1 -тарау ќылмыс ќїрамы


ІІ - ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ОБЪЕКТІСІ



бет5/15
Дата22.12.2023
өлшемі317.5 Kb.
#487567
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Дип.-Қылмыс-құрамы

ІІ - ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ОБЪЕКТІСІ
2.1. Қылмыс объектісі туралы түсінік және оның мәні
Қылмысты іс-әрекет жасаушының қиянаты бағытталған, қылмыстың салдарынан зиян шеккен немесе шегуі мүмкін нәрсе қылмыс объектісі болып табылады.
Қылмыс объектісінің заңды тізімі ҚР қылмыстық кодексінің 2-бабының 1-ші бөлігінде көрсетілген. Олар адам мен азаматтық құқықтары, бостаңдықтары мен заңды мүдделері, меншік, ұйымдардың қүқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық қауіпсіздік пеи қоғамдық тәртіп, қоршаған орта. Қазақстан Республикасының констиуциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығы, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері және бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі.
Кеңестік заң әдебиеттерінде қылмыс объектісі, әдетте, қылмысты қиянаттан қылмыс заңымен қорғалатын қоғамдық қатынастар ретінде айқындалып келді. Ал қоғамдық қатынастар ретінде біз адамдар арасындағы бірлесіп атқарған әрекетті немесе өзара араласуы нәтижесінде пайда болған, құқықтық және моральдық нормалармен бекітілген қатынастарды түсініп келдік. Көпшілік жағдайларда қылмыс объектісін кейбір қоғамдық қатынастар ретінде пайымдау орынды да, мысалы, бұған ұрлау, тонау немесе басқа да бөтеннің мүлкін талан-таражға салу кезіндегі меншікке қатысты қылмыс объектісі деп танылуын жатқызуға болады. Бұл жағдайда, шынында да, қылмыс объектісі ретінде ұрланатын мүліктің тікелей өзі емес (оған ешқандай зиян келтірілмеуі де мүмкін) меншік құқығынан, атап айтқанда, мүлікті иелену, пайдалану немесе басқару құқығынан туындайтын қатынастар танылады. Алайда, кейбір жағдайларда қылмыс объектісін қогамдық катынастар ретінде тұжырымдайтын 6ұл теория "іске аспай" қалады. Бұл әсіресе, жеке адамдарға қарсы жасалатын қылмыстарға, соның ішінде кісі өлтіруге қатысты, адамның маңыздылығы туралы оны «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы» 1 деген марксистік тұрғыдан түсініп келгендіктен, кеңестік қылмыстық заң ғылымында кісі өлтіру объектісі адам өмірінің өзі емес, тек қана қоғамдық қатынастар жиынтығы2 деген түсінік орын алып келді.
Әрине кісі өлтіру объектісі ретінде адам өмірін мұндай тұрғыдан түсіну -адамның биологиялық тірі организм, тіпті жалпы өмірдің биологиялық құбылыс ретіндегі абсолютті құндылығын төмендетіп жібереді. Адам тәуелсіз абсолютті құндылықтан жәй қоғамдық қатынастардың (еңбек, қорғаныс, қызметтік, отбасылық, меншіктік және тб) иесіне ғана айналып шығады. Сондықтан, қылмыс объектісін қоғамдық қатынастар деп тұжырымдап келген теорияны, ол қылмыстық заңмен қорғалған күнде де, жан-жақты деп қабылдауға болмайды. Тіпті өткен ғасырдың соңында қылмыстық-құқықтық классикалық және социологиялық мектептері көлемінде туындап, объектіні құқықтық игілік деп уағыздаған теорияға қайта оралу керек сияқты. Р. Иерингтің құқық жөніндегі анықтамасына сүйене отырып, неміс кримминалисі Ф. Лист қылмыс объектісін құқық пен қорғалған өмірлік мүдде деп түйінделген. Революцияға (кеңес заманына) дейінгі Ресейдің қылмыстық қүқық ғылымының ең ірі өкілі Н.С.Таганцев та бүл көзқарасқа жақын тұрған. Оның анықтауынша, қылмыс нормамен қорғалатын өмір мүддесіне қиянат жасайтын іс-әрекет және ол мүдденің белгілі бір елде, белгілі бір кезеңде маңызды деп саналатындығы соншалықты, тіпті мемлекеттің ізі қиянат жасаушыны жазамен қорқытады"1 қылмыстық объектіні анықтау барысында оны қылмыскер арқылы қылмыстық-құқықтық норманың бұзылуы деп қана қарастыратын тар нормативті түрғыны өзгертуге де Таганцевтің еңбегі зор. Қылмыстық объектіні мұндай тұрғыдан қарастыру классикалық қылмыстық қүқық көлемінде өткен ғасырдың орта шеңінде ойлап шығарылған нормативті теорияга тән, мысалы, ол В.Д.Спасовичтің еңбектерінде кездеседі.
Қылмыстың салдарынан зиян тартқан ғана қылмыс объекгісі болып есептеледі. Сондықтан, қылмыстық-қүқықтық нормаларды бұзуға салынған тыйымға қарамастан қылмыскердің оны бұзуы ғана қылмыс объектісі болып есептелмейді. Қылмыстық-құқықтық норма жасалған қылмыстың зардабына төзбейді және төзуі мүмкін де емес. Оған қоса, қылмыскердің қылмыстық-құқықтық норманы бұзуына байланысты тиісті жазасын алуының өзі - бұл норманың қылмыстық-құқықтық тыйымға қарсы шыққанды "жеңгендігінің" куәсі. Қылмыстық-құқықтық норманы қылмыс объектісі ретінде қарастыратын нормативтік теория бұл жерде қылмысты қиянаттардан қылмыстық-құқықтық нормалармен қорғалушы мүдделердің шын мәніндегі мағынасынан алшақтап кеткен. Таганцев кезінде қылмысты "шын болмыстық түріндегі заң нормасына қарсы қиянат жасаушы іс-әрекет"2 деп анықтаған болатын. Егерде бұл автордың дәл осы анықтамасын бұған дейінгі анықтамасымен салыстырсақ, Таганцев "шын мәніндегі" норма деп қылмысты қиянаттан қылмыстық-құқықтық нормамен қорғалған мүдденің шын мағынасы түсінгендігі анық.
Сонымен, қылмыстық іс-әрекет зиян келтіретін және қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерді ғана қылмыс объектісі ретінде мойындауға тиіспіз.
Алайда, кейбір мүдделерді қылмыс объектілерінің қатарына қосуымыз бұл мүдделердің тек қана қылмыстық құқықтық қорғаудың объектілері екендігінен емес. Бірдей объектілер құқықтық әр түрлі саласының нормаларымен қорғалатындығы жиі кездеседі. Мысалы, меншіктік қатынастар ең алдымен азаматтық құқықтық нормалары арқылы қорғалып, реттеліп отырады. Ал бұл объектілерге аса қауіпті қиянат төнгенде (ұрлау, тонау, алаяқтық жасау, шабуыл жасап тонау, қорқытып алушылық немесе басқа әдіспен мүлікті талан-таражға салу) оларды қылмыстық-құқық өз қорғауына алады.
Меншікке қарсы бағытталған қиянат аса қауіпті болмаған жағдайда ол азаматтық құқықтық нормаларымен қорғалады (мысалы, қарыз ақшаны қайтармау). Сонымен, белгілі бір мүдделерді қылмыстық-құқықтармен қорғалатындардың қатарына жатқызу - бұл мүдделерге жасалған қиянаттың кез келген түрі қылмыстық жазаға тартылады деген сөз емес. Олардың қатарына, қылмыстық заңда қарастырылғандай, бұл объектілерге жасалған ең қауіпті қиянаттар ғана жатады.
Қазақстан Республикасының жаңадан шыққан қылмыстық кодексінде қылмыстық-құқықтық қорғау объектілерінің иерархиясы мен олардың салыстырмалы құндылығын бағалауда өзгерістер бар екендігін атап өту керек. Қазақ КСР-нің 1959 жылғы қылмыстық Кодексінде ең басты мәселе ретінде алдымен мемлекет мүддесі, тек содан кейін ғана жеке бастың мүддесі мен қоғамдық мүдделер қарастырылатын. Әрине, бүл - жеке бастың мүдделерін мемлекеттік - партиялық бағындырушы тоталитаризм көріністерінің біреуі. Адам бостандығы мен негізгі құқықтары ешбір ескерілместен, мемлекеттік билік органдарының тарапынан жеке бастың барлық мүдделеріне, қоғам өміріндегі барлық өзгерістерге түгелдей дерлік бақылау орнатылған еді.
Қазақстан Республикасы қылмыстық заңының жалпы адамзаттық құндылықтардың мұратына қайта оралуы - қылмыстық-құқықтың қорғау объектілері жөнінде әбден қалыптасып қалған иерархияның айтарлықтай өзгергендігін көрсетеді, қылмыстық заңмен қорғалатын объектілер енді демократиялық қағидалар негізінде мүлдем басқаша қарастырылатын болды, яғни, ең алдымен жеке бастың, сосын қоғамның және мемлекеттің мүддесі ескеріледі. Қылмыстық-құқықтық қорғаудың табан тірер негізі ретінде ең алдымен жеке бастың мүддесі қарастырылуы тиіс. Дәл осы мүдденің сенімді әрі тиімді қорғалуы қоғамдық және мемлекеттік мүдделердің тиімді қорғалуына зор әсер етеді. Қылмыстық-қүқықтық қорғау объектілерінің заңдылықты анықтау саласындағы мұндай артықшылықтар, бұл проблеманы дамыған демократиялық елдердің (мысалы, Батыс Еуропа) қылмыстық кодекстерінде заңдылықты шешуіне сәйкес келеді.
Қылмыс объектілерін анықтаудың қылмыстық іс-әрекетті саралаудағы маңызы үлкен. Жасалынған қылмыс объектісін дұрыс анықтау қылмыстық іс-әрекетті дұрыс саралауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет