1.1.3. Еселік қатынас заңы. ( Дж. Дальтон, 1803 ж )
Егер екі элемент бір бірімен бірнеше қосылыс түзетін болса, онда осы қосылыстардағы бұл элементтердің массаларының қатынасы кішкене бүтін сандардың қатынасындай болады.
Мысалы: Көміртектің монооксиді СО мен диоксиді СО2 молекулаларының құрамындағы көміртек пен оттек элементтерінің массаларының қатынастарын қарастырсақ (1- кесте ).
1-кесте. СО және СО2 молекулаларындағы оттек пен көміртектің массаларының қатынасы мен құрамының сандық мәндері
Қосылыс
|
Құрамы, %( масс.)
|
Оттек массасының көміртек массасына қатынасы
|
көміртек
|
оттек
|
бөлшек сан
|
бүтін сан
|
Көміртек монооксиді
Көміртек диоксиді
|
42,88
27,29
|
57,12
72,71
|
1,33
2,66
|
4:3
8:3
|
Сонымен, көміртек монооксиді СО молекуласы құрамындағы көміртектің үш массалық бөлігі оттектің төрт массалық бөлігімен, ал СО2 қосылысында көміртектің үш массалық бөлігі оттектің сегіз массалық бөлігімен қосылатыны анықталды. Осы нәтижелердің негізінде қандай қосылыстың молекуласы болмасын, оның құрамындағы атомдардың массаларының қатынасы бүтін сандардың қатынасындай болады.
Достарыңызбен бөлісу: |