1 -тарау. Синьхай революциясы және оның Қытай тарихындағы орны



бет4/6
Дата25.02.2016
өлшемі0.59 Mb.
#20143
1   2   3   4   5   6

57

империялистік державаға Цин үкіметін қолдамауды өтіну туралы жазылған.

Революцияның бүкіл ел көлемінде жетістіктері Учандағы солдаттар көтерілісіне байланысты болды. Учандағы "жаңа армияның солдаттары мен унтер- офицерлерінің басым көпшілігі ү_сақ буржуазия интелегенциясынан шыққан.

Олар революционерлердің үгіттеуімен Цин монархиясын құлату керектігіне оның көзі жеткендер болды.

Маньчжурлардың қатарындағы жауынгерлердің көбі өздеріне қарсы " жаңа армия" унтер-офицер екенін білді.

Бұл туралы олар Пекиндегі американ және ағылшын атташелардан біліп отырды.Бірақ, маньчжур үкіметі өздерінің аздықтарына байланысты ешқандай шаралар қолдана алмады.

Учандағы әскери үкімет қытай солдаттары мен жергілікті халық арасындағы революцияға деген ынтаға сүйеніп, Цин әскеріне қарсы мықты қорғаныс құрып қойды.

Учан көтерілісі туралы хабар Цин үкіметінің басқа провинциясына да жетті.

Халықтың басым көпшілігі бүрынғыдай өмір сүргісі келмеді. Қытайдың революциясының біріккен одағы басқарған Қытай буржуазиялық революционерлері 1906 жылдан бастап оңтүстік провинциясында бірінен соң бірі жалғасқан көтерілістер ұйымдастырылып отырды. Күріштің егілмеуі, елдегі аштық қарсылықтар, салықтың көбеюіне қарсы , коррупция мен жергілікті басшылардың үстемдігіне қарсы елде стихиялық антиүкіметтік көтерілістер мен толқулар халық арасында революцияға деген оң көзқарас тудыра бастады.

1911 жылғы жаздағы Пекинің шетелдік банктер консорциумына тамір жол құрылысын беруі буржуазия мен помещиктер арасында кедергігі үшырады.



58

Бүкілхалықтық қарсылыққа кез болған маньчжур үкіметі елді билей алмады.

1911жылы 18 қазанда Учан көтерілісін басқа провинцияның қолдауы туралы орыс елшісі былай деп жазды: " Қытай халқының сүйіспеншілігі, оны маньчжурға қарсы ұлттық мүддесін қорғаған революционерлер жағында...Қытай халқы ұлтшылдар пайдасына ақша жинап,Ханькоудағы революцияға жіберді. Бұл қайырымдылық қорын жинауға тек ауқатты қытай көпестері қатысқан жоқ, сонымен қатар,өздерінің ауыр еңбегімен тапқан тиындарын кедейлер де революционерлердің Цин үкіметіне қарсы күресіне көмектесу үшін жинады.1^

1911 жылы қазан - желтоқсан айларындағы тәуелсіздіктің жарияланғаны Қытайдың эр провинциясында эр түрлі уақытта және эр түрлі жағдайда асты.

1911 жылы 29 желтоқсанда Нанкинде жиналған революциялық провинцияның өкілдері 16 жыл эммиграцияда болып Қытайдың үлы революционер-демократы доктор Сунь

Ятсенді Қытай Респупликасының уақытша президенті етіп жариялады және уақытша республиканың үкімет құруды тапсырады.

Бұл үкімет буржуазиялық-демократиялық конституция

қабылдайды.Халықтың демократиялық бостандығы мен құқығы жарияланды, эйелдерге сайлау қүқы берілді, барлығына бірдей әскери жауапкершілік жарияланды. Осындай жарлықтар мен заңдардың шығуы Сунь Ятсеннің өз елін тек демократиялық қүқық пен қамтамасыз етуді ғана ойламай, оның материялдық жағдайын жақсартуға үмтылғанын көреміз.

Маньчжурлар еліндегі барлық азаматтық және әскери билікті маньчжурлар мен жергілікті ел арасында жүрген ,елдегі билікті басып алмақ болған генерал Юань Шикай қолына тапсырды.

Қытай буржуазиясы мен помещиктерінің революцияда тез кетуінен және республикалық оңтүстік пен Юань Шикай басқарған елдің орталығы мен



59

азаматтық соғыстан қорыққан Сунь Ятсен, маньчжур династиясын биліктен құлату орнына өзінің президенттік тағын Юань Шикайға беруге мәжбүр болды. 1912 жылы 12 ақпанда Қытайдың ескі жыл санағы бойынша Синьхай жылының аяқталуына алты күн қалғанда Цин династиясының билеуі тоқтатылғаны жарияланды. Юань Шикай " Цин династиясының биліктен кетуінің шарттарын " жасады,яғни, император отбасы мен маньчжур аристократтарына деген арнайы жеңілдіктер: император Пекин жанындағы жазғы сарайдың мәңгі иесі болып қалды, ол уақытша өзінің Пекиндегі қысқы сарайында түруға рүқсат етілді,жыл сайын қазынадан республика 4 млн. күміс миян,сарайдағылар үшін шығарып отырған, бүрынғы императорға республика тарапынан қытайға келген әрбір шетелдік монархқа көрсеткендей құрмет көрсетілді,императорда қарулы оққағарлар болған екен. Сонымен қатар, ол республикалық үкіметтен басқа да жеңілдіктер алған.

Қытай буржуазиялық өкілдерінің Нанкин үкіметі қабылдаған конституция негізінде парламенттік жолмен Юань Шикай мен оның артында түрған феодалдық-кампрадорлық күштің билігін шектеуге деген Солтүстік Қытаймен және Орталық Қытай провинциясының өкілдері эрекетінен ештеңе шықпады. Империялистік державалардан ірі көлемде несие алып, Юань Шикай билікті өз қалауымен басқаруға кірісті, буржуазиялық парламенттік оппозиция өкілдерін жойды, 1913 жылы шілде-қыркүйек айларында халық қолдамаған " екінші революция " деген атауға ие болған Щығыс Қытай провинциясының буржуазиялық және ұсақ буржуазияның радикалды күштерінің көтерілген қозғалыстарын басып жаншыды.

Елде Юань Шикай құрған солтүстік милитаристер (Бэйянский)топтардың феодалдық- помещиктік және кампродорлық-бюрократиялық күштердің қатал әскери диктатурасы орнады. Қытай үшін үзаққа созылған саяси



60

күйреу кезеңі басталды. Оны шешудің революциялық жолы тек, ¥лы Октябрь социялистік революциясына келіп тірелді.

Синьхай революциясының билікке Қытай буржуазиясын әкеле алмауын, 1895 жылдан бастап Цин монархиясын қарулы жолмен құлатуды көздеген Сунь Ятсен басқарған революциялық қанаттың билікке революция арқылы келе алмауын Қытайдағы капиталистік қатынастың пайда болуы мен Қытай буржуазияның генцисінен іздеу керек тауар-ақша және қолөнердің Қытайда орта ғасырларда жоғары қарқынды дамуына қарамастан, капиталистік қатынас елде тек, XIX ғасырдың 70-90 жылдары орнады, бұл Циньдік Қытайдың батыс державасына эсіресе Англия, Франция елдері үшін зорлық пен " ашуының " тікелей әсері болды.

Монархиялық құрылыс пен конфуциялдық идеология қотықтаған көп ғасырлық Қытайлық феодалдық тәртіптің түрақтылығы бірінші рет 1840-42 жылдары ағылшын-қытай соғысында британдық экспедициялық күштерінің пушкасымен және 1856-60 жылдардағы екінші (апиын) соғысы кезеңіндегі ағылшын-француз интервенттерінің күшімен бұзылды. 1853 жылы "Қытай және Европадағы революция" деген "Нью-Йорк Дейли трибюнда " жарияланған мақалада К.Маркс былай деп жазды: "Полная изоляция была первым условием сохранения старого Китая. Когда же этой изоляции при содействии Англии был насильственно положен конец, разложение должно было наступить также неизбежно как неизбежно разложение тщательно сохраненной в герметически закрытом гробу мумии, лишь только к ней получит доступ свежи воздух " Ч

Біршама әлсіреген Батыстың өнеркэсібі дамыған капиталистік елдерімен осындай қақтығыс негізінде (бүған әсер еткендер, тайпин әскерлерінің антиманьчжурдық және антифеодалдық шаруалар көтерілісінің ішкі себептері, "Малый мечь","Триада" тағы басқа көптеген няньцзуюндердің антиманьчжурдық жасырын қоғамдардың көптеген көтерілістері, Цинь империясының хандық емес халықтарының антиүкіметтік және

61

антиқытайлық күрестер), манчжур — қытай феодалының үстем тап өкілдері

XIX ғасыр 60-90 жылдары "өзін өзі дамыту", саясатына көшті, яғни, Батыс
елдерінен артиллерия,тез ататын автомат, тағы басқа қару-жарақ, әскери-
теңіз кемелеріжәне сол сияқты әскери техниканың үлгілерін алу, сонымен
қатар қазіргі заманғы машина өндірісі мен байланыс құралдарын, армия мен
флот мүқтаждықтарын қанағаттандыратын басқа да құрал-жабдық түрлерін
Батыс елдерінен алу. "Өзін-өзі дамыту саясаты" түрғысында қабылданып
жатқан заңдар феодалдық қатынастар негізіне көп реформа жасамады,
керісінше жаңа үкіметке қарсы шаруалар көтерілісі болмау үшін олардың
мүддесін қорғайтын заңдар шығарды. Қытайға Батыс техникасымен қатар,

XX ғасырдың аяғында батыстың буржуазиялық идеялары да ене бастады.


В.И.Ленин былай деді "Қытайлықтар өздерінің азаттық идеяларын Европа
және Америка елдерінен алды" деген1?

"Өзін-өзі дамыту саясаты" жөніндегі мемлекеттік өндірістер қатарында Қытайдың аймақтық феодал-ң көрнекті мүшелері таипин эскерлерінің шаруалар көтерілісін басуда және басқа да үкіметке қарсы халық көтерілістері кезінде маңызы күшейген дэстүрлі Қытай қү_рал-жабдықтырына қарағанда қазіргі заманғы машина өндірісі мен транспорт құралдарының анағүрлым жақсы екендігіне көзі жеткендіктен өз мүдделері үшін, өз болашағының ауқатты болуы үшін капиталистік кәсіпкерлікке ақша сала бастады, тіпті кейде зорлықпен жеке көпес, қолөнершілер капиталында салды. Осылайша Қытай қоғамында капиталистік құрылыс орнады. XIX ғасырдың аяғында Қытайда шетел капиталына жататын жеңіл және қалалық коммуналды өнеркәсіп орындары мен қазіргі заманғы өндіріс орындары жұмыс істей бастады. Шетел капиталистері цин үкіметінен осындай өнеркәсіп орындарын ашқаны үшін күннен күнге жаңа жеңілдіктер талап ете бастады. Империал-н державаға тэуелді Қытайдың жағдайы 1901 жылы соңғы протоколда (немесе Боксерлық) юридикалық түрде бекітілді. Бұл протокол цин үкіметі мен державасының 1899-1900 жылдары солтүстік



62

Қытайдағы антиимпериалистік, антиүкіметтік ихэтуань көтерерілін басуға бағытталған сегіз (8) держава-ң біріккен интервенциясынан кейін бекітілді.

Қытай буржуазиясының тап ретінде қалыптасуы XIX ғасыр 70-90 жылдарына жатадкР, бірақ XX ғасыр бірінші он жылдығына дейін бұл процесс толық аяқталып болмады. Бү_л жас, саяси піспеген және тәжірибиесіз таптың өкілдері бір-бірімен байланысы аз, тіпті бір-бірімен байланыссыз провинциалдық және аймақтық топтарға бөлінді. Буржуазияның белсеңді саяси жағынан жетілген бөлігін эмигранттық буржуазия құрады.

Оған кезінде елден эмиграцияға кеткен және Англия, Франция; Голландия, АҚШ, Оңтүстік Тыңық мухитындағы отарлық иеліктерінде біраз мүлік жинағанОтүстік Шығыс Азия феодалдық тәртіппен, цин империясының империалистік державасының отарлық экспансиясынан Қытайдың ұлттың мүддесін қорғай алмайтындығы кедергі болған, өз елінде туған жерінде капиталистік кәсіпкерлік ашуға үмтылған қытайлықтар жатады. Қытайдың эмигранттық буржуазиясына жататындарды - Хуацяо деп атаған. Ежелгі Қытайдың дэстүрі бойынша олар өз еліне келгенде жер алып, кәсіп құрып жер шаруашылықтарымен айналысып, туған-туыстарына көмектесетін болып және олар антиманьчжурлық қүпия ұйымдар "Триада","Небо и земля",мСтарший брат" және тағы басқа ұйымдарға белсеңді араласқан. Қытай буржуазиясының басым көпшілігін-орта және ұсақ буржуазия өкілдеріне-мастерскойының сауда және транспорт компаниясының басшылары, жеңіл өнеркәсіп орындарының, фабрика, экспорттық шикізат, өңдеу орындарының және ішкі нарық қажеттіліктері үшін ашылған өнеркәсіп орындарының басшылары құрады!

Өнеркәсіп орындарының кәсіпкер басшыларында шаруа - арендаторлары немесе лавка, ломбардтарға жалға беретін шағын жер учаскесі болды. Буржуазияның бұл өкілдерінің көбі орта шэньши-Қытай помещиктерінің оқымыстылар бөлігінен шыққан және Қытайдың Шығыс, Оңтүстік, Орталқ провинциялары қүпия ұйымдар басқарған антиманьчжурлық күрестің
63

дэстүрлері өздеріне тым күшті әсер етіп жатқанын сезінді және де Қытайдың Орталық, Шығыс провинциялары 70-90жылдары ашылған шетел миссионерлерінің қызметіне деген бүкіл халықтық қарсылықтарда өз әсерін білдірді.

Антимиссионерлік күресті христиан уағыздарында арнайы феодалдық идеология-конфуциялдықтың қаупін көрген жергілікті шэньси басқарды. Қытай буржуазиясының бұл бөлігінің үкілдері революциялық ұйымдардада конституциялық-монархиялық қозғалыс қатарларынан да табылды.

Бү_л буржуазия өкілдерінен 1895-1898 жылдары реформа үшін болған қозғалыс идеологтары Кан Ювей және Лян Цичао сияқты өздері реформалаған конфуциалдық идеяны жаңа қоғамдық күштер, цин императоры Цзай Тянның "жоғарыдан" талап еткен реформаларын түсіндіру үшін өз күштерін салған көрнекті идеологтар шыққан.

"Өзін-өзі жетілдіру саясатының " бірде бірсалдарының бірі Қытай буржуазиялық интеллгенциясының келуі болды. Олардың біраз бөлігі шетелден оқудан қайтқан мамандар, Қытайдың өзінде осы жылдары құрылған оқу орындарын бітірген мамандар еді. XX ғасыр басында цин үкіметі буржуазия әсерімен сауатты жастарды мадақтай бастады, әсіресе шэньси және ұсақ буржуазия өкілдерінен шыққан жастарды Жапонияға оқуға жібере бастады. Бұл Қытай буржуазиялық интеллегенциясының жас өкілдері, Қытай эмигранттық буржуазиясы өкілдерімен қатар цин монархиясына қарсы революциялық күрес жолына түскен күшті топқа айналды.

XX ғасырдың алғашқы он жылдығы өнеркәсіптің дамуымен көрінді. Әсіресе Шығыс Қытай аудандарында орналасқан ұлттық текстилді өнекәсіп тез қарқынмен дамыды, сонымен қатар жеңіл өнеркэсіртің басқа да түрлері дами бастады (диірмен , эйнек шығару, керамика, темекі, сіріңке) бірақ қытайдың ұлттық буржуазиясының сол зщамнғы өнеркэсібіне салған капитал көлемі 40 жылда 191 Іжылға санағанда 140-150 млн. Қытай ақшасын құрады^



64

Қытайдың әлемдік нарыққа бүкіл ел көлемінде ескі феодалдық тәртіпті зорлықпен бейімдеуімен қатар өзінің негізгі позициясын сақтады. Қытай қоғамы ү_заққа созылған өтпелі кезеңді басынан өткерді.1

Е.А.Белов бұл туралы "...Синьхайская революция, устранив цинскую монархию, оказавшуюся неспособной реагировать на изменения, происходившие в базисе, оставила у власти теже силы, которые представляли физическое и структурное превосходство старых, традиционных укладов феодального Китая, переживавших длительный и затяжной ( как это подтвердила последуюшая история) переходный период ",-деп сипаттама берді.2^

Синьхай революциясының сәтсіздіктеріне байланысты өзінің сыншыл бағасын 1912 жылы июньде (цин империясының құлауынан 3 ай өткеннен кейін) Ханькоудағы Ресей елшілігіндегі Ресей секретары А.Вознесенский мен болған кездескен келіссөзде Хуань Син білдірді. Ол Сунь Ятсен жақтастарының бірі болды және Нанкиндегі уақытша революциялық үкіметінің әскери министр қызметін атқарған , кейіннен Оңтүстік Қытайдың бүкіл эскерін басқару қызметтерінде болды.

"Революцияның басталуымен қатар, -дейді Хуан Син-республикалықтар қатарына және үкіметтің нағыз құрамына, армия мен әкімшілікке, жаңа құрылысқа тэн емес бөтен, тіпті жау ретінде көрінген әлементтер енді. Революцияның барынша Батыстың үлы идеясын Қытайдың өміріне қолдануға тырысқан Қытайдың жас буынының күштері жүзеге асырды... Елде ескі режимнің өмір сүруіне аз қалғанын білгенде... және маньчжур эскерлерінің қандай да болса жеңістері мен табыстары елдегі жағдайды тоқтата алмағанын білгенде империяның ірі саноаниктері біріккен соң бірі республика жағына шыға бастады. Өз үкіметін сатып кетушілер көбейе түсті.Бүндай сановниктердің көпшілігі... менің ойымша тек бір ғана оймен жүрді: яғни, өзінің пайда әкелетін жерін жоғалтып алмау мақсатында... Өкінішке орай жағдай ешкім ойламаған жағдайға түсті. Республиканың тек

65

мемлекеттік ұйымдарын ғана емес, жаңа режимнің енгізілілуі, жаңа идеяның енуі,Қытайдың бүкіл экімшілік басқару өмірі чиновниктер қолында болды" &

Жаңа қоғамдық күштердің —буржуазия мен пролетарияттық жеткілікті
жэрежеде жетіле қоймуы, феодалдар тобының күштілігі мен феодалдық
конфуциялық идеялық түрақтылығы, " национализм ү_ранымен

насихатталған, революциялық-едеологиялық дайындығына, және қытайлықтардың қоғамдық топқа жататынына байланыссыз барлығының Цин монархиясының құлауына қарсы күресіне айтарлықтай әсер етті.

Синхай революциясындағы қытай буржуазиясының идеологиясы, антиманьчжурлық түске боялған национализм түрінде көрініс тапты. Революция қарсаңындағы буржуазиялық революонерлердің барлық бағдарламалық қүжаттарда Цин үкіметі және Қытайдағы маньчжурдың түстемдігі туралы қатал сын жазылды.

1905 жылы тамыздағы Сунь Ятсен құрған Біріккен одақтастығының деклорациясында (әскери үкімет деклорациясы да осы) қозғалған алғашқы мэселе былай көрініс тапты: "Смыть 260- летний позор подчинение варварам, возродить нашу Родину, имеющую 4000- летнюю историю, и обеспечить счастье и процветание 400 миллионам человек "І.ь

Ұлттандыру мэселесі- маньчжурлерден қүтылу, Қытайдың жаңа өркендеуі-декларацияда орталық орынды иеленді. Революцияның ұлттық мақсатын анықтай отыра, Біріккен Одақ декларациясында былай делінді: " Біз маньчжурлер деп жүргендер шекара қамалдарында түратын шығыстың варварлық тайпаларынан шыққандар". Мин династиясы кезеңінде олар біздің мемлекеттің шекараларын жиі шабуыл жасап түрған.

Кейіннен Қытайдағы қарбалас жағдайды пайдаланып, ел ішіне кіріп, Қытай мемлекетін жойып билікті қолдарына алды және біздерді, яғни ханьдықтарды өздерінің құлы етіп алды. Миллиондаған қарсы білдіруші адамдарды олар қазаға үшыратты.Міне, 260 жыл бойы біз отаны жоқ халық



66

ретінде өмір сүрудеміз. Маньчжур үкіметінің қатыгездіктері мен жауыздықтарына халықтың шыдамы таусылды"-1?'

Басқа революциялық ұйым - " прогресстің біріккен одағы" - 1907 жылғы майдағы өз декларациясында да Қытайдағы маньчжур үстемдігін жоюға шақырды және маньчжурдың Қытайдағы жаулап аоғандағы жауыздықтары туралы, цинь экімшілігінің эділетсіздік әрекеттері туралы жазды. Декларация авторлары маньчжурларды " біздің арқамызда киім киіп тамақ ішіп отыр, кейде бү_л да оларға жеткіліксіз болып біздің ар-намысымызға тиіп қорлайды... қатыгез чиновниктерді жіберіп, күні түні енбек етіп тапқан ақшаларымызды тартып экетеді... адамдарды заңсыз соттап, олардың өмірін бекерге құртады "гі деп жазады.

Декларацияда цинь үкіметінің Қытайдың ұлттық қасиетін таптады деп жаазылды: " маньчжурлықтар шетелдіктерлің айтқанын қылады, өздері шетелдіктер құлы болды, ал біздерді құлдардың құлы етті.

Олар біздің жерлерімізді бүгін бір шетелдіктерге берсе, ертең басқасына береді. Халық пен шетелдіктер арасындағы келіспеушілікте маньчжурлықтар халықтың жағында бір сөз сөйлемейді керісінше, ол өз халқын шетелдіктердің көңілінің тыныштығы үшін қүзға тақайды, олар шетелдіктерге контрибуция төлеп теміржолдарды береді, шикізат көздері мен кеденді солардың қолына тапсырады... маньчжурлер шетелдіктерден тек өздерінің императорлық тағын сақтауға көмектесуді сүррайды... маньчжурлер өздерінің өмір сүрулерін тоқтатпау үшін ғана шетелдіктерге Қытайды силады ... Шетелдіктер біздің елге жақсы ниетпен келген жоқ, егер біз маньчжурларды жойып, елде тәртіп орнататын болсақ, шетелдіктер бізге қорлық жасай алмайды

1911 жылы 12 қазанда цинь үкіметіне қарсы учан гарнизонының жеңісті көтерілісінен соң екінші күні, Хубэй провинциясындағы әскери үкімет " бүкіл елге жолдауында "Цинь империясының барлық провинциясының халқын маньчжурлер империясын құлатуға шақырды және маньчжурдың



67

Қытайды жаулап алған кезіндегі қатыгездіктер туралы естеріне салды; Қытай халқының ұлттық салт- дэстүрлерін таптағаны, цинь үкіметінің коррупциясы мен ұлтқа қарсы қатал саясатын шетелдіктерге елінің табиғи байлықтары мен теміржол құрылысы және тағы басқа құндылықтарды беруі туралы жазылды.

" Біздің эрқайсымыздың өміріміз бен мүлкімізге эр күні қауіп түр... өзіміздің хэйлунцзянға дейінгі жерлерімізді маньчжурлардан азат етейік, осылайша хань ұлтының атын көтерейік " - деп жолдауда көрсетілді^

Журнал "Миньбао"- біріккен одақ органы- Қытай халқының 260 жылдық антиманьчжурлық күресінің тарихын халыққа уағыз етті, Қытайдағы маньчжурлардың жаулауы, Қытай патриоттары тарапынан көрсетілген Цинь императорына қытай паттриоттары тарапынан көрсеткен цин империясына қарсы қарсылықтар тайпиинің шаруалар соғысы, және басқа да антиманьчжурлық ұйымдардың қызметі туралы мақалаларды,өткен көтерілістерді маньчжурларға қарсы оқырмандарды ұлттық сезімге тэрбиелеуді көздеді. Көптеген материалдар Қытай революционерлеріне Цин режимі мен күрескен қайраткерге арнады-Цзоу Жун,Чэнь,Тянь-Ху,Цю Цзин, Сю Силин және тағы басқалар.

Национализм идеясының маңызын түсінуде кейбіреулер басқаша түсінеді. " Революцияның мақсаты маньчжурларды ұлт ретінде жою емес біз барлық маньчжур халқын жек көруге тиіс емеспіз, тек ханьдықтарға зиян көрсеткендерін ғана"- деп Сунь Ятсен "миньбаоның бір жылдық салтанатты мерекесіне жиналған жиында айтты.- Бұл өте үлкен қате...Егер маньчжурлар бізге революция кезінде кедергі келтірмесе біздің олардан кек алуымыздың қажеті жоқ".^

Сун Ятсеннің жақтастары Чжан Тайань национализм идеясын түсінуде бірінші орынға маньчжурлардан кек алуды қояды. " Минбаодағы"," Кек алудың заңдылығы жайлы " деген мақаласын Чжан Тайянь мынадай сөздермен басталады: " Ұлттық революцияның мэні кек алуда" х



68

"Маньчжурлармен күрестегі эділеттілік" мақаласында да ол" қорлағаны үшін жануарлар да кек алады, адам кек алуға міндетті: қанға қан, өлімге-өлім бұл туралы конфуций идеясы да айтады, бұл жерде біз ұлттық кек алу жөнінде айтамыз."*'

Чжан Тайян дамытқан ұлт және ұлттандыру теориясы шовинистік түрде көрінді...

Қытай революционерлерінің ұлттық көзқарастары Қытайдың феодалдық қоғамының , патриоттық, антиманьчжурлық дэстүрлерінің күшті әсері негізінде қалыптасты.

Цин империясының құлағанынан кейін Сунь Ятсен жиналған жиын алдында өзінің " үш ұлттық принціпіне " жаңа түсінік берді: "он интерпретировал принцип " национализма" как " защиту независомисти нашего народа от посягательства иностранцев ",принцип" народовластие" как " искоренение такого зла, как монополия кучки людей в политике ", и принцип "народное благосостаяние"- как "вытеснение кучки капиталистов с целью предоставить всему народу свободу в области производства "? Бірақ, бұл принципті Сунь Ятсеннің ең жақын жақтастары да қолдамады.

Республика жарияланғаннан кейін буржуазияның ұлттандыру принципі


ханьдық емес халықтарды ассимиляцияға бағытталды және

маньчжурлардың өз империясының құрамына зорлықпен эр кезеңде кіргізген монғол, тибет, үйғыр және тағы басқалар.Қытайлык емес халықтардың территорияларының Қытай Республика сы құрамында сақталуын қамтамасыз етуге бағытталды.

1912 жылы пайда болған Қытайдағы буржуазиялық саяси партиялар өздерінің бағдарламаларына " елдегі халықтың ассимиляциясы " немесе ' расалар ассимиляциясы " деген үран талабын енгізді. 1912 жылы наурызда қабылданған Қытай революциялық біріккен одағының бағдарламасы өзінің тоғыз пунктінің екінші пункінде "расалар ассимилизациясын жүзеге асыруды " талап етті.1

69

Конституциялық монархия қозғалыстар қайраткерінің бірлік

партиясының бағдарламасындағы 11 пунктінің 3-ші пунктінде "ұлттарды ассимилизациялау және бір бүтіндей мәдениет құру " деп атады. Юань Шикайдың инициятивасы бойынша құрылған парламенттік Прогрессивтік партия, өзінің үш принциптік жарғысының ішінде "улттандыруды жүргізуді " алғашқы орынға қойдыЛБүтіндей республикалық партия, "елдегі ¥лттардың ассимилизациялануын жүзеге асыруға тырысты".* "Қытай социолистік партиясы "нэсілдердің ассимилизациялануын талап етті".2Сунь Цзяожэн инициятивасы бойынша 1912 жылы тамызында құрылған, басшылары Сунь Ятсен, Хуан Син және тағы басқалар көрнекті Қытай революциясының біріккен одақ мүшелерінің ¥лттық партиясы(Гоминьдан), өзінің 5 пунктік бағдарламасының 3-ші пункінде " нэсілдерді ассимилизациялауды " талап етуді алға қойды."*

В.И.Лениннің 1912 жылғы маусымдағы "Демократия и народничество в Китае " деген мақаласында Синьхай революциясы қарсаңындағы Қытай қоғамындағы негізгі қайшылықтарды былай деп көрсетті:

"Объективное условия Китая,отсталой,земледельческой, полуфеодальной страны, ставят на очередь дня в жизни чуть не полумилиардного народа лишь один определенной, исторический своеобразный вид этого угнетения и этой эксплуатации, именно феодализм ... политическими выразителями этой эксплуатации были феодалы, все вместе и каждый порознь с богдыханом, как главой системы ".^2

Бірақ, Синьхай революциясы барысында жоғарыда көрсетілген себепкер күшіне Қытай буржуазиясы өз жауын анық тани алмады, халыққа (шаруаға ) антифеодалдық талапты ашып көрсетпеді және теориялық түрғыда да болса аграрлық мәселені алға қоя алмады оның барлық көңілі жатжерлік маньчжур монархиясын күлату болып: Тек Қытай революциялық демократияның өкілі Сунь Ятсеннің бағдарламасында біз халықтың жағдайын жерді национализациялау арқылы жақсартуды көздегенін көреміз,



70

бірақ, оның "жерге деген қүқығын теңестірілуі" талабы халыққа түсініксіз болды және ол революцияның ұйымдастарының мүшелері тарапынан қолдау таппады.

"Нацонализм" үраны антифеодалдық күрес түрінде де көрініс тапқанын жасыруға болмайды. Қытайдағы антифеодалдық күрестің айырмашылығы бүкіл жаңа тарихында кезеңінде оның кенеттен антиманьчжурлық кейіпке енуі еді. Бүған мысал ретінде "Белый лотос" таипин, няньцзюн, ихэтуан., және тағы басқа қүпия қоғамдар қызметін айтуға болды.

Буржуазия Синьхай революциясының барысы мен дайындығы кезінде антиимпериялистік талаптарды анық қоймады, ихэтуан көтерілісі басылып тасталқанғаннан кейінгі сол жерде қақалып қалған шетел эскерінің елден кетуі және 1901 жылы протокол бойынша келісілген жэбірлеу шарттарының жайылуы сол сияқты басқа да талаптарды анық қоймады.Қытай револбциянерлерінің революцияға дейіңгі және революция кезіндегі бағдарламалардың қүжаттарында, жергілікті халықты шетелдіктерге қарсы шықпауға және шетелдік державаларды , егер олар Циндіктерді қолдамаған жағдайда, бүрын келіспеген шарттардың барлығын мойындайтындарына сендіру сөздерін көреміз.

Сунь Ятсен қандай жолмен болса да державалардың бірігіп Цин үкіметі жағына шығуын іске асырмауға тырсты. Ол 1860-1900 жылдары шетелдіктердің көмегімен ғана маньчжурлар өз билігін сақтады деп ойлады. Державалардың 1911жылы Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы келіссөзге Юань Шикай жағында араласуы және шетелдіктер қолында болды. Қытайдың теңіз кедендерін уақытша республикалық Нанкин үкіметіне Орталық және Шығыс Қытайдың кеденнен және салықтын түскен пайданың бір бөлігін беруі революционерлер тарапынан антиимпериялистік көтеріліс жасауы көрінбеді.

Әртүрлі бағыттағы жекелеген публистистік революциялық демократиялық болсын конституциялық монархиялық қүжаттарда шетел державаларының




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет