1- дәріс Тақырыбы: Психофизиология пәніне кіріспе Сұрақтары: Психофизиология пәні. Жүйке жүйесінің ролі мен маңызы



бет15/28
Дата04.09.2023
өлшемі144.64 Kb.
#476500
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Лекция 1-15 Психофизиология

Астар сана аймағы өте тұрақты, бұлжымас. Бұл деңгейдегі адам әрекет-қылығын тек қана психотерапия және гипноз әдістерімен біршама басқаруға болады.
Ойлау аймағынан тыс үдерістер ашық санада өз жалғасын табуы мүмкін. Керісінше, ашық санадағы психикалық әрекеттер астар санаға өтіп те жатады.
Психиканың санадан тыс аймағы өзіндік бағамға келмейді, ырықты бақылауға түспейді. З.Фрейд пайымдауынша, бейсана аймағы ашық санамен сиыспайтын сеп-түрткілік (мотивационный) қуат. Әлеуметтік орта тыйымдары Фрейд пікірінше, санаға «шек» қояды, жүйкелік асқыну сәттеріндегі астар саналық тосын ниеттерді басып отырады.
Дау-дамайлы қалыптан құтылу үшін адам қорғаныс әрекеттеріне өтеді, яғни психикалық қалпын санадан ығыстырады, ауыстырады, жаңалайды не шегініске мәжбүр болады.
Ал психоаналитик К.Г.Юнг ойы З.Фрейд тұжырымдарынан өзгеше. Ол ашық сана мен астар сананы қарама-қарсы қоймай, керісінше ашық сананы ұжымдық бейсананың тереңде жатқан қабаттарының жалғасы, яғни архетип – адамзат тіршілігінің бастау кезеңдерінде қалыптасқан қылықтарының елестері деп түсіндіреді.
Юнг пайымдауынша, адам көпшілікпен араласу себепті жинақталған астар саналық ұмтылыстары негізінде өз бойындағы мүмкіндіктерін де­рбес іске асыруға талпынады. Ненің жақсы, ненің жаман екендігін бізге «сыбырлап» тұратын ой не сана емес, ол «көзсіз» сезім, астар сана. Біздің барша бейберекет, ырықсыз әрекеттеріміздің билігі өз психикамыздың тұңғиық құрылымдары, тума берілген бағдарламалары мен әмбебап рәміздердің ықпалында жатыр.
Сана құралы - ұғым, түсініктер, ал астар сана көңіл шарпулары мен сезімдерге арқа сүйейді. Астар сана деңгейінде қабылданған нысандар мен құбылыстарға және олардың астар санада қалыптасқан өлшем-шек­теріне «қас-қағымда» шұғыл баға беріледі.
Астар санамен бір қатар З.Фрейд адам психикасының тұғырлы мәндік тетіктері, яғни тұлғаның әлеуметтік ықпал жасау, өзін инабаттылық арна­сында қадағалай білу қабілеттері ретінде танылған жоғары сана – «супер эгоны» ажырата қарастырады. Адамның барша рухани дүниесі – бұл тек өкілінің өзімшілдік тоқырауына қарсы тұратын, идеялық шыңдалуы мен ізгілікті жетілуін білдіруші бұл тұлғаның білімдері және мәдени әлеуметтену саласы. Ол көп жағдайларда жоғары сана аймағы.
Ашық сана –адамның тума, табиғи (инстинкт) құмарлықтары мен әдеттерін қадағалайды әрі шегеріп отырады.
Танымал грузин психологі Д.Н.Узнадзе (1886-1950) және оның шәкірттері өзекті түсініктеме принципі ретінде ұстаным (установка) принципін ажыратады. Бұл принцип мәні – әрқандай ұстанымнан субъекттің біртұтас модификациясын, оның болмысты қабылдауға әрі белгілі нақты тәсілмен әрекеттенуге дайындығын байқаймыз. Узнадзе пікірінше, ұстанымда психиканың ашық сана және астар сана аймақтары бірігімге келеді. Әрбір әрекет – қылық жағдайы ежелден қалыптасқан мінез-құлық, әрекет топтарын жүзеге келтіріп, іске қосады.
Адам психикасы құрамында ашық сананың, астар сана мен бейсананың болуынан адамның әрекет-қимылдарының келесідей түрлерінің ықтимал дербестігі көрінеді: 1) бейсана – инстинкттік тума қимылдар; 2) бейберекет әрекеттер, жете түсінімге келмеген қимылдар, әдетке айналған, автоматты астар саналы іс-әрекеттер; дағдылы қызметтер; 3) саналы да ырықты, ерікке бағындырылған әрекеттер. Мұндай әрекеттер адамның қоршаған ортамен байланысында жетекшілік рөл атқарады.
Адам санасы оның іс-әрекеті мен мінез-құлығын реттеудің ұғымдық тетігі. Іс-әрекеттен біз белсенділіктің ерекше адамиласқан формасын танимыз. Жануарлар қылығынан адамның бұл белсенділігі жасампаздық өнімімен ажыралады. Сонымен бірге бұл белсенділік құрылым тұрғысынан жіктемелі. Онда іс-әрекеттің сеп-түрткілері мен мақсаттарының түсінімге келуі адамзаттың мәдени-тарихи даму үдерісінде жасалған құрал-сайман, жабдықтарды пайдалануы, әлеуметтену бары­сында меңгерілген ептіліктер мен дағдылардың қолданылуы жеке-жеке көрініс береді.
Сана адамның іс-әрекетке келуіне себептік ықпал жасап әрі бағдар бере отырып, сол іс-әрекетте қалыптасады және көрінеді. Күні ілгері санада қалыптасқан психикалық бейне, заттасқан әрекет жобасы осы іс-әрекетте, оның нысаны мен нәтижесінде өз нақтылығын табады. Болмыс заттарының психикалық бейнесі сол заттардың іс-әрекет желісінде алған орны мен құрылымына тәуелді.
Заттарды іс-әрекет барысында қамтудың өзі олардың психикалық бейнесінің сәйкестігін қамтамасыз етеді. Адам іс-әрекеті заттар мағынасын ашумен байланысты, ал оған орай қолданылатын құрал-жабдықтар өз бойында адамның тарихи жетілген әрекеттерінің сұлбасын сақтайды.
Афференттік нервтерді бойлап орталық нерв жүйесіне түскен қозу импульстері тиісті эфференттік жолдарға жетуде, сол орталық нерв жүйесінде әр түрлі күрделілікте болатын, түрліше функцияларды басқарып реттеуге қатысты морфофункциональдық құрылымдар (нерв орталықтары) арқылы өту тиіс. Бір нерв орталығындағы нейрондар бірлестігі әдетте белгілі бір рефлекстердің орындалуына қатысады. Егер орталық нерв жүйесінің бір участогін тітіркендірсе тиісті физиологиялық реакция туады, ал сол участокті бұзса, не алып тастаса ол реакция байқалмайтын болады. Осыдан аталған участокте белгілі бір қызметті реттейтін, немесе тиісті бір рефлексті іске асыруға қатысатын нерв орталығы бар деп есептелінеді. Мәселен, үлкен ми сыңарлары қыртысының төбе тұсының (облысының) белгілі бір пункттерін тітіркендіруден иттің алдыңғы аяғының бүгілуін алуға болады, ендеше онда аяқты бүктіретін (жинататын) қыртыстық орталық болғаны. Ми қыртысының шүйде бөлімін алып тастаудан көру бұзылады, ол жерде көрудің қыртыстық орталығы болса болғаны. Миды сопақша мидың үстіңгі жағынан кесіп қиса тыныс алу тоқтамайды, ал төменгі жағынан кессе – тыныс алу қозғалыстары тоқтайды. Сопақша мидың нақты бір бөлімін бұзудан да тыныс алудың тоқтауын көруге болады, яғни сорақша мида тыныс алу орталығы орналасқан т.с .с
Бірақ нерв орталықтарын бұлайша түсіну тар мағыналы әрі шартты. Шындығында, бір функцияға қатысты бір түрлі рефлекстердің орындалуына қатысатын нервтік құрылымдар, топтар, элементтер орталық нерв жүйесінің әр түрлі бөлімдерінде (этадарында) орнала са алады. Сондықтан белгілі бір функцияның нерв орталығы дегенде, әр түрлі бөлімдерде орналасқан, бірақ сол функцияға тікелей қатысы бар барлық нервтік туындылардың морфофункциональдық житынтығын түсіну керек. Әдетте мұндай құрылымдар арасында анатомиялық та, физиологиялық та байланыс болады, сондықтан олар ылғи да өзара әрекеттесе алады. Және олардың орналасуында нерархиялық (субординациялық) принцип сақталған: төменгі бөлімдерде орналасқандар қызметі өзінен жоғары бөлімдерде орналасқандарға бағынады, жоғарыдан келетін импульстерге лайықтап өздерінің функциональдық күйін өзгертеді. Сөйте тұра, жоғарыда айтылып кеткендей әр бөлімдегі құрылымдық элементтердің өзіндік дербестігі бар: басқа бөлімдермен байланыс үзілгеннің өзінде нақты өзіне ғана тиесілі қызметін тоқтатпай атқара береді. Мысалы, тыныс алу орталығыныңьең төменгі бөлімдері жұлында және сопақша мида орналасқан. Бірақ бұл қызметті реттеуге қатысатын нейрондар Варолий көпірінде, ортаңғы ми мен аралық мидың ретикульді формациясында және ең ақырында ми сыңарлары қыртысында да орналасады. Міне осылардағы нейрондардың бәрінің күрделі жиынтығы, «ансамблі» өзара келісе отырып қызмет атқарып, кең физиологиялық мағынада тыныс алуды координациялы түрде реттеп басқаратын тыныс алу орталығын құрады.
Орталық нерв жүйесінде қозу өтудің ерекшеліктері нерв орталықтарын құрайтын нейрондар арасындағы синапстар қасиеттерімен тікелей байланысты. Сондай ерекшеліктердің біразы мыналар:
Орталық нерв жүйесі арқылы қозу бір бағытта өтеді: афференттік
нейроннан аралық нейрон арқылы, немесе бірден эфференттік нейронға қарай таралады. Өйткені нейронаралық синапстарда қозу өткізуші медиоторлар тек пресинапстық звенода ғана болады және үнемі бір бағытта, яғни постсинапс мембранасының арнайы сезгіш, құрылымымен ғана өзара әрекетке түсіп ҚПСП тудырады.

Нерв орталықтарында қозудың бір бағытта таралатынын мынадай тәжірибеден көруге болады. Жануар жұлынының бір сегментіндегі артқы және алдыңғы, түбірді кеседі. Артқы түбірде афференттік талшықтары, ал алдыңғы түбірде эфференттік нерв талшықтары болатыны белгілі. Егер артқы түбірдің орталық кесіндісін тітіркендірсе алдыңғы түбірдің орталық кесіндісінен әкеткіш электродтар арқылы осциллографқа әрекет потенциалдарын жазуға болады. Ал еғер алдыңғы түбірдің орталық кесіндісін токпен тітіркендірсе, артқы түбірдің орталық кесіндісінен ондай потенциалдар алынбайды.

  1. Кешіктіріп өткізу. Нейронаралық синапстар арқылы қозу өту

процесінде басты роль атқаратын химиялық заттардың басауына (бөлінуіне), олардың синапстық саңылауға (кеңістікке) өтуіне, одан әрі субеннапстық мембранадағы арнайы рецепторлармен байланысып өзара әрекеттесуіне және соның нәтижесінде мембрананың ион өткізгіштігінің өзгеріп деполяризация жүруіне жұмсалатын уақыттар қосылып орталық нерв жүйесі арқылы қозудың рефлекторлық доғаның басқа бөлімдерімен салыстырғанда көп баяу (жай) өтетіндігіне себеп болады. Осыны кешіктіріп өткізу немесе синапстық кідіру дейді. Нақты өлшеу жүргізгенде бір синапстағы кідіру – 0,5 мсек шамасында болатындығы анықталған. Ал қоздырушы постсинапстық потенциалдың (ҚПСП) айнымалы шамаға жетуіне - 1,5 – 2 мсек керек. Олай болса, бұл уақыттарды қосса бір синапс арқылы қозу өтуге 2 – 3 мсек керек екендігі шығады. Осыдан қай арифметикалық жолмен – ақ рефлекс уақытын анықтаған соң, сол рефлекстің доғасында шамамен қанша синапс бари екенін анықтауға болады.

  1. Қозулар жиынтықталуы (суммациясы). Бұл құбылысты нерв орталықтарының қасиеті ретінде алғаш байқап сипаттаған И.М. Сеченов (1863) болды. Оның мәнісі – екі немесе одан да көп тітіркендірулерді өзара ұштастырса рефлекторлық реакция тумайды. Жиынтыңталудың екі түрін айырады: жүйелі, бірізді, (уақыттық) және кеңістіктік. Уақыттық жиынтықталу - нерв орталғына бір афференттік нерв талшығы арқылы қысқа интервалмен бірінен соң бірі келетін қозулар ара сындағы өзара әрекеттесуден көрінеді. Егер келген қозудың әрқайсысы өз тарапынан рефлексторлық реакцияны тудыра алатын болса, жиынтықталу ырғақты тітіркендіру кезіндегі реакцияның күшеюінен, ал жеке стимул күші өздігінен рнфлекс тудыра алмайтын болса, онымен ырғақты әсер ету арқылы рефлекстің алатындығынан көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет