру, реттеу;
12) өздігінен жазғыштар – жөндеу, реттеу;
13) крен мен тангаж нұсқаулықтары, қоректенудің бұзылу сигнализаторы - жөндеу, құрастыру;
14) фотосезімтал түзеткіштер – жөндеу, реттеу;
15) астрокомпастардың фотосезімтал элементтері – жөндеу, құрастыру;
16) авиациялық сағат, хронометр – жөндеу, құрастыру.
Параграф 4. Авиациялық аспаптарды жөндеуші
слесарь - механик, 6-разряд
498. Жұмыс сипаттамасы:
аса күрделі авиациялық аспаптарды жөндеу, жетілдіру, реттеу және сынау;
аса күрделі және дәлме-дәл орындалатын слесарлық жұмыстарды орындау;
өлшеудің электронды жүйелерін пайдалана отырып, автоматика аспаптарының жекелеген элементтерін жөндеу, реттеу және сынау;
радиоэлементтердің кіру бақылаулары;
авиациялық аспаптардың механикалық элементтерін 6-7 квалитеттер бойынша жетілдіру;
күрделі аспаптық жүйелерді бөлшектеу;
бақылау-өлшеу аппаратурасын, аспаптар мен стенділерді баптау;
авиациялық жабдықтар жүйесіндегі агрегаттарды әр блогы бойынша баптау.
499. Білуге тиіс:
жөнделетін аспаптардың құрылысы;
авиациялық аспаптардың жүйедегі жұмыс шарттары;
күрделі аспаптық жабдықтарды жөндеу, құрастыру, реттеу және жетілдіру технологиясы;
авиациялық аспаптарда ақаулықтардың пайда болу себептері, олардың түрлері және жою тәсілдері;
оптикалық-механикалық агрегаттарды тексеру және түзету әдістері;
Достарыңызбен бөлісу: |