1-жүргізуші: — басымызға көптеген ғылыми түсініктер қалыптасып, ал кейбіреуі әлі де сыймай жатыр
2-жүргізуші: — үй тапсырмасын орындауға кеткен уақытты есептемегенде, мыңдаған сағатымыз партада отырумен өтіпті.
1-жүргізуші: — 6560 дәптер жазып тастаппыз
2-жүргізуші: — қосымша парақтарды айтсаңшы
1-жүргізуші: — 4 жылда 6600 қоңырау соғылды. 4 жыл еңбектендік.
2-жүргізуші: — Ал ол дегеніміз — 2 904 сабақ
1-жүргізуші: — 102 сынып сағаты
2-жүргізуші: — 2 433 шулы да, көңілді үзілістер
1-жүргізуші: — тау-тау оқылған кітап беттері
2-жүргізуші: — реніштер мен қуаныштар, қызықты оқиғалар.
Оқушылар хормен:Бұған тек әлділер ғана шыдайды. (бірге) 1-жүргізуші: Десек те, біздің сыныпта ешкім де, екінші жылға оқуға қалған жоқ қой.
2-жүргізуші: Әрине, барлығымыз бәйгеге қосқан тұлпардай жүйткіп келеміз!
1-жүргізуші: Ия, Нұрдос мектебімізге қандай жыр арнасақ та жарасады.
2-жүргізуші: Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларына кезек берейік. ( Жансая,Абдуррахман,Абылай,А.Айда,Жанаргүл) 1 — оқушы: Жансая Мектeп деген – білім кені жыр кені,
Мектеп деген – ғылымның ең үлкені.
Мeктеп деген – тәрбиеші адамға,
Мектeп деген – даналардың мекені.
2 — оқушы: Абуррахман Мектебім білім берер алтын ұям,
Бой жетіп сенде сөзім артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл,
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
3-оқушы: Абылай Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі,
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.