1. 1 «Қиын бала» ұғымының шығуы және ғалым-педагогтардың



бет3/6
Дата27.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#161139
1   2   3   4   5   6

Сәбилік кезең. Бұл кезеңде сәби ата-анасын сөзсіз жақсы көріп, айтқанын бұлжытпай орындауға тырысады.

Бозбалалық кезең. Бұл кезеңде бала ата-анасының бойынан, айтқан сөздерінен кемшілік тауып, қарсы шығып, оның айтқанын істемеуге тырысады.

Үлкейіп ақыл тоқтатқан кезең. Бұл кезеңде баласы ата – анасын мойындап, сыйлап, құрметтей бастайды.

Атақты педагог А.С. Макаренко «бес жасқа дейін тәрбие көрмеген баланы қайта тәрбиелеуге тура келеді, бірақ «қиын» болады» деп айтқандай бала ең алдымен өз ошақ басына қарап өседі. Баланың бас ұстазы ата-ана болып саналады. Отбасы мүшелерінің барлық қылықтары , іс-әрекеті балаға бұлжымас заң тәрізді әсер етеді» (48.).

Қазақстан республикасының « Қазақстан республикасындағы балалар құқығы туралы» заңының 24-ші бабында Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтіп-бағу және асырау жөніндегі міндеттері жазылған. Осы заңның аясында және Қазақстан республикасының әкімшілік кодексінің 111, 112, 113, 114, 115, 117, 331, 337, 338, 333 – ші баптары бойынша өз міндеттерін орындамаған ата-аналарға әкімшілік шара қолданып, айып пұлдар салынса, ата-ананың жауапкершілігі артады.

3.Стихиалы тәрбие. Жасөспірімдер нені үйреніп жатыр ? Компьютерлік ойындар мен теледидардан, бейне таспалармен интернеттен қатыгездік пен эротикалық фильмдер көріп, батыстан келіп жатқан сорақы тәрбиенің ықпалынан кері әсер алуда. Шекара асып келе жатқан есірткінің де әсері аз болып жатқан жоқ.

Сайып келгенде, нарық эканомикасы деп жүріп, жасөспірімнің тәрбиесіне айтарлықтай көңіл бөлінбегенін мойындауымыз керек. Нарық эканомикасы да бір қалыпқа түсіп, халқымыздың эканомикасы жақсарды. Қорыта келе, жоғарыда аталып өткен 3-тәрбие, оның ішінде ата-ана тәрбиесі мен стихиялы тәрбиені дұрыс жолға қою арқылы және Қазақстан Республикасы «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасымен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңының 10 – бап. Ішкі істер органдарының құзіреті, 12 – бап. Білім беру органдарының құзіреті, және 3-бап. Кәмелетке толмаған арасындағы құқық бұзушылықтардың қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттік саясат. Осы аталған заңның аясында ішкі істер, ата-аналар, ұстаздар және әлеуметтік педагогтар бірігіп, жұмыс жасасақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын аламыз.

Кентау қаласындағы облыстық арнайы мектеп интернатыда тәрбиеленіп жатқан қиын жасөспірімдердің «Құқық бұзушылы балалардың» мәліметін төмендегі статистикадан көруге болады.


Девиантты тәртіптің құрылымы


Девиантты тәртіптің құрылымы


Жасөспірімдердің тәртібіндегі ауытқушылықтың әр түрлілігін көрсету.

1 - топ

2 - топ

Көрсеткіш

%

Көрсеткіш

%

Алаяқтық

19

44,1

26

35,1

Бұзақылық

12

27,9

39

р<0,05


52,7

Қаңғыбастық

2

11,6

18

24,3

Тонаушылық

4

9,3

20

р<0,05


27

Транспорт айдап кету

-

-

10

13,5

Алкоголды және басқа да заттарды пайдалану және психиканың бұзылуы

33

76,7

61

82,5

Ерте жыныстық қатынас

37

86,1

69

93,2

Суицитальдік тәртіп

4

9,3

14

18,9


2.2.Агерсивті балалармен жұмыс жасау ерекшелігі

Бүгінгі таңдағы қоғамдағы ірі өзгерістер мен күрделене түскен экономикалық жағдайлар жас ұрпақ психологиясына айрықша әсер етіп қана қоймай, күн сайын күшейе түскен бұл қолайсыз факторлар мектептегі оқу тәрбие үрдістерін жақсартудың баламалы жолдарын іздестіруді талап етеді.

Ежелден мәлім қағида – адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып, қалыптасуында отбасылық ықпалдың алар орны ерекше. Отбасының рухани тірегі – ата-ана. Өкінішке орай, кейбір реттерде мектептегі тың жаңалықтар мен бағдарламаларды еркін меңгеріп, өмірдің барлық кедергілерінен сүрінбей өтуге бейімділігі бар оқушыларға рухани және материалдық қолдау көрсетуге ой - өрісі, шамалары жетпейтін ата-аналарда кездесіп қалады.

Егер ата-анасының рухани жан-дүниесі кедей, мәдениеті төмен болса, ондай адамдардан ақыл – сезімі нашар, жігерсіз нәресте келетіні шындық. Ежелгі Қытай трактаттарында, үнділердің киелі жазбаларында бала құрсағында оны дүниеге әкелудің нақты әрекеттерінен көп бұрын-ақ бищэнергетикалық жағынан қалыптасатыны айтылған. Бала ата-анасының психобиоэнергетикалық жағдайынан және олардың сүйіспеншілік сезімінен, жан-дүниесінің толқыныстарынан пайда болады. Осынау көзсіз де мөлдір қарым-қатынастар арқылы ерлі-зайыптылар ғарыштан балаға тіршілік дәнін егетін қуат, қазақша айтсақ, баланың жанын таратын көрінеді . Егер ерлі – зайыптылардың ортасында махаббат болмаса және рухани жағынан мүгедек болса, әлгі ғашықтық қуатты толық тартуға шамалары келмей, олардан туған сәбилер өмірдегі жағымсыз құбылыстардың алдында әлсіз болып жаратылады. Айналадағы зиянды әрекеттерді бойына тез сіңіріп алатын, тиянақсыз, жақсы нәрселерге жуымайтын содырлар осындайлардың арасынан шығады. Сондықтан қоғам алдында рухани кемелденген адам қалыптасуындағы ата-ананың жауапкершілігі аса зор.

Мектепке балалар көбінесе отбасынан мінез – құлқы қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу тәрбие ісі оларға ата – анасы берген қабілеттерін шыңдау үшін бағытталады. Міне, осы орайда, балалардың бойындағы жағымды қасиеттерді оятып, жағымсыз мінез, әдеттерді жою талабы педагогикалық іс-әрекеттердің тиімділігіне байланысты болмақ.

Мұғалімдік іс-тәжірибеде ата-аналардан үнемі: «балам төбелесе береді, бір орында тыныш отыра алмайды, немесе тақтада жауап беруге қорқады, не істеу керек ?» деген сұрақтар жиі қойылады. Ал мұғалімдер қауымынан: Қазіргі балалар өзгеше «қиын» болып кеткен деген лебіздер естиміз. Бұл сұрауларға мектеп мұғалімі, дәрігер, ата-ана, әлеуметтік педагог, психолог бірлескен іс-әрекет негізінде ғана көмек бере аламыз. Бастауыш сынып оқушыларына білім беру үрдісінде әсіресе «ерекше» балалар мінез құлқы өзіне көңіл аудартады. «Ерекше» балаларға әр сыныпта кездесетін: агресивті балалар, өте белсенді балалар, мазасыз балалар тобы жатады.

Болашақ қоғамның негізін – мектеп оқушылары құрады десек, соларға жан жақты дұрыс тәрбие беріп, білікті азамат етіп өсіру бәріненде бұрын мұғалімдердің еншісінде. Мұндай абыройлы мақсатты атқару үшін, әрине мұғалімдердің өздері сауатты, білмді, ұлттық тәлім - тәрбие мен мінез – құлық мәселелеріне барынша қанық болуы керек. Бірақ олардың өздері осындай білімді қайдан алады деген сұрақ бой көтерері анық.

Міне, соған байланысты болашақ ұстаз мамандарға балалармен тиімді қарым-қатынаста болу , әсіресе агрессивті балалармен жұмыс жүргізу бағдарламасын ұсынып, әдістемесін үйретуді жүзеге асыру қолға алынды.

Агрессия әрине, кенеттен пайда болмайды. Ол жеке адамдар арасындағы әр түрлі қарым-қатынастар, қорқытып-үркітуден пайда болады.

Адамның түскен ортасының ерекшелігі агресивті әрекеттің жоғары немесе төмен болуына әсерін тигізеді. Мысалы: ауасы тар, темекінің иісі бар бөлмедегі агрессивті әрекет, ауасы таза бөлмедегілерге қарағанда күштірек болады. Адамның жеке басының тәртібіне байланысты болады. Айталық «дұрыс» адамдардың арасында басқаларға қарағанда ашуланшақ, өзін - өзі ұстай алмайтындар агрессивті көрінеді.

Психолог – ғалымдар агрессияны бірнеше түрге бөледі. Э. Фром екі түрі бар дейді: «зиянды», «зиянсыз».

Зиянсыз агрессия: қауіп төнген кезде ғана пайда болып (қорғану мақсатында) артынан басылады.

Зиянды агрессия: қатыгездік пен қауіпке толы болады.

Ал, З. Фрейд пен К. Лоренц адам баласы агрессияны бағындыра алмайды, сондықтан оны керек бағытқа бұру керек деген.

Агрессия ми бөліктерінің әр түрлі ауруға шалдығуы немесе әлеуметтік жағдайларға байланысты пайда болуы мүмкін.

Бүгінгі кино, бейнефильмдердегі қатыгездік, күш көрсету көріністері көрермендердің агрессивті деңгейін арттыруға себеп болатындығын қазір ғылыми ізденістер дәлелдейді.

Егер қандай да бір агрессивті қылық көрсеткені үшін ата-ана баланы қатаң жазаласа, ол өз ыза-ашуын, ата-ана алдында көрсетпей ішіне сақтауға үйренеді, бірақ бұл оның басқа жағдайларда агрессивті қылық көрсетпейтініне кепіл бола алмайды.

Балалар көп жағдайда барлық назарды өзіне аудару үшін де агрессивті қылық көрсетеді.

Ата-ананың көнгіштігі, шешім қабылдаудағы сенімсіздігі , мінез жұмсақтығы баланың бойында «айтқанымды істетемін» деген агрессивті әрекет туғызады.

Сондықтан агрессивті балалардың мінез-құлқын т әртіпке келтіруде мына бағыттарда жұмыс істеу қажет:

І. Ашу-ызаны қолдануға болатын жағдайларға үйрету;

ІІ. Балаларды әр түрлі жағдайларда өзін-өзі ұстай алуға, өзін-өзі басқару әдістеріне үйрету;

ІІІ. Шиеленіскен жағдайларда сөйлесу дағдыларын қалыптастыру;

ІV. Адамдарға сену, жаны ашу сияқты қасиеттерді қалыптастыру.

Дарынды психолог әрі педагог Жүсіпбек Аймауытовтың «Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, мұғалім адамның ақылын, жанын сауықтырады» (8.) деген қанатты қағидасын әрқашан жадымызда ұстауды ұмытпағанымыз абзал.
3 сызба


АГРЕССИЯ





Жағымсыз

(оппозициялық қылық)


Бағытталған



(өсек, мысқыл, тілмен шағып алу)

Бағытталмаған

(көпшілік ішіндегі айқай, тепсіну т.б.)


2. 3.«Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары
«Адамның баласын заман өсіреді. Кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі» (13.) деп Абай атамыз айтқандай, бала тәрбиесіне бәріміз де: мектеп, ұстаз, ата-ана, қоршаған орта, қоғам жауаптымыз. Ата-бабаларымыз бізден бұрын бала психологиясын танып, адамның жан дүниесіне үңіле білген. Ал, бұл қасиет дәл қазіргі уақытта бізге өте қажет: баланың ішкі дүниесіне үңіле білу, жан-сезімін түсініп, ұғыну, оған көмектесу. Мысалы, «Балаңды 5-7 жасқа дейін патшадай сыйла, 10-15-ке дейін құлша жұмса, 15-17 жасынан ақылға-ақыл қосар дос, жолдасыңдай сыйла»деген ғибаратты баланың даму психологиясын жас ерекшеліктеріне қарап, сипаттап, саптап бөліп қойғандай. Осы кезеңдердің бірінен аттап кетсек тәрбиенің күрт бұзылуы даусыз.

Орта білім дамыту тұжырымдамасында «Қоғамымыздың ірге тасын нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін көркейту керек» делінген. Бұл үшін психология, педагогика ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып, нарықтық экономикаға сай дені сау, ұлттық сана – сезімі жоғары, рухани ойлау дүниесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу- міндетіміз.

Осынау өмірдегі әрбір жасөспірімге тән қасиет яғни, көңілінің қамауы – ешкімге бағынышты болмай, қатар-құрбыларымен бірге ойнап, бірге күліп, ішкі жан сырларын да бірге бөлісіп, балалық бал дәуренін көңілді өткізу. Ол сондай-ақ тіршілік көшіне үлескісі келіп, жеке басы үшін әрқандай қам-қаракет жасайды, өзін болашаққа бағыттайды. Осындай ұмтылыс әрбір жас жеткіншектен көрінгенімен, оның сапалық дәрежесі әркімде әр түрлі болады. Мысалы, қиын балалардың болашаққа ұстанған бағыты басқа жасөспірімдерден өзгешелеу болып келеді. Тәрбиесі «қиын» балалар әдетте өмір тәжірибесінің таяздығынан, көп ретте ерік-күшінің аздығынан, берік қалыптаспауынан кездескен қиыншылықты жеңе алмай, тағдырдың тәлкігіне түсіп кете барады.

Тәрбиесі «қиын» балалардың пайда болуына бірден-бір себепші болатын және жағымсыз жағдай туғызатын – отбасы тәрбиесі. Оның бастылары: - біріншіден, баланың күнделікті жүріс-туыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ-шарап ішу, дау-жанжал, ұрыс-керіс туғызу;



  • екіншіден: тәрбиенің көзі- баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң-мұқтажын қамтамасыз ету деп санаушылық;

  • үшіншіден, жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қалыптастырмау. Оқушының жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырасу және жаңа адамның отбасы мүшесі болып енуі де себеп болады.

Отбасындағы тәрбиеден кеткен кемшіліктер мектеп жағдайында одан да бетер шиеленсе түсетіндігі айқын. Себебі мектепте де баланың жеке басын силамай, әкімшілік көрсету баршылық. Мектеп мұғалімдері мен қиын балалардың қарым-қатынастары «қиын» айтуымен, ұрысу ар-ожданына тию тәрізді. Педагогикаға жат әрекеттермен сипатталады.

Мұғалімдер мен қиын балалардың арасындағы қарым қатынастар жүйесіндегі кемшіліктерді төмендегіше топтан өткізуге болады.



  1. Мораль белгілерімен заң нормаларын ұстамауға бейімділігі бар оқушыларды алдын-ала айқындай алмау. Мұғалімдердің кейбіреулері оқушының дара ерекшеліктеріне, адамгершілік тәрбиесі нормасынан ауытқу себептеріне толық көңіл аудармаған. Ұжым арасындағы қарым қатынастардағы кемшіліктерді жоймау, балалардың бос уақыттарын нәтижелі ұйымдастырмаудан деп санаймын.

  2. Тәрбиесі «қиын» оқушылармен тіл таба алмай, яғни жеке педагогикалық ықпалдар жасай алмаудан барып, педагогтық этикаға жатпайтын тәсілдері: ұрсу, әрбір қылықтарын талдауға алу, орынсыз жазаламау, қандай бір жөнсіз «әрекеттер» болсын оны сол балаға жабу, кемсіту т.б. қолдану, дұрыс қолданылмаған шара жас өспірімдердің ыза кегін туғызып, қарсылық көрсетеді.

  3. Кейбір педагогтердің кәсіптік деңгейлерінің төмен болуы және психологиялық тұрғыдан балалармен жұмыс жүргізуге дайындығының жеткіліксіздігі, өз пәндерінен білімдерінің таяздығынан, тәрбие жұмыстарын ұйымдастырумен өткізуде методикалық шеберліктер дәрежесі төмен болуы себеп болған.

Қиын оқушылардың проблемаларын шешуде оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін педагогтер білулері қажет. Себебі, қандай бір педагогикалық ықпалдар жасалмасын олар баланың ішкі жан дүниесімен сабақтасып жатуы тиіс.

  1. Оқушыларға ықпал жасайтын басты тұлғалардың бірі- сынып жетекшілері. Сынып жетекшілері жүйелі жоспар құрып, шәкірттермен ақылдаса ата-аналармен бірлесе жұмыс істеген жағдайда ғана үлкен нәтижелерге ие бола алады. Сондықтан ол әр уақытта оқушыларының күшті және әлсіз жақтарын ескеріп, нәтижелеріне жүйелі салыстырулар жүргізіп, нақты талдау жасап отыру тиіс. Ең бастысы әрбір ұстаз өзі атқаратын тәлім тәрбие ісін ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, шәкірттерін жан-жақты білуге ұмтылған дұрыс. Оқушылардың тәрбиелік деңгейі нақты анықтау үшін үздіксіз жұмыс істеу керек. Бұл ретте ұстаз оқушылардың тәрбиелілігін көрсететін саналылығы, адамгершілігі мен имандылығы, эстетикалық талғамы, танымдық даму дәрежесі, қызығуы, қоршаған ортаға, өнерге бейімділігін тағы басқа ескеруі керек.

Сынып жетекшілері туралы әдістемелік хатта: Сынып жетекшісі әр уақытта оқушылардың жаңа ұжымын қабылдай отырып, ең алдымен отбасының бала тәрбиелеу шарттарын зерттейді делінген. Сондықтан тәрбиешінің ең бірінші міндеті – балалар өсіп тәрбиеленетін ортаны зерттеу. М. Дулатов «Жақсы білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек.»(51.) деген.

Жас ұрпақ тәрбиесі бір пәс босаңсуды, бейғамдықты көтермелейтін тіршілік тынымсыздықтың аса өзекті тетігі болғандықтан ешқашан күн тәртібінен түскен емес. «Бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар опат болады» дейді ертеден келе жатқан көнелер сөзі. Осы салыстырудың өзі-ақ баланың шынайы мәніндегі «Адам» болып қалыптасуы қыруар уақыт пен еңбекті қажет ететін аумағы кең , жауапкершілігі мол күрделі процесс екенін ұқтырса керек.

Қазіргі таңда тәрбиесі «қиын» балалар мәселесі қатты алаңдатып отыр. Ахмет Байтұрсынов айтқандай (балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін ұлт қайдан болсын.)

«Қиын» оқушылардың ерекшеліктері. Ең біріншісі олардың дара ерекшеліктерін зерттеу қажет.



  1. Темпераменті, жыныс және жас ерекшеліктері (физиологиялық ерекшеліктері)

  2. Адам дамуындағы психологиялық процестерінің кейбір дербес ерекшеліктері ( ес, қиял, ерік, түйсіну, эмоция қабылдау және ойлау биологиялық ерекшеліктері)

  3. Баланың күнделікті тәжірибесі, білімі, әдет-дағдысы, іскерлігі мен ептілігі.

  4. Жеке адамның жалпы бағыт-бағдары мен адагершілік қадір-қасиеттерінің бірлігі .

Қиын бала туралы жалпы мәлімет, отбасындағы тәрбие жағдайы, сыныптастарының қиын балаға қатысы, қиын оқушының оқуға, еңбекке айналасындағы адамдармен өзіне қарым қатынасы.

Педагогикалық шешім:

а) отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда қандай жағымсыз әдет-дағдылар баланың мінез-құлқына, жүріс-тұрысына әсер ететіндігін анықтау.

ә) қиын баланың бағыт-бағдарындағы тіректі адамгершілік қасиеті болмаса, соның негізінде қайта тәрбиелеу процесін құрудың программасын жоспарлау.

б) дербес ерекшеліктерін ескеріп, оның адамгершілікті сыр сипатын, оқу тәрбие процесінде дамытуды ұйымдастыру мен басқаруда және басын сыйлау, оның дамуына обьективті жағдайлар туғызу.

Қайта тәрбиелеу процесіне қойылатын шарттар.



  1. Әрбір қиын баланы жан-жақты зерттеп, мінез-құлықтарының бағыт-бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік ниеттегі қасиетін іріктеп алу.

  2. Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәрбиелерін құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге дұрыс көз-қарасты ұжымшылдық қарым-қатынас қалыптастыруды ұйымдастыру.

  3. Әрбір жеке адамның ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін және шығармашылық талап-тілектеріне орай қабілетті мен икемшіліктерін дамыту, қоғамдық жұмыстарға қатыстыру.

  4. Кейбір қиын оқушылардың оқу-тәрбие процесінде және ұжымшылдық өмір қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, дер кезінде қол ұшын беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын себептерді жою.

2001-2005 оқу жылдарында Кентау қалалық ішкі істер бөлімінің жасы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімде 10 оқушы есепке алынды.

2001 -2002 -1

2002-2003 -2

2003-2004 – 0

2004-2005 -7

2005-2006 -0

Мектепішілік есепке әр сыныптан тәртіп бұзуға бейім 87 оқушы алынды. Сыныптар бойынша қоғамдық тәрбиешілер бекітілді. Әр қоғамдық тәрбиешінің жеке, әр сынып жетекшісінің сыныпқа арналған бақылау күнделігі бар. / таныстыру/

Әр сынып құжаты ішінде



  1. Қоғамдық тәрбиеші туралы жалпы мәлімет.

  2. Мінездеме

  3. Пән мұғалімдермен байланыс, пікірлер.

  4. Хаттамалар.

  5. Түсінік хаттар

  6. Табель көшірмесі

Бақылау, зерттеу күнделігі

Келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында сынып жетекшілерімен, ата-аналармен, пән мұғалімдерімен «Қателесу, оны түзету жолдары», «Қысым мен қиянат қарсы әрекет туғызады», «Ізгілікті қарым-қатынас мәдениеті», «Кекшілдік», «Агрессивті балалармен жұмыс істеу ерекшілігі», «Тәрбиесі «қиын» оқушылармен жұмыс ерекшілігі» тақырыптарымен әр түрлі типтегі іс-шаралар өтілді. Мына тақырыптарда ата-аналар университеті өтілді. «Баланың бас ұстазы- ата-анасы» / конференция/ . «Девиантты балаларды қайта тәрбиелеудің маңызы». «Ата-балаға сыншы» «Әкелер конференциясы». «Ата –бала дәстүрі- әдептілік негізі».

Мектепішілік есепке алынған балалармен көңілділер, тапқырлар, ептілер және «Бәрекелді, сайып қыран» сайыстары өтілді. Ерекше бақылауға алынған оқушылар қоғамдық тәрбиешілер бекітілген: Алиев Жомарт, Тұржанов Сейілхан, Дәуренов Мақсат, Құлтаев Бақытжан, Көлбаев Қанат тәртіп бұзуға бейім оқушылармен бақылау күнделігін жүргізіп, ол оқушылардың сүйікті ісіне тартылуына (үйірмеге тартылу, мектептен тыс, мектепішілік іс-шараларға ) жағдай жасауда.

Қорыта айтқанда, қиын баланы қайта тәрбиелеуде үш кезең бойынша жұмыс нәтижесі шығарылды.



Бірінші кезең – дайындық кезеңі. Бұл кезеңде оқушы тәртібінің төмендеу себептерін анықтадық. Баланың жалпы психикасын жан-жақты талдап, адамдармен қатынасындағы жақсы қасиеттерін бағдарлауға назар аудардық. Қандай бір қиын оқушы болсын, оның мінез-құлқынан шамалы болса да жақсы нышандар кездестіруге болатынын білдік. Міне, осы жақсы қасиеттерін негізге ала отырып, оқушыны қайта тәрбиелеудің болашақ жоспарын жасап, оны іске асыруға әрекеттендік.

Екінші кезең – педагогтің сынып алдындағы жауапкершілік кезеңі. Педагог өзінің мағыналы ісімен сынып алдында абыройға ие болғанда ғана қиын жасөспірімдермен екі арада сыйластық, сенімдік қарым-қатынастар орнығады. Осындай бір-біріне деген сенім арқылы қиын жасөспірімдердің жағымсыз қылықтарының ішінен тәуір қасиетін бөліп алып, соған оқушының өз назарын аударуға болады. Жеке қайта тәрбиелеу жұмысын осылай жоспарлы ұйымдастырса ғана, баланы өзінің қыңыр мінезінен жирендетіп, ізгі ой-сезімін ояту мүмкіндігі туады.

Үшінші кезең – өзгеріс кезеңі. Бұл кезеңде қиын баланың ішкі дүниесінде «күрес» пайда болады. Күреске шыққан екі қарсыластың бірі- бұрынғы теріс қылықтары да, екіншісі – қалыптаса бастаған жаңа, жақсы мінез машықтары. Бұрынғы теріс қылықтары баланы еліктіріп артқа тартса, үздіксіз жүргізілген тәрбие жұмысы оны алға сүйрейді. Осы бір сәтте тәрбиеші-педагог баланың жақсы қасиеттерін қолдап, ішкі рухани қажеттерін қанағаттандыру арқылы ілгері жетелеп, қоғамдық жұмыстарға тарту арқылы балаларды бір-бірімен адамгершілік қарым-қатынасқа түсіріп, жақсы қасиеттерін молырақ қалыптастырады.

Соңғы үшінші кезең жеке қайта тәрбиелеудің ең нәтижелі – бекіту кезеңі болып есептеледі. Өйткені, қиын жасөспірім өзін-өзі тәрбиелеуге талаптанып, мінез-құлқының оңды сипаттарын өз бетінше дамытуға бет түзейді. Бұдан әрі педагог-тәрбиеші сол тәрбие ортасының өзіндік ерекшелігіне қарай белгілі болған ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдаланып, бала өзін-өзі тәрбиелеуге ақыл-кеңестер беріп отырады.

ІІІ тарау. Әлеуметтік педагогтың қиын жасөспірімдермен жұмыс жасауы және оларды қайта тәрбиелеу жолдары

3.1 . Жасөспірімнің дұрыс әлеуметтенуін әлеуметтік

педагогикалық тұрғыдан қарастыру

Қоғамымызда жыл өткен сайын қылмыс жасаушылардың жасы жасарып, нашақорлық, жезөкшелік, девиантты тәртіптегі балалар саны өсіп отыр. Сондықтан қазір жалпы білім беретін мектепте «қиын» баланы қайта тәрбиелеу мәселесі – аса өзекті педагогикалық әрі әлеуметтік проблемаға айналды.

«Қиын» бала ұғымын барлығымыз естіп жүрміз, бірақ бұл терминнің артында не жатыр? Қоғамдық тәртіп сақшылары үшін – ол тәртіп бұзушы, мұғалім үшін – ол басқа оқушыларға жағымсыз әсер ететін «шартсыз көшбасшы», тәрбиеші үшін – ол белсенді, бағынбайтын сотқар бала. Бұл баланы қалай түзетеміз? Бұл орайда еліміздің осы кезеңдегі әлеуметтік педагогтары «қиын» бала тәрбиесі төңірегінде мектептің тәрбие ісінде басшылыққа алуына болатындай бірсыпыра оң ұсыныстар беруде.

Атап айтсақ, олар:



  • оқушы баладағы құндылық бағдарының мазмұнын анықтау;

  • отбасы тұрмысындағы қарым –қатынастарды , сәтсіздіктерді, бала тәртібін қадағалаудағы ата-ананың іс-әрекеттерін зерделеу;

  • баланың сабақтан тысқары уақытын қадағалау;

  • баланың шартсыз топтарға қатысуын, ондағы көшбасшылық деңгейін зерттеу;

  • баланың девиантты тәртібінің себептерін анықтау;

  • «қиын» баланың пайда болу себебін әлеуметтік педагогикалық тұрғыдан анықтап алу;

  • «қиын» балаға көмек көрсету үшін мақсатты және жүйелі түрде тәрбие жұмысын жүргізу және т.б.- Ал орыс халқының ұлы педагогі әрі өз кезеңінің шебер тәрбиеші- ұстазы А. С. Макаренконың әрбір жасөспірімнің өзіндік жас ерекшеліктеріне сай жеке қайта тәрбиелеу әдісі бұл күндері мектептегі тәрбие ісінде ерекше орын алады. Ол әр сынып жетекшісіне, тәлімгерге төмендегідей ақыл –кеңес береді;

  • Қиын баланың пайда болу себеп-салдарын білу және әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктерін, тәрбие жағдайын анықтау;

  • Мінез құлқында аз да болса оң өзгеріс байқалса, соны дамытып, өрбіту, яғни теріс қылықтарына өзін қарсы қойып, өзін қайта тәрбиелеуге дайындау;

  • Отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктерді жою, ата-ана мен бала арасындағы қатынасты жүйеге түсіру;

  • «қиын» баланың ынта ықыласын, талап-тілегін, қызығушылығын ескеріп, қоғамдық пайдалы еңбектерге қатыстырып, тапсырмаларды бар зейінімен орындауға бетбұрыс жасату;

  • өзін - өзі қайта тәрбиелеуге қабілеті жететініне сенімін арттыру, жеке басын құрметтеуге үйрету, барша оқушыға біркелкі талаптар қою, педагогикалық ынтымақтастық қатынаста болу.

Аталған әдістемелік ұсыныстарды басшылыққа алып, біз мектептегі «қиын» баланы қайта тәрбиелеу ісі бойынша ұжымның алдында төмендегідей әлеуметтік педагогикалық талаптар қойдық:

  1. Әр «қиын» балаға арналған күнделік жүргізу. Күнделікте «қиын» баланы қайта тәрбиелеуді қажет ететін қылықтары есепке алынады: баланың әр сабақтағы белсенділігі, себепсіз босатқан сабақтары, ата-анасының, сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен, сыныптағы жолдастарымен қарым – қатынасы, пәндер бойынша үлгерімі және сабақтан тыс уақытты пайдалануы, өз қызығушылығы бойынша үйірмеге қатысуы.

  2. Педагогикалық кеңесте және әдістемелік бірлестіктер мәжілістерінде «қиын» бала мәселесін жүйелі түрде қарастыру. Арнайы әлеуметтік педагогикалық шешім шығарылады және хаттама жеке жазылады. Шешімнің орындалуын мектеп директоры қадағалайды.

  3. Оқу жылының аяғында педагогикалық кеңесте жеке қайта тәрбиелеудің нәтижесі талданады, жіберілген кемшіліктерді жою жолдары қарастырылады. Келесі оқу жылына қайта тәрбиелеу жұмысының жоспары жасалады.

Тәрбиесі қиын оқушыны болдырмау мақсатында біздің мектепте «Бұзақылықтың алдын алу кеңесі» жұмыс атқарады. Кеңестің төрайымы, мүшелері сайланады. Жұмыс жоспары мектептің орналасқан ауданының қиындықтарын ескеріп жасалады. Кеңестің мақсаты: оқушының есепке алынуының себептерін анықтау, қиындықты шешу жолдарын көрсету, бұзақылықтың алдын алу шараларын ұйымдастыру. Кеңес айына бір рет немесе қажетіне қарай екі рет отырыс өткізеді. Кеңесте оқушының құжаттары қаралып, шешім қабылдағаннан кейін бала мектепішілік есепке алынады. Есепке алынған оқушыға көмек көрсету, алға тарту, қиындықты жеңу жолдарын көрсету мақсатында сынып жетекшісі осы оқушы үшін тәлімгер болып тағайындалады.
2 сызба.

Тәлімгер Ата-ана

Әлеуметтік педагог


/2 сызба/ Ол әлеуметтік педагогпен, ата-анамен бірлесіп, қайта тәрбиелеу жұмысын жоспарлы түрде жүргізіп отырады. «Қиын» жасөспірімнің қайта тәрбиеленгендегі деңгейін анықтау үшін келесі белгілер (критерийлер) басшылыққа алынады:

  • рухани дүниесінің өзгерісі (табандылық, істі өз бетімен орындауы, еңбексүйгіштігі, адалдығы, уайымшылдық және басқа адамдарды түсінуі), дүниетанымындағы өзгерістер, өз болашағына көзқарасы: өзін - өзі баға беру сезімінің оянуы;

  • еңбекке, оқуға, тапсырма мен міндетті орындауға ынталануы;

  • болашақ ұстанған бағытында, жаңа жақсы нышандардың байқалуы;

«Қиын» баланы тәрбиелеудің ықпалы мынадай сұрақтар негізінде анықталып отырады:

  1. Сен мектепте қандай қоғамдық тапсырмаларды орындадың? Олар саған қандай рухани күш – қуат береді?

  2. Мектепті бітірген соң не істемек ойың бар және алдыңда қандай мақсат тұр?

  3. Қолыңнан қандай істер істеу келеді? Мектепте неге үйрендің?

  4. «Отаныңды сүй», «Өз халқыңның азаматы бол» деген нақыл сөздерді қалай түсінесің?

  5. Темекіге – «жоқ». Бұл тұжырымды басқаша қалай айтуға болады?

  6. «Нашақорлық – бұл ауру, оны емдегеннен гөрі алдын алған жеңіл» Сөйлемнің мағынасын түсіндір.

  7. «Ішімдік ішу – азғындатушы және кісі жазалаушы», - дегенді қалай түсінесің?

  8. Ішімдікке салынуға әкелетін жолдарды ата.

  9. «Есірткі – адам баласының қас жауы» Мысал келтір. Есірткіден қорғануға болады ма?

10.«Тәуелді болу» деген не? Тәуелділік қалай пайда болады?

  1. «Салауатты өмір салты- біздің мақтанышымыз», - деген сөйлемді қалай түсінесіз? Баланың осы сұрақтарға берген жауаптарын алғашқы жинақталған ақпарат – мәліметтерімен салыстырып, тәлімгер белгілі бір қорытындыға келеді жеке жұмыс жоспарына өзгерістер енгізеді.

Осы жұмыстармен қатар мектеп бойынша әлеуметтік мониторинг өткізіліп отырады. Ең алдымен тәлімгер «қиын» баланың отбасының құрамын, тұрмыс – жағдайын, ата-ананың білімі мен бала тәрбиесіне қанша уақыт бөлінетінін анықтайды. Бұл мектеп әкімшілігі үшін мектепте қанша отбасы бойынша «қиын» балалардың отырғанын білуге және сол балалармен жүргізілетін жұмыс түрін белгілеуі керек.

Мониторингтің мақсаты:

Мектеп бойынша «қиын» балалар отбасының әлеуметтік статусын анықтау, балаларының ойлау қабілетіне, психологиясына және физиологиялық дамуына әсер ететін әлеуметтік факторларды анықтау.
Ол үшін жинақтау кестесі құрылады.


«Қиын» баланың аты –жөні

Отбасы құрамы

Отбасының тұрмыс жағдайы

Ата – ананың білім деңгейі












Мониторинг мектепте жылына екі рет өткізіледі. Мысалы, 2006 жылдың қаңтар айында мектебіміз бойынша 1-11 сынып оқушылары арасында сауалнама өткізілді. Сауалнамаға 1367 оқушы қатысып, қорытындысы шығарылды. Мектеп бойынша отбасы құрамы талданды (пайызбен алғанда):

Толық отбасы 563, толық емес 147,

Жайлы 197, жайсыз 91,

Көп балалы отбасы 139, тұрмыс жағдайы төмен 49.

Отбасының тұрмыс жағдайына қарай:

Тұрмысы жақсы отбасы 198, қанағаттанарлығы 564, қанағаттанарлықсызы 91.

Ата-аналардың білім деңгейі:

Жоғары білімділер 26,5 %

Арнаулы орта білімділер 37,9%

Орта білімділер 35,6%

Отбасының әлеуметтік деңгейі:

Жоғары деңгейі 9,051%

Орта деңгейі 96,14%

Төмен деңгейі 4,7%

Қорыта келгенде, жоғарыда аталған факторлардың баланың жақсы немесе нашар үлгерім мен даму дәрежесіне әр қилы әсер ететінін байқатты. Мәселен, оқушының білім сапасының төмендеуі ата-ананың білімінің төмендігіне, оның жұмыс істеуіне, яғни әлеуметтік жағдайының нашарлығы, баланың сабағын, тәртібін бақыламауы ғана әсер етеді деп айту қиын. Өйткені кейбір осындай отбасынан шыққан бала жақсы оқиды әрі инабатты болады. Ал кей жағдайда, керісінше, «қиын» оқушының үлгілі отбасынан шығуы байқалады. Сондықтан біз әр «қиын» оқушыға жеке қарау технологиясын басшылыққа алдық.

Сондай-ақ, отбасының көшіп-қонуы, баланың мектеп ауыстырып, ол мектепке үйренуі, сыныптағы балармен мен тіл табысуы оқушының үлгеріміне, тәрбиесіне сыныптық, мектепішілік, қоғамдық жұмыстарға қатысуына кедергі жасайтынын біздің бақылауымыз көрсетіп отыр. Осыған орай біз сынып жетекшілерінің осындай отбасы оқушыларына назар аударып, ол балаларға керекті, қолдан келер бар жағдайды жасап, қадағалауды жүктедік.

Мектебімізде жылына екі рет «қиын» оқушылар арасында әдістемелік апта өткізіліп тұрады. Онда алдымен зерттеу жұмысы жүргізіледі.

Мәселен, осы оқу жылының 2 тоқсанында зерттеу жұмысы 7,8,9 сыныптарда жүргізілді. Оған 87 тәрбиесі қиын оқушы қатысты. Сауалнама 8 сұрақтан тұрады, мысалы төмендегідей:


  1. Сізге қандай пәндер ұнайды? Неліктен?

  2. Сізге қандай пәндер ұнамайды? Неліктен?

  3. Үй тапсырмасын ұдайы орындайсың ба?

  4. Қай пәннен үй тапсырмасын орындаған ұнайды? Неліктен? Тағы да басқалар.

Сұрақтарға берілген жауаптарды зерделеу нәтижесінде оқушылардың пәндерге қызығуының, үй тапсырмасын орындауының себептері анықталды.

  1. Ұстаздармен ата-аналардың оқушы балаға авторитарлық көзқарасының орын алуы.

  2. Бала өмірінде оны жалтақтататын факторлардың (теледидар, компьютерлік клубтар т.б.) көптеген кездесуі.

  3. Оқу бағдарламаларында нашар үлгеретін баланың түсінуіне, есте сақтауына қиын соғатын оқу материалының көптігі.

  4. Оқу процесінде қолданылатын әдістер мен ұйымдастыру жұмыстарының кедейлігі, жете ойластырылмайтындығы.

  5. Сабақта оқу материалын түсінбеуі және бос уақыттарының аздығы.

Бұдан мектеп әкімшілігі балалар атаған пән мұғалімдері сабақтарына жүйелі түрде қатысу қажет деген шешім қабылдады. Пән сабақтарына жүргізілген талдау нәтижесінде ұстаздардың алдына мынадай талаптар қойылды: Сабақты жоспарлағанда «қиын» баламен істелетін жұмыстың интерактивті түрлерін және үлгермеушілікті алдын алу жолдарын атап көрсету, пәнге деген оқушының қызығушылығын арттыруды көздейтін жаңа технологиялардың тиімді әдіс – тәсілдерін өздерінің күнделікті сабақтарында тиімді пайдаланып отыру.

Сондықтан біз тәрбиелеу мен оның тәсілдеріне арналған мақсатты жұмыстар баланың жеке қасиеттерін, сыртқы орта мен өз ортасындағы әр түрлі ықпал, әсерлерді қалай қабылдайтынына қарай жүргізілуі тиіс деген қорытындыға келдік. Біздің «қиын» балалармен жүргізіп отырған жұмысымыз: Мектептің отбасымен ынтымақтастығы, ата –аналар арасында жүргізілетін жеке және ұжымдық жұмыстарды ұштастыру, оқу-тәрбие ісін жүйелі жүргізу, әрбір «қиын» оқушыға сергек те мұқият қарау – оқу-тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болатынын көрсетіп отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет