1 — жүргізуші: Кәусар



бет1/6
Дата01.06.2023
өлшемі30.76 Kb.
#474567
  1   2   3   4   5   6
Бастауыш қоштасу сценарий 4Б


1 — жүргізуші: Кәусар
Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар! Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар!
Бастауышпен қоштасу тойымызға. (бірге)
2 — жүргізуші: Нұрдос
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!
1 — жүргізуші: Кәусар
Армысыздар, әжелер мен аналар!
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйла, оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.
2 — жүргізуші: Нұрдос
Армысыздар, өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін, міне, бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби-еркелер!
1 — жүргізуші: К
Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр-алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!
2 — жүргізуші: Н
Дұрыс айтасың Кәусар! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да, енді, міне мен де мектептен тәлім алудамын.
1 — жүргізуші: К
«Мектеп — білім» кемесін
Басқарып бүгін келесіз.
Ата-ана, ұстаз, балаға
Ақ жарқын сәлем етесіз.
Шақырып едік, келдіңіз,
Сөз кезегін береміз.
Құттықтау сөз Мектеп директоры Таңатарова Майра Абугалиевнаға береміз.
Ән Мектебім.Орындайтын: Мерген Дарын,Ғалымжан Аида,Өмірбек Айымгүл,Насырулла Абдуррахман.
1-жүргізуші: — 4 жыл бойы білімнің қиын баспалдағын басып, мыңдаған сабақтар оқыдық.
2-жүргізуші: — ондаған ережелер жатталып, жүздеген есептер мен мыңдаған мысалдар шешілді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет