1 11 сынып оқушыларын ұлттық костюмді жобалау және дайындауға үйретудің теориялық негізі


- сынып оқушыларын жобаны дайындау және қорғау жұмыстарына үйретудің қысқа мерзімді жоспары (ҚМЖ)



бет9/20
Дата18.01.2022
өлшемі1.58 Mb.
#454650
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Курстық жұмыс 2

2.2 11 - сынып оқушыларын жобаны дайындау және қорғау жұмыстарына үйретудің қысқа мерзімді жоспары (ҚМЖ)
Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің өткені  мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болады. 

Жаңартылған  білім  берудің  маңыздылығы-оқушы  тұлғасының үйлесімді  қолайлы білім беру ортасын құра отырып сынтұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ  –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа  түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс  жасай білу, функционалды сауаттылықты,  шығармашылықты қолдана  білуді және оны тиімді жүзеге  асыру үшін  қажетті  тиімді  оқыту  әдіс-тәсілдерді (бірлескен  оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары)

 курс барысында ұғындық.  

          Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле  отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және баллне баға қоймастан оқу  үдерісін  түзетіп  отыруға  мүмкіндік  береді.  Жиынтық бағалау  оқу  бағдарламасынның  бөлімдерін  (ортақтақырыптарын және белгілібір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі  туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. 

Сөйлеу әрекетінің 4 түрі: тыңдалым - айтылған ойды түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау, ақпаратты болжау, тіл нормасын анықтау, айтылым - сенімді және еркін сөйлеу, сұрақ қоя білу, талқылау, пікірталас, көзқарасын білдіру, оқылым - оқу стратегиялары, түсіну, әдебиет, зерттеу (ақпарат табу), жазылым – жоспарлау, шығарма жазу, өңдеу, түзету, грамматика, пунктуация. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір–бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.

Қазіргі таңда сабқтың өзгеше өтуі, яғни дәстүрлі емес сабақтың өтуі мұғалімнің жоспарды құруынан басталады. Жаңаша білім беру бағдарламасы маңызды үш құжаттан тұрады: бағдарламаның өзі,



Осы күнге дейінгі біздің жасап келе жатқан «Күнтізбелік — тақырыптық» жоспарымыз – ұзақ мерзімді жоспар негізгі оқу мазмұнын қамтиды. Ұзақ мерзімді жоспар білім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды. Яғни, ұзақ мерзімді жоспар – бұл оқу бағдарламасының жалғасы, онда пәннің негізгі мазмұны нақтыланады.

Ал осы оқу бағдарламасын сыныпқа тән жеті модульді ықпалдастыра тізбектелген сабақтар топтамасына айналдырса, ол – «орта мерзімді жоспар» болып табылады. Орта мерзімді жоспар – ол белгілі тақырыпқа сай тізбектелген сабақтар жоспары, яғни, сол тақырыпқа тән бөлінген сағаттардың жұмыс сызбасы. Бұл жоспарды мұғалім жеке сынып үшін пайдаланады.

Орта мерзімді жоспарды жоспарлауда:


  • Жұмыс кезеңдері дәйекті болады;

  • Жеті модуль ықпалдаса алады;

  • Әр сабақ үшін оқу мен оқыту мақсаты анықталады;

  • Оқыту және оқу нәтижесі айқындалады;

  • Сабақтың әр кезеңінде алға ілгерлеу жоспарланады;

  • Барлық оқушыларды қамту жүзеге асады.

Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету – қысқа мерзімді жоспарда жоспарланады. Қысқа мерзімді жоспар орта мерзімді жоспардың құрамындағы бір тақырыпқа байланысты, оқушыға арнап құрылған сабақ жоспарының формасы немесе үлгісі. Яғни, Қысқа мерзіміді жоспар – жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады.

Қысқа мерзімді жоспарлауға барлық педагогтарды қамтуға болады. Мақсат қоя білу, міндеттерді белгілеу, күтілетін нәтиже, модульдерді қолдану, сабақтың барысы, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, бағалау және рефлексия бөлімдері бойынша мұғалімнің жұмысын бағалау ұсынылады.



Жоспарды құрып отырғанда мұғалімнің алдында төменгі сұрақтарға жауап болу керек:

  • Оқушылар нені білу керек?

  • Қандай түйінді идеяларды түсінуі керек?

  • Қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?

Ал, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттеріне келсек:

  • сабақтың тақырыбын анықтау;

  • әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;

  • оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдану;

  • тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша түрлі жұмыс түрлерін дайындау;

  • төрт дағдыны қалыптастыру үшін ұсынылатын оқу материалдарымен ресурстардыоқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алу;

  • уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру;

  • жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін рефлексия ұйымдастыру.

  • сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау;

  • оқушыларға өзін-өзі тексеруге және бағалауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар дайындау;

  • тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу.

Міне, сабақтың жоспарын осы сұрақтарға жауап беретіндей етіп және сабақ құрудың жоғарыдағы міндеттерін ескере отырып жоспарласақ, нәтижеге жетеміз.
Кесте 3 – 11- сыныптаға Қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет