Курстық жұмыстың міндеттері
11 - сынып оқушыларын ұлттық костюмді жобалау және дайындауға үйретуді теориялық тұрғыда сипаттау;
Технология сабағында жобалау әдісін қолдану арқылы оқушылардың шығармашылығын дамытужолдарын айқындау;
оқу бағдарламасы мазмұнындағы ұлттық костюмді жобалау және дайындауға үйретудіңорта мерзімдік жоспарын құру (ОМЖ);
оқушыларды ұлттық костюмді жобалау және дайындауға үйретудің қысқа мерзімді жоспарын құрастыру(ҚМЖ)
Зерттеу нысаны: 11 - сынып оқушыларын ұлттық костюмді жобалау және дайындауғабаулу үдерісі.
Негізгі бөлім
1 11 - сынып оқушыларын ұлттық костюмді жобалау және дайындауға үйретудің теориялық негізі.
1.2 Технология сабағында жобалау әдісін қолдану арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдары
Технология пәнін оқытуда – еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жек тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым –қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жүктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді.
Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені- бүгінгі күн талабы. Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда.
Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат- оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.
Бұл технологиядағы жобаның түрлері:
1. Ғылыми жоба.
2. Шығармашылық жоба.
3. Ойын түріндегі жоба.
4. Ақпараттық жоба.
Жоба ұзақ және қысқа мерзімді болып екіге бөлінеді.
Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса-ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады.
Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабдай отырып, әр түлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт бағдар алады.
Жоба - әр түрлі бөлімдерден арнайы сызбалардан, суреттерден, жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымдарды жасаған кезде есеп, экономикалық немесе экологиялық дәлелді түсінік хаттар да пайдаланылады.
Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін.Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды.Жобаны қорғау барысында қолданатын бұйымның ішінен қандай затты таңдап алу, ол бұйым қоғамға, өзіне достарына және ата-анасына қандай пайда келтіретіне ескеріледі.
Жобалау әдістемесінің талабы:
1. Міндетті түрде шешілетін мәселенің зерттемелік, ақпараттық,тәжірибелік болуы.
2. Жобаны орындау іс-әрекетті жобалаудан басталады.
3. Әр жоба оқушыдан зерттеушілік жұмысы талап етеді. Сонымен, жобалау іс-әрекетінің ерекшелігі - ақпаратты іздеу болып табылады.
4. Жобаның шығуының ең соңғы сатысы - нәтиже:
5. Дайындалған жоба тапсырыс берушіге немесе қоғамдық өкілдікке көзжеткізуі керек.
Жобаның түрлері:
Шығармашылық жоба Ақпараттық
Рөлдік жоба
Тәжірибелі бағдарланған жоба
Зерттеу жобасы
Жобаның негізгі бөліктері:
1. Міндеттің қысқаша анықтамасы
а) берілген бұйым кімге арналған
б) арналған бұйымның қажеттілігі
2. Бұйымды дайындауға кіріспес бұрын
- нені міндетті түрде жобалау керек
- кімге арналған киім жобалау керек
3. Бұйымның дайындалуы. Кез-келген жағдайда жұмыстың мақсат, міндеттері оның басты бағытымен анықталады.
4. Бұйымды байқау және бағалау
Жобаның орындалу бірізділігі
1. Іздену кезеңі
2. Жобаның тақырыбын таңдау және жаңашылдыққа бет бұру
3. Жоба тақырыбы туралы ақпарат жинау
4. Жоба идеясы мен тақырыбы туралы сыныптастарымен және мұғалімдермен бірге талқылау
5. Жобаның тақырыбы мен идеясын бекіту
Сызбаны және технологиялық картаны дайындау
Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл сайын мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілген шығармашылық жұмыс. Шығармашылық жобаның технология пәнінде алатын орны өте зор. Шығармашылық жоба арқылы оқушының ұлттық дүниетанымы, эстетикалық талғамы дамиды. Оқушылар санасына жас кезінен бастап еңбек етуінің қажеттілігін, маңыздылығын сіңіру, пайдалы іс жасауға, қандай іс болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға дағдыландырады.
Оқытудың осындай идеяларын ұстанған сабақтарда оқушылар өз ойларын еркін айтатын болғандықтан, оларда түрлі пікірлер пайда болады. Олардың қандай да болмасын мүмкін қате немесе шала ойларын шыдымдылықпен тыңдап, оқушыларды сенімділікке бастау мұғалімнің басты міндеті.
Қолданбалы экономика мақсаттары:
- жеке меншік, баға белгілеу және бәсеке жүйесіне көп көңіл бөлу
- экономикалық заңдардың іскерлік шешімдерге әсерін анықтау:
- нарықтық экономикадағы үкімет ролін көрсету
- кәсіпкер мен тұтынушыларды этикалық нормалар мен ережелердің болу қажеттігін оқушылардың түсінісуіне көмектесу
- мамандықты, сонымен қатыр жеке экономика мәселелерін таңдауда оқушылардың өз мүмкіндіктерін ұсынады. Олар:
- оқу, хат және базалық білім
- Графиктер мен таблицаларды түсіну
- Алынған мәліметтерді зерттеу және талдау
- Кішігірім топтарда жұмыс істеу және оларды басқару және т. б.
Шығармашылық жобаны рәсімдеу:
1. Бастапқы бет
2. Мақсаты, міндеті, болжамы, күтілетін нәтижесі
3. Шығу тарихы
4. Жалпы эскизі
5. Нұсқау карта
6. Қажетті құрал-жабдықтар
7. Құны
Жоба іс-әрекетінің кезеңдері:
Ұйымдастыру кезеңде: бағыттаушы іс-әрекеттің негізді себептеу және айқындау, оқушылардың жоба үшін тақырып таңдауы, олардың түсінуі мен негізденуі. Жоба әзірлеуге қажет білімділік, біліктің көлемін анықтау; жұмысты жоспарлау; оқу тапсырмаларын анықтау және белгілеу.
Конструкторлық кезеңде; болашақ металл түрі тағы сол сияқты бұйымның түрін конструкциясын құрудың ыңғайлы шешемін іздеу.
Технологиялық кезеңі: жобаның материалы формада қалыптасыуға, шынайы объектінің жасалуы. Конструкциялық және технологиялық шешімдердің зерделенуі жөнінде мәліметтер беріледі.
Экономикалық кезеңде: бұйым құнын есептеп, сатылу бағасын шығару, сауда-саттық (тасымалдануы, жинақталуы, ыдысы, товарлық келбеті, жарнамасы);
Жариялау кезеңдеі: шешімдерді жариялау, дайын жоба жұмысын көпшілікке жариялау. Жобаны жасау бағытындағы жұмысты талдау, бағалау жұмыстары жүргізіледі.
Жобаны басқаруда мұғалімнің атқаратын ролі. Жоба кураторы, жоба жетекшісі, жоба кординаторы, жобаның кеңесшісі. Мектеп әкімшілігінің функциясы: жобаны қорғау кестесінің орындалуын қадағалау қажет.
Мұғалімдер бірлестігінің әдістемелік қызметі: жобалау қызметінің тақырыптық блогын анықтау; жобалау жұмысының тақырыптарын түзу; пәнаралық байланысты іске асыру мақсатында ізденіс тәсілдерінде қолдану; жобалауда мұғалімдердің жүктеме сағаттарын және ғылыми жетекшілерін анықтау болып табылады.
Сынып жетекшілерінің қызметі: жобалау жұмысы барысында пән мұғалімдер оқушылар жөніндегі мәлімдемелерді қажеттілігінше жәрдем беру; жобалау жұмысы барысының уақыты мен реттілігі; ұйымдастыруда көмек беру; қорытынды конференцияны дайындауда көмек беру жөнінде мәліметтер беріледі.
Оқушыларды жоба жұмыстарына баулуда ынтымақтастық педагогикасындағы негізделіуі және мұғалімнің жетекшілігінің өз бетінше орындауы болып түсіндіріледі. Бұйымды дайындауда жобалау тәсілі ретінде оның техника экономикалық, әлеуметтік, эргономикалық және товар өндіруде экологиялық көрсеткіштерді жобалау тәсілі ретінде қабылдауы. Жобалаудағы инженерлік дизайнерлік, экономикалық, әлеуметтік және басқа салалардың жобалау тәсілдеріндегі мәні. Орындалған жоба варианттарын ұсыну – жобаны көлемі мен мазмұнымен таныстыру, оны орындаудағы талаптар, шығармашылық элементтерге аса көңіл бөлу (жаңашылығына жету, варианттарын түрлендіру, банк идеясын қалыпсатыру); ұсынылған жобалардың жақсы және осал жақтарын анықтау; орындалған жұмыстың критерилерін бағалап хабарлау; жобаны күрделілігіне байланысты салыстыру (жобалау объектісі, құжаттардың көлемін анықтау, жұмыстың күрделілігі және т.б.)
Сурет 1. Жобаны орындау реттілігі
Жоба формалары: бейнешежіре, жарнамалық ролик, телепрограмма, интервью, ағаш, металл, тері, т.б. материалдан дайындалған бұйым модельдерін өңдеу, техникалық, дизайнерлік объектердің өңделуі мен оқу жобасының типтері: іс-әрекетінің басым бөлігі бойынша (зерттеу, шығармашылық, рөлдік, ақпараттық); пәндік-мазмұндық іс-әрекеті бойынша (моножоба, пәнаралық жоба); қарым-қатынас мінездемесі бойынша (ішінара регионалды, халықаралық); қатысушылар саны бойынша (қысқа, орташа ұзақтықтағы және ұзақ мерзімдегі ) мәліметтер беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |