2-жүргізуші:
Ән: «Болашағы біз елдің» Сынып оқушылары.
1 — жүргізуші:
Жетекші боп жүрдіңіз түлектерге,
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де.
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де — дей отырып сөз кезегін ұстазымызға береміз!
Ұстаз тілегі: Айгерім Апай
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.
Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.
Қарлығаштай қанат қағып самғаңдар,
Есейіңдер өмір жолын таңдаңдар.
Бастауыштан алған нұрлы білімді,
Әрі қарай, ізденіңдер, жалғаңдар, — демекшімін, бастауышта алған білімдеріңді әрі қарай шыңдай түсіңдер.
Ән: Бастауышпен қоштасу. Сынып оқушылары.
2-жүргізуші:
Құттықтау сөз кезегін Ата-аналарға береміз.
1-жүргізуші: Осымен «Бастауышпен Қоштасу» кешіміз өз мәресіне жетті. Қош сау болыңыздар!!! (бірге)
Достарыңызбен бөлісу: |