1 -тарау. Синьхай революциясы және оның Қытай тарихындағы орны



бет5/6
Дата25.02.2016
өлшемі0.59 Mb.
#20143
1   2   3   4   5   6

71

Қытайдағы үрлық саясаты, олардың елдегі табиғи байлықтары үшін халықтың егемендік қү_қын тартып алуы, темір жол құрылысы және тағы басқа саясаттары туралы талқылаулар кездесіп жатты, бірақ бұның бэрі үшін кінәлі, шетел державасына қарсы түруға үмтылмаған немесе қарсы түралмаған Цин династиясы болды.

Сол уақытта маньчжурлар монархиясын құлату Синьхай революциясы барысында объетивті түрде антиимпериалистік кеіпте де жүрді.

Қытай буржуазиялық революционерлік бағдарламасында антифеодалдық және антиимпериалистік талаптардың жоқтығы Бірккен одақ бағдарламасының жалпы демократиялық түрде екенін және Қытай революционерлерінің практикалық қызметінің жоқ екендігіне негіз деуге болмайды. Оның декларациясында дайындалып жатқан одақ революционерлерінің Қытайдың Монғолдарға қарсы күресі мен маньчжурдің өктемдігіне қарсы күресінен айырмашылығы көрсетілген.

"Қазіргі революция,-деп көрсетілді Декларацияда, - өткен кезеңдердегі төнкерістерден айырмашылығы, ол мемлекеттік құрылысқа өзгерістер әкелуі тиіс және де халықтың әл-ауқатын өзгертуі тиіс".

Бұл өзгерістердің бағдарламасы көп түрлі, бірақ, оның мәнін мына сөздермен түсідіруге болады: "Еркіндік, теңдік, братство" *.

Сунь Ятсен маңындағы Қытай революционерлерінің демократиялық прогрессивті бөліктері және олар басқарған Қытайдың жаңару одағы (1884 -1905), Қытайдың революциялық біріккен одағы ( 1905-1911 ) тек қана ұлттық талап қойылуының аздығын түсінді.

Қытайдың жаңару одағының жарлығында көрсетілген революцияның төрт мақсатының, яғни: маньчжур варварларын қуу, Қытайдың жаңа қоғам құруы, республика құру және жерге деген қүқықтарының теңстірілуінің1 соңғы екеуі әлеуметтік және жалпы демократиялық түрде болды.

В.И.Ленин Сунь Ятсеннің революциялық қарсаңында алға қойған "үш ұлттық принцип" бағдарламасын жоғары бағалады, оны В.И.Ленин
72

Осы конституцияны қайта өңдеу үшін, Юань Шикай және кейін оны ауыстарған милитаристермен Қытайдың революциялық күштері арасындағы күрес 1925-1927 жылдары революцияға дейін жүрді. "Конституцияны қорғау" үранымен Сунь Ятсен басқарған Оңтүстік Қытай революционерлері мен Солтүстік милитаристер арасында қақтығыс жүрді.

Синьхай революциясы 1908 жылы В.И.Лениннің "Цинь империясына демократиялық қозғалыстан қашу жоқмідеген болжамын дәлелдеуі.

В.И.Ленин 1911 жылғы революция жеңісін өте жоғары бағалап оған монархиялық құрылысты жойған, Қытай демократиясының жеңісі ретінде көрді-?1'



73

1912 жылғы қаңтардағы Сунь Ятсеннің уақытша президент тағына отыру Декларациясы

1912 жыл қаңтар Қытай Республикасының құрылуының басынан ақ мен президенттік тақтың қандай маңызды екенін түсіндім, күні түні менімен халықтың маған артқан үмітін ақтау туралы ой мазалайды. Көтеріліс басталғанына бір апта өткен жоқ, біздің Қытай билігіміз ондған провинцияларда жарияланды. Бүндай жеңістің тез қарқын алуы тарихта болған емес. Белгілі бір уақытқа елде бірлікті сақтайтын органның тоқтатылғаны мен республикалық құру жұмысы ешбір уақыттың тоқталуын қаламайды, азаматтар маған уақытша үкімет күру міндетін тапсырды. Мен өзімнің жеке істерімнің нашарлығы туралы есеп бере отырып, мүндай жоғарғы тақты соған сай адам алса деп ойлаймын, мен, Вэнь бү_л тақты қабылдауға дэтім бармайды. Бірақ, мен өз міндетімді аяғына ддейін жеткізудің қажеттілігін біле түра, Отаныма қызмет етуге, мен, Вэнь, одан бас тарта алмаймын. Революцияның жоғары мақсаттары және азаматтардың еркі, мені халықтың талабын орындауға, Республика құрып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға барлық күш-жігеріммен мүмкіншілігімді салуға міндеттейді. Осыны мен ашық жүрекпен және анық шешіммен республика азаматтарына айта аламын.

Мемлекеттің түп тамыры-халықта. Бір мемлекет территориясына ханьдықтар, маньчжурлар және хуэцзу, тибеттерінің жерін бұл халықтың бірігіп бір бүтін болуы үшін біріктіру - біздің ұлттық бірлік деп айтамын.

Ухань бірінші болып эділеттілік үшін көтеріліс бастасымен ақ, ондаған провинциялар бірінен соң бірі тәуелсіздік жариялады. Басқаша сөзбен айтқанда, олардың әр қайсысы маньчжурлық Цинь династиясының билігін мойындауды тоқтатты және басқа провинциялармен одақ қү_рды. Монғолия және тибет халықтарының қалауы да осы. Бірлікте жұмыс істеу, бүкіл ел



74

көлемінде біздің территориялық бірлік деп атайтын орталық орган құрудағы барлық кедергілерді жою деген сөз.

Көтеріліске шығу туралы жер жерлерде хабар тарағанда біздің қажырлы, батыр әкерлеріміз ондаған провинциялардың территориясын жаулап алды. Сол кезде біздің эскерлердің ортақ бір құрылымы болмағанымен, олардың мақсаттары бэрібір бір болды. Ал, енді осындай мақсат бірлігінен бірігіп жұмыс істеуге көшу біз үшін қиын ба? Бү_л міндетті орындасақ біз әскери экімшілік бірлігіне жетеміз.

Біздің территория өте үлкен және әрбір провинцияларға өзіне тэн салттары мен дэстүрлері бар. Егер бүрын елді Цин үкіметі билеп орталықтандыру саясатын зорлық арқылы жүргізсе, енді әрбір провинция одаққа кіре отырып өз билігін орнатуға мүмкіншілік алады. Бү_дан былай елдегі азаматтық билік орталық үкімет пен провинциялар арасындағы байланыстың дүрыстығы негізінде жүзеге асуы тиіс.

Осы байланыстардың негізгі принциптері туралы келісім жасалғанда,оны жүзеге асыру қиынға түспейді.Осылайша біз елде азаматтық экімшілік бірлік орнатамыз.

Елді маньчжуриялық Цин династиясы билеп тұрғанда , конституцияны дайындау үшін деген сылтау саясатымен елді қаржылай тонау саясаты жүргізілді,қатал салықтар және тағы басқа қиыншылықтар халық өмірін нашарлатты.Енді мемлекеттік қажеттіліктер үшін қаражат қаржы жүиесіндегі ғылыми және рационалды негіздер тарапынан алынуы тиіс .Бү_л міндетті орындасақ біз қаржылық әкімшілік бірлікке жетеміз.

Біздің саяси және экімшілік қызметтеріміздің бағыттары міне, осындай. Осы бағытты үстана отырып, біз қателіктер жасаудан аулақ боламыз деп айта аламыз.

Біз жариялаған революциялық принциптер барлық елге түсінікті. Біздің күресіміздің мәні эрбір шетелдікке түсінікті, бүрын да көтерілістеріміз бірінен соң бірі сэтсіздікке ұшыраған кезеңде де эрбір шетелдікке де түсінікті



75

еді. Сегізінші айдың басталуымен (Қытайдың ай каленьдарында сегізінші ай Синьхай жылында 1910жылы 22-ші қыркүйек 22-ші қараша Европа каленьдары бойынша сэйкес келді) елде эділеттілік күні шығады және бү_л барлық дос мемлекеттер тарапынан мақұлданады. Егер олар, бейбітшілік үшін ортақ бағыт алса, олардың пірессасымен қоғамы бізге ыстық көңіл білдіреді. Біздің көрші еліміздің эрдайым достық қатынасы терең ризашылыққа ие бола алады. Уақытша үкімет жариялаған соң біз өзімізге өркениетті мемлекеттің барлық қызметін аламыз. Маньчжурияның Цин династиясы басқарған кездегі Қытай халқы көрген қорлықтар кезі аяқталды. Біз бейбітшілікті сақтау принципін сақтаймыз және басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынаста боламыз. Осы бағытты үстана отарып біз халықаралық аренада Қытай беделін өсіреміз.

Республика жариялағанына көп болмағандықтан, оның алдында ішкі және сыртқы саясатта жүздеген сүрақ түр, және мен, Вэнь, осы қйыншылықтарды жеңе алатын адамдар туралы ойлаймын... Революциялық рухты сақтай отырып біз барлық елдерде Қытай республикасының негізін қалай аламыз. Сонда ғана уақытша үкімет міндеттері аяғына дейін орындалады және біздің арымыз ащзаматтар алдында таза болады. Бүгінгі менің республикам азаматтар мен кездесуім де мен ашық ниетпен өзімнің ойымды 400 млн. халқыма білдіре аламын.

2. Уақытша Конституция

Сунь Ятсен болашақ Қытай республикасының конституциясын жаңа

принцип бойынша жасамақ болды. Яғни,биліктің бес тармағын атап

көрсетті:

1 .Атқарушы билік 2. Заң шығару билік

З.Сот билігі 4. экзаменационды

5 .Бақылаушы билік(контрольдық)



76

Сондай-ақ, Сунь Ятсен мемлекттік басқарудың кестесін салып көрсетті:

¥лттық жиын

Үкімет

Экзаменаци-ы Заң шығ. Атқар-ы Сот Контр.

палата палата палата палата палата

Басқа Ағарту Сыртқы Ішкі Қаржы Әскери Басқа да

минис-р мин-гі істер істер мин-гі мин-гі мин-р

мин-гі мин-гі

Провинциялық

билік

Уездік өзін-өзі басқару шартындағы тікелей халық билігі төмендегідей іске асады



Сайлау Референдум Басқа атқару
құқы қүқы орган-на отыру

құқы Ұлттық жиынға әр уезден бір

Заң швғару иници-сы құқы

77

адам саиланады

Атқару билігін президент, заң билігін-парламент, сот билігін судья жүзеге асыру керек, ал экзаменационды және контрольды билікке жеке тәуелсіз орган құру керек.

Экзамендік жүйе басқа елдерден бүрын Англияда пайда болды. Ал, Англия


негізінде бұл жүйені Қытайдан алған. Сондықтан, Қытайдың

экзамендік жүйесі ең көне және ең жақсы жүйе болып табылады.

Бү_л екі билікті-контрльды және экзаменационды палатаның атқарушы өкілдері жүзеге асырады.

Бұл схемада көрсетілгендей бес билік тармағынан бөлек халықтың тікелей билігі жүзеге асатын уездік өзін-өзі басқару бейнеленген. Халықтың тікелей билігі төрт құқықтан түрады: сайлану қүқұғы атқару орындарына отыру қүқы, заң инициативы қү_қы және референдум қүқы.

Сунь Ятсен чиновниктерді тағайындау жүйесінде де Англия мен Америка тэжербиелеріне сүйене отырып құрастырды.

Енді Сунь Ятсеннің "үш ұлттық принцип" туралы сөйлеген сөздерінен үзінді келтірсек, ол әр принципке жекелей анықтама берген.

Революцияның Қытайдың орталық және Оңтүстік аудандарына жайылуынан соң революционерлердің арасында, оның ішінде бірккен одақ мүшелері арасында республикалық үкіметтің ары қарайғы өмірі және Қытайдың болашақтағы қоғамдық құрылысы мэселесі туралы әртүрлі пікірлер айтылды. Біріккен одақтың төрт бағдарламалық үранының ішіндегі екеуі-маньчжурлықтарды қудалау және "республика орнату " орындалды деп саналса, қалған екеуі "Қытайды қайта құру" яғни, мемлекеттің ұлттық егемендігін алуы және жерге деген қүқықтың теңестірілуі орындалмады. Нанкинде республикалық үкімет құрылғннан кейін және маньчжур обсалюеизмі жойылғаннан кейін Сунь Ятсеннің саясатына қарсы шығу басталды, яғни, маньчжурларды жойған ұлттық революциядан кейін

78

әлеуметтік революция жасау керек. Бұл революция Қытай ауылдарындағы түрақтанған феодалдық күштерді жояды және халықтың басым көпшіліктерінің жағдайын жақсартады. Одақ ішіндегі помещиктік әлементтер және ірі, компрадорлық буржуазия өкілдеріСунь Ятсенге және оның жерді национализациялау туралы погрессивті бағдарламасы мен демократиялық республика орнату идеясына қарсы шықты. Қытайдың жекелеген провинцияларында Бірккен Одақтың мүшелері, Ху Ханьмин, Чэнь Цимэй және тағы басқалары Қытай шаруларының антифеодалдық революциялық көтерілістерін, жұмысшы таптың демократия және өз өмірлерінің жағдайын жақсарту үшін күресін басып тастай бастады.

Сунь Ятсеннің одақтағы жақтастары азйды. Олар империалистік державалар мен ішкі реакциялық күштердің қысымына көнуге мәжбүр болды. Юань Шикайдың республика жағына шығуын қамтамассыз ету үшін және Цин династиясына биліктен кетуі үшін Сунь Ятсен резиденттік тақтан Юань Шикай пайдасына бас тартты.

1912 жылы 12-ші ақпанда маньчжур императоры Пу И тақтан кетті. 14-ші ақпанда оның Юань Шикайға соңғы бүырығында уақытша республикалық үкіметті құру міндеті тапсырылды. 14-ші ақпанда Нанкиндегі жиында бір ауыздан Сунь Ятсеннің бас тартуын қабылдап, 15-ші ақпанда тағы да бір ауыздан Юань Шикайды Қытай республикасының уақытша президенті етіп сайлады.

Солтүстік Қытайдағы ірі жер иеленуші Юань Шикай, атақты феодал табы Хэнень провинциясынан шықты. Шаньдунь провинциясының болашақ губернаторы бола түра, ол империалистік державалар алдында Ихэтуан көтерілістеріне қарсы қатал репрессиясымен жоғарға беделге ие болды.1901 жылы юань Шикай астаналық Чжили провинциясына императорының орын басары болып тағайындады.Оның қызметінің бұл кезеңі Қытай армиясы үшін қару-жараққа тапсырыс беретін неміс капиталистерімен тығыз бвйланыс жасалуымен суреттеледі. Сонымен қатар, Юань Шикай басқада шетел

банктерімен қару-жарақ фирмаларымен байланыста болды. 1909 жылы Юань Шикай барлық лауамызым орындарына шығарылып, өз туған жеріне қуылды.

Оны жас император Пу И экесі, бүрынғы император Цзай Тян бауыры княз-регент Цун, қуды (1898 жылы Юань Шикай жесір императрица Цысиға Цзай Тянның оны биліктен тайдыру туралы жоспарын айтып қойғаны үшін).

Бірақ 1911 жылы қазанында революцияның белес алып түрған кезінде маньчжурлар Юань Шикай көмегін сүрауға мәжбүр болды. Ол Хубэй және Хунань провинцияларының наместнигі болып, кейін бүкіл қарулы күштер қолбасшысы, одан кейін премьер-министр болды. 1911 жылы 16-шы қарашада ол жаңа үкімет құрып, орталық, Оңтүстік Қытайдың революциялық эскерлері мен күресті басқарды. Осы кезде Юань Шикай Оңтүстіктегі республикалықтардың жекелеген топтарымен құпия келіссөздер жүргізді. Маньчжурлермен республикалықтар арасында жүре және империалистік державаларға сүйене Юань Шикай Қытай республикасының уақытша президенті лауазымына ие болды.

Президенттікті Юань Шикайға бере отырып Сунь Ятсеннің ойлаған ойы, Оңтүстік және Орталық Қытайдағы буржазиясы мен помещиктердің өкілі республикандықтар болашақ парламентте көпшілік орынды иеленіп, осылайша Солтүстіктің феодалдық, әскери, компрадарлық тобының лидері Юань Шикайды өз қолдарында ұстап, оның саясатын бағыттап отырамыз деп үміттенген.

1921 жылы 28-ші тамызда РСФСР сыртқы істер халық комиссары Чичеринге жазған хатында Сунь Ятсен "Қысқа уақыттық президенттік қызметімді мен Юань Шикайға тапсырдым , себебі, менің толықтай сенген, Қытайдың ішкі жағдайын маған қарағанда жақсы білетін достарым мені, Юань Шикайдың шетелдік державалардың көмегі тарапынан елді біріктіріп, республиканың түрақтылығын сақтай алатындығына сендірді. Енді менің достарым менің отставкамның үлкен саяси қате екендігін мойындады. Бү_л



80

Ресейде Лениннің орнына Москваға Колчак немесе Юденич, немесе Врангель келгенімен пара-пар".#г

Юань Шикай республика президенттігі қызметіне өте жоғары
байыптылықпен кірісті және Оңтүстіктердің саяси топтарымен арадағы
байланысты шиеленістіріп алмауға тырысты. Ол республикандықтардың
кейбір басшыларын өз үкіметінің құрамына кіргізді. Біріккен Одаққа
топтасқан Сунь Ятсеннің бүрынғы жақтастары маньчжур ьилігін
құлатқаннан кейін, күрестің парламенттік жолы мен, халықтың қатысуынсыз
Юань Шика й партиясын мемлекеттік басқарудан

алшақтатуды жоспарлады. Феодалдық тэртіппен шетел империализміне қарсы жү_мысшылар мен шаруалардың революцияның белсендіктері, жас Қытай буржуазиясы мен оған жанасқан либералды помещиктерді қорқытты. Бұл кезде Сунь Ятсен Қытайдың мемлекеттігін демократизациялау және қоғамның құрылысы, жұмысшы таптардың жағдайын жақсарту жоспарларын жасады.

Юань Шикайдың ойларына қате баға беру Сунь Ятсеннің өз қызметін саясат саласынан Қытайдың экономикалық даму саласына ауыстыруына себеп болған жағдайлардың бірі болды. Ол елдегі темір жол құрылысының керемет он жылдық жоспарын жасады. 1912 жылы қү_ркүйекте Юань Шикай Сунь Ятсенді өз жоспарын жүзеге асыруы үшін Қытайдың теміржол құрылысы бюросының бас директоры етіп тағайындады. Бұл жоспардың жүзеге аспайтынын білген Юань Шикай, Сунь Ятсенді бұл қызметке тағайындау оның саяси қызметінен аулақтатқанына қуанды.

Сунь Ятсен Біріккен Одақты қайта ұйымдастыру мэселесімен, 1912 жылы құркүйекте өтетін парламент сайлауына байланысты айналысты. Бірккен Одақ басшыласы бұл сайлауға көп көңіл бөлді, себебі олардың партиясы парламентке түрақты конституция мен жауапты бірпартиялық кабинет құру үшін көпшілік орынға ие болу. Осы арқылы, Юань Шикай билігін шектеуді



81

көздеген буржуазиялық республикандықтар жаңа партияны ұйымдастыруды негігі мақсат көрді.

1912 жылы 25 тамызда жаңа партияның алғашқы съці пекиде өтті. Бұл партия Гоминдань (Ұлттық партия) деген атақ алды. Съезде мынадай бағдарламалар көрсетілді; "саяси бірігудің аяқталуы", "жергілікті басқару" тағы басқа туралы. Ұлттық партияның ішкі саясатының бағыты, "Қытайдың басқа ұлттар арасындағы теңдігі", "халықаралық қатынаста көмекке ие болу", деп державасының Қытай республикасын мойындауы және теміржол, фабрика, завод тағы басқа қажеттіліктерге олардан карыз алу мәселелеріне арналды.

Синьхай революциясының ардагарі және Қытай халықының келесі кезеңдеріндегі революциялық қозғалыстардың көрнекті қатысушысы Хэ Сяннин өз естеліктерінде, 1961 жылы революцияның 50жылдығында, Біріккен одақты қайта ұйымдастырып, ұлттық партия құрылғаннан кейін, оның қатарына жаман ниетпен милитаристер, чиновниктер, помещиктер реакцианды Шэньши әлементтері енді. Олдардың юарлығы Сунь Ятсеннің "үш ұлттық принципіне" қарсы болды. Сунь Ятсен өз пікірін ашық айту үшін өз сөздерінің бірінде былай деді: "Біздің революциялық көзқарастарымыз мынадай: сыртқы саясат мэселесінде - державалар агрессиясына қарсы соққы беру, тең емес келіссөздерге қарсы күресу; ал ішкі саясат мэселесінде -капиталды шектеу, жерге деген қүқықты теңестіру".2

Қытай әлсіз, сондықтан, ол шетел державаларымен өз капиталистеріне қарсы шықпау керек дегендерге, Сунь Ятсен ызалықпен: "Егер біз державалармен күрескіиіз келмесе, егер біз капиталистерді шектегіміз келмесе, революция қиыншылықтарынан өтудің не қажеті бар еді?!"1. Бірақ, Суь ятсенің бұл көзқарастары 1912-1913жылдардағы оның қызметінде дами алмады.

Сунь Ятсен президенттіктен кеткенімен шетелдік державаларының қоғамдық пікірлері мен үкіметке, эсіресе, бірінші орынды Америка Құрама



82

Штаттарына Қытай Республикасы мойындауды сүрауды жалғастыра берді. 1912 жылы 24 қ^ркүйекте Нью-Йорктік "Сан" газетінде "Америка Құрама Штатындағы Қытайдың жақтастарына жолдау "жариялады. Сунь Ятсен Американы республикандық Қытайды мойындап, жас республикаға қарыз беруді сүрады. Сунь Ятсеннің бұл сұранысына да капиталистік әлем жауап бермеді.

1913 жылы ақпан-наурызда сол кезде темір жол құрылысы бюросының бас директоры қызметінде жүрген Сунь Ятсен Жапонияға барды, бұл жолы да оның Қытай Республикасын моцындап, Қытайға қарыз беру туралы үсынысы сәтсіз болды.

Қытай революциясының барысын бақылап отырған В.И.Ленин, 1912 жылы 8 ноябрьде "Правда " газетінде империалистік державалар үкіметіне әлі күнге дейін Қытай Республикасын мойындамағанына қарсылық білдірген мақаласын жариялады. В.И.Ленин "Жаңарған Қытай" мақаласында: "Алдынғы қатарындағы, өркениетті Европа Қытайдың жаңаруына көңіл бөлмейді.400 млн. азиаттықтар еркіндікке қол жеткізді, саяси өмірге деген қызығушылықтары оянды. Жер шарының бір бөлігі, Былайша айтқанда қарңғылықтан жарыққа қозғалысқа, күреске шықты.

Өркениетті Европаның Бүнымен жұмысы жоқ. Әлі күнге дейін, тірті Француз Республикасыда Қытай Республикасын мойындаған жоқ!"3'

1912 жылы сәуірде сөйлеген сөзінде Сунь Ятсен : "Қытайда бэрі шетелдік қарыз туралы эңгімеден обадан қорқандай қорқады. Шетелдік қарыз өнеркәсіп қажеттілігіне қоданбаған жағдайда ғана қорқынышты деуге болады. Егер қарыз өндірістік мақсатта қолданса ол пайдалы болады"Ғ Сунь Ятсен өз тыңдаушыларын шетелден қарыз алу пайдалы екеніне, елдің дамуына көмектесетініне сендірді және Америка материгінің дамуы Аргентина, Жапония гүлденуі осы шетелдік қарыздар арқасында екенін айтты.



83

"Қытайда барлық жерде өнеркәсіп дамыған жоқ, бэрі жұмыспен қамтылған жоқ қой. Мысалы: Гуанчжау провинциясын алсақ, жыл сайын бұл жерден шетелге мал сияқты 300 мың адам экетеді. Олар басқалар үшін жұмысшы малға айналады. Егер біз шетел капиталын пайдалана құрылысты кеңейтсек, Қытайлықтарға шетелден жұмыс іздеудің қажеті болмайтын еді және өндіріс елде күннен -күнге өседі"3!

1912 жылы 12 қыркүйекте Пекиндегі Қытайдық ақпараттық құралдарының жиналған жмынында, Сунь Ятсен өзінің темір жол құрылысы жайлы жоспарын айтты. Онда 6 млрд. доллор көлемінде шетлден қарыз алып және оны қырық жыл ішінде төлеу туралы, сол алған қарызға 100 мың км теміржол құрылысын он жылда салып біту жоспары айтылды.1

Сонымен бірге, Сунь Ятсен өз елінің шынайы патриот ретінде Юань Шикаймен оның артындағы реацияшылдардың іс- эрекеті жайлы да ойлады.

1912 жылы 31 тамызда Пекиндегі сөйлеген сөзінде Сунь Ятсен астананы Пекиннен елдің басқа бір жеріне ауытыруды талап етті. Ол өзінің бұл талабын түсіндіруде, Пекинде шетелдіктердің өздерінің елшілік кварталы бар екендігін және онда олар өздерінің эскерлерін үстайтындығын әр уақытта өздеріне пайдалы шешімге қару көмегімен қол қоюға көндіру қаупі бар екендігі туралы мэселені айтады. Сунь Ятсен ашықтан-ашық , астана маньчжурмен келісімге келген шетелдіктер өзділігінің иелігі санайтын Пекинде болуы мүмкін емес деп айтады. "Біздің астана шетелдіктер ісімізге араласпайтын жерге ауыстыруды мен үсынамын,"- деп өз сөзін аяқтады/'-5'

Сунь Ятсен Қытай Республикасының президенттігіне кеткеннен соң өзінің Қытайдың эканомикалық дамуы және халықтын әл-ауқатының жақсаруына арналған жоспарын халыққа насихаттауға көп көңіл бөлді.

Сунь Ятсен мынадай мэселелер бойынша сөз қозғады:

І.өнеркәсіп пен табиғи байлықтарды өңдеуді мемлекеттік бақылау.

2.Теміржолдар мен ірі кәсіпорындарды национализациялау,елуге келген азаматтардың барлығына пенсия тағайымдау, көпбалалыға мемлекеттік

84

пасобия жүйесін құру және елде социалистік революция жасау керек деген пікір айтты.

1912 жылдың көктемінен бастап Юань Шикай шетелдік банктер консорциумымен оған 60 млн. ф.ст. қарыз беру туралы құпия келіссөздер жүргізді.

Бұл қарызды беру үшін консорциум қатал талап орнатты. Ол бойынша консорциумға елдегі теңіз салығынан жиналған табыстың бэрін беру қажет болды.

Юань Шикайдың банктер консорциумымен келіссөздер жүргізіп жүргенін білген Сунь Ятсен мен оның жақтастары қарыз алудың қатал талаптарына қарсы шықты. Олар ақпарат көздеріне Юань Шикайдың консорциумымен келісімі жайлы мақалалар жазды. 1912 жылы 5-ші қыркүйекте Пекиндегі жтында сөйлеген сөзінде Сунь Ятсен Қытайға қарызды экономикалық емс саяси мақсат үшін алудың қажеті жоқтығын және шетел қарызын берудің талабы туралы халыққа толықтай мәлімет беруін талап етті.

1912 жылдың аяғында консорциумның өз ішінде империалистер арасындағы ішкі қақтығыстар нәтижесінде державалар арасында Қытай үкіметін қаржыландыру және бақылау жайында келіспеушіліктер пайда болды. Осы келіспеушіліктер нәтижесінде 1913 жылдың 18-ші наурызында АҚШ президенті Вильсон, Америка Құрама Штаттарының үкіметі американдық банкирлердің консорциум құрамында қалуын жақтамайтындығын айтты. АҚШ Қытайда өз бетінше іс жасамақ болды.

Қытай халқы мен Сунь Ятсенді үнататын В.И.Ленин осы мэселе төңірегінде 1913 жылы 22ші наурызында "Правда" газетінде "Қытай республикасының ірі жеңісі" деп аталатын мақала жарияланды: "¥лы Қытай Республикасы кейіңгі кезде алдыңғы қатарлы демократия құрғанын білеміз, және ол қаржының жоқтығынан қйындық көріп отыр. Алты "үлы" державалар өркениетті саналған олар, іс жүзінде реакциялық саясат жүргізуде Қытай қарызына байланысты банктер консорциумын құрды!

85

Қытайдағы революция Европалық буржуазия арасында Қытайды тонаушылыққа әкелген ойға жеткізген. Алты державаның консорциумы (Англия, Франция, Ресей, Германия, Жапония, АҚШ) республиканы жою үшін, Қытайды құлдыратуға тырысты.

Жас республиканың ірі жеңісі, ол осы консорциумның құлдырауы еді . Америка Құрама Штатының президенті,өз үкіметінің консорциумды жақтамайтындығын айтты... Енді американдық банктер консорциум құрамынан шықты: '"^

Республикандықтардың қарсыласуына қарамастан Юань Шикай ,бес державаның ьанктер консорциумынан 125 млн. доллар қарыз алды. Енді ол қарыздан бас тартуды жақтаған ұлттық партия басшыларына қарсы ашық террор саясатына көшті.

Консорциумнан американдық банктердің шығуы Юань Шикайдың контрреволюциялық қызметін американдық банктер қолдамайды дегенді білдірмеді. Американ дипломаттары белсенді түрде Юань Шикайдың барлық іс әрекетін қолдап отырды және оның үкіметін шетел державасын мойындаудың иницияторы болды.

Юань Шикайды шетел банктерінің консорциумы қолдауына қарсы, Сунь


Ятсен, өзінің сыртқы саяси қызметінде 1913 жылы Жапонияның іскерлері
арасынан қолдау іздеді. 1913 жылғы ақпан- наурыздағы Жапонияға
сапарында Сунь Ятсен Жапонияның іскерлері мен келісімге

келді.("Мицубиси","Мицуи","Ясуда" компанияларымен ), нәтижесінде Токиода "Қытай өндірістік қоғамы" құрылып, оның басшысы болып Сунь Ятсен сайланды.

1913 жылы 20 наурызда Юань Шикайдың құпия бұйрығымен Сунь Ятсеннің Біріккен одақтағы бүрынғы орынбасары және ұлттық партияның көрнекті басшысы Сун Изяожэнді атып кетті. Сунь Ятсен Шанхайға келісімен Юань Шикайға қарсы қарулы күрес бастауды талап етті. Бірақ, Хуан Син және ұлттық партияның басшыларынан құралған



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет