1 — жүргізуші: Кәусар



бет4/6
Дата01.06.2023
өлшемі30.76 Kb.
#474567
1   2   3   4   5   6
Бастауыш қоштасу сценарий 4Б

3-оқушы: Бибінұр
Көңілін бар шәкірттің таба алатын,
Кеуделерге намыс отын жаға алатын.
Өзіңіздей болса, шіркін, барлық ұстаз,
Жез таңдай, күміс көмей, сөзі алтын.
4-оқушы: Ақбота
Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап.
Шәкірттерін жиі еске алатын.
5- оқушы: Ерқанат
Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан ,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Анамның аяулы үні сияқтанған.


6- оқушы: Диана
Шәкірттер сіздерді айтып мақтанады,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады.
Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!
Ән: «ҰстазымОрындайтын: Нұртас Ерқанат,Айдынғали Диана
1-жүргізуші: Осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы бүлдіршін едік, сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттағанбыз.
2-жүргізуші: Енді міне, сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
1-жүргізуші: Иә, міне, сағымдай боп өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз-анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
Ендеше видеороликке назар аударайық. (Видео көрсетіледі)
2-жүргізуші: Ендеше, бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа!
(ғ.Аида,Зарема,Аяулым,Ақбота)
1-оқушы: Ғ.Аида
Бастауышым – бал бұлағым,
Лаулап жанған шам-шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.
Бастауышым- бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
2- оқушы: Зарема
Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да, еңбекте,
Күліп-ойнап бірімізбен біріміз.
3— оқушы: Аяулым
Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте-бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік кеп.
Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауыштa айтылмаған сыр бар ма?
Бастaуышта алған білім, жырларым,
Азық болар , әлі талай жылдарға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет