1 — жүргізуші: Кәусар



бет5/6
Дата01.06.2023
өлшемі30.76 Kb.
#474567
1   2   3   4   5   6
Бастауыш қоштасу сценарий 4Б

4-оқушы: Ақбота
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті, міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Би.Вальс
1-жүргізуші:
Біздердің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
2-жүргізуші:
Олай болса келесі жыр шумақтары аяулы ата-аналарымызға арналады. Қабыл алыңыздар! (Дарын,ғ.Аида,Жансая,Айымгүл)
1-оқушы: Дарын
Ыстық-ау кім-кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
2-оқушы: Ғ.Аида
Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
1-оқушы: Жансая
Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!
2-оқушы: Айымгүл
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
1-жүргізуші: Әр ана өз баласын жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
2-жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың Расул! Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?!
Хормен: Ата-ана сізге мың алғыс!
Ән: Әке-Ана орындайтын Сынып оқушылары.
Ата-аналарға алғыс хаттарды табыс ету
Видео ролик
2-жүргізуші:
Соңымыздан еріп келе жатқан мектеп алды даярлық тобының бүлдіршіндеріне бастауыштың білім кілтін табыс етеміз.
1-жүргізуші:
Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,
Бәрі біздей азамат болғалы тұр.
Біріншіге келетін балаларға
Тапсырамыз білімнің кілтін біз.
2-жүргізуші:
Осыдан 4 жыл бұрын біз де сендер секілді бүлдіршін едік. Мектеп табалдырығын имене аттап, оқушы атандық. Енді, міне, 4-сыныпты аяқтап, бастауышпен қоштасқалы отырмыз. Мінекей, бастауыштың білім кілтін сендерге табыстаймыз. Сабақтарыңды жақсы оқып, тек алда болыңдар!
1-жүргізуші:
Болашағы бейне қызыл қыр гүлі,
Бүлдіршінді аяласын күн нұры.
Жаңа табыс жақсы күнге бастасын,
Бүгін соңғы қоңыраудың сыңғыры.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет