1 — жүргізуші: Кәусар



бет3/6
Дата01.06.2023
өлшемі30.76 Kb.
#474567
1   2   3   4   5   6
Бастауыш қоштасу сценарий 4Б

4-оқушы: А.Айда
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
5-оқушы: Жанаргүл
Мектеп – үйім, ұстаздарым – ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып, сан тарапқа тараған.
Би Флешмоб.Орындайтын Сынып оқушылары Қарсы аласыздар!
1-жүргізуші: Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Нұрдос?
2-жүргізуші: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз ғой. «Мұғалім — мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
1-жүргізуші: Ия, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», — деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, 42 әріпті танытқан , оңымыз бен солымызды айырып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім.
2-жүргізуші: Дұрыс айтасың, Расул, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі — бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
1-жүргізуші: Иә, бұл туралы Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де — ұстаз өсіреді» деген екен.
2-жүргізуші: Олай болса келесі жырымызды қолымызға қалам ұстатып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстазымызға арнаймыз!
(Амирхан,Айымгүл,Бибінұр,Ақбота,Ерұанат,Диана)
1-оқушы: Амирхан
Маған ұстаз үйретті,
Әліппесін өмірдің.
Жан жүйемді билетті,
Күйі шалқып көңілдің.
Қиялымды кездірді,
Таптым ойдың тұрағын,
Маған ұстаз сездірді,
Алдағы өмір шырағын.
2-оқушы: Айымгүл
Басса бұрыс, жол сілтеп, қате дейсіз,
Әр балаға сіз ана-әкедейсіз.
Болашақтың көктеген жас шыбығын,
Бағбанындай аялап, мәпелейсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет