1. 2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформа



бет2/4
Дата16.06.2016
өлшемі0.53 Mb.
#139841
1   2   3   4

1.3. Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет. Ірі көлемдегі әлеуметтік, саяси және экономикалық реформа жүргізілді, жүріп те жатыр. Белгілі ұзақ мерзімді мақсаттар нәтижелері әзірге нашар болса да, оның қайсыбір бағыттары бойынша жетістіктерге қол жетуде. Республиканың экономикасы тұрақтана бастады. Бізде бұрынғы 70 жылдан астам өмір сүрген саяси және экономикалық жүйеден түбірінен өзгеше саяси және экономикалық жүйе жұмыс істеуде.

Өтпелі кезеңде Қазақстан азаматтары көптеген ауыртпашылықты басынан өткізді әрі көп нәрсені құрбан етті. Бірақ мұның бәрі қазіргі ғана емес, болашақ ұрпақтың игілігі үшін іске асырылуда.

Экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның ыдырауы және Қазақстан экономикасының дүниежүзілік экономикалық қатынастар жүйесіне кіруі өндіріс көлемінің елеулі төмендеуіне әсер еетпей қоймайды. Технологиялық тұрғыда артта қалған және шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларын игере алмаған, бәсекеге қабілетсіздікке және көптеген кәсіпорындарының тұралап қалуына, дәстүрлі рыноктарын жоғалтуға, өндірістің құлдырауына алып келген негізгі факторлар, міне, осылар. Осының салдарынан біздің елімізде соңғы 8 жылда өндіріс деңгейі екі еседен артық қысқарды, ал бюджеттік түсім азайды.

Экономиканың қозғаушы күші болуға тиіс ұлттық жинақталымдардың ұлғаюы мен капиталдың қорлануы баяу. Ішкі капитал мен жинақталымдардың жеткіліксіздігінен Қазақстан шетелдік капиталға, жекеше капиталға, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарына да одан әрі тәуелді бола түсті. Экономиканы әріә қарай сауықтыру инвестицияларының зор көлемде келіп құйылуына байланысты, мұның өзі инвестициялық ахуал едәуір жақсартылса ғана мүмкін болады [6,89б].

Бүгін Қазақстан зор мүмкіндіктер табалдырығында тұр. Азияның ең кедей елдерінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы мемлекеттерге айналғанын дүние жүзі халқы біледі. Алғашқылары Корея, Тайвань және Сингапур болса, қазір оларға Малайзия, Индонезия және Тайланд қосылды. Қазақстанның көршісі Қытай жоғары қарқын танытып отыр. Үндістан мен Бразилия да өз қуатын еселей түсіп келеді. Осындай табыстарының нәтижесінде бұл елдер күллі әлемде Азия жолбарыстары ретінде танылып отыр.

“2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін”, - деді Н.Ә.Назарбаев.

2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен-өзі пайда болмайды. Оны республика халқы өз қалауымен және табысқа жетуге талпынған ерік-жігері арқылы тұрғызады.

2030 жылғы Қазақстан Еуразияның орталығы бола отырып, жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың – Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады.

2030 жылғы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болды [7,14б].

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өткен кезеңді қорыта келіп, ұзақ мерзімге арналған басым мақсаттар мен оларды іске асырудың стратегияларын анықтады. Ұзақ мерзімді жеті басым бағыт анықталды, олар өзара байланысты. Олардың ішінде үш басым бағыт экономика саласына арналады. Экономикалық асу – экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу. Энергетика ресурстары – мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресмурстарын тиімді пайдалану. Инфрақұрылым. Әсіресе көлік және байланыс. Осы шешуші секторларды ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге жәрдемдесетіндей етіп дамыту. Осы ұзақ мерзімді басымдықтардың әрқайсысы үшін бір жылдық, үш, ал кейіннен бесжылдық жоспарлар жасалады.

Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шет ел инвестицияларын тартуға негізделеді. Ол он принциптен тұрады. Мелекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының шектеулі болуы. Соңғы үш жылдың ішінде Қазақстанның экономикалық стратегиясы макроэкономиканы тұрақтандыру болды. Бірақ бүгінгі табыс тоқмейілсуге негіз бола алмайды.

Бірінші азиялық барыс болу үшін біздің басым бағыттардың қатарына макроэкономикалық көрсеткіштер саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе енгізілуге тиіс.

Құнсыздануды қолайлы деңгейге түсіре отырып, Республика стратегиялық күшті экономикалық ілгерілеуге бағыттайды.

Жеке меншік институттары жерге деген құқықтың, сондай-ақ меншік құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін құрудың есебінен нығайтылады.

Кәсіпорындарды жекешелендіру негізінен аяқталды. Енді оны ең алдымен аграрлық кешен мен әлеуметтік салада түпкілікті аяқтау және акциялардың айналымы процесін дәл реттеу қажет. Стратегиялық сипаттағы кәсіпорындардағы акциялардың мемлекеттік пакеттері орынды пайдаланылатын болды. Көптеген ірі рыноктар арасындағы байланыстыпушы буын ретіндегі Қазақстанның жағдайы ашық экономика мен еркін сауда құруды талап етіп отыр.

Қазақстанның энергетикалық және өзге де ресурстарын игеру жалғаса береді.Шетел инвестицияларын тиісінше қорғау және пайдалану бірінші кезектегі мәселелердің бірі. Қазақстанның инвестициялық ахуалы неғұрлым қолайлы, ал Қазақстан тартылған шетел инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы үшіні саяси ерік-жігер мен нақты іс-қимыл қажет. Әлемге әйгілі инвесторларды мүмкіндігінше көптеп тарту үшін республикамыз асқан шеберлік танытуы керек.

Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қажеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр.

Қазақстан табиғи ресурстардың, әсіресе энергетика ресурстарының орасан зор қорына ие. Қазақстанның әлемдегі мыс қорының – 10, қорғасынның – 19, мырыштың – 13, темірдің – 10, марганецтің – 25, хромит рудасының – 30 пайызы бар. Мұның бәрі Қазақстанға металл шығарушы елдердің ішінде басты орындардың бірін алуына мүмкіндік береді.

Мұнай және газды экспорттау жүйесін тәртәпке келтіру стратегиялық міндеттерінің бірі. 1997 жылдан бастап Каспий мұнай құбырын салу басталды, оны іске қосу жыл сайын 68 млн. Мұнайды экспорттауға мүмкіндік береді. XXI ғасырдың басында 100 миллионға дейін мұнай өндіру жоспарлпнып отыр, ал 2010-2015 жылдарда 170 миллионға жеткізу міндеті тұр. Каспийдің мұнайын пайдалану туралы жақында ғана Америкамен ғасырлық келісім – шарт жасалынды. Бұл шарт дүние жүзі елдерінің назарын аударуда.

Қазақстанның міндеті отандық-коммуникация кешенінің бәсекелестік қабілетін және аумағымыз арқылы өтетін сауда легінің ұлғайтылуын қамтамасыз етуде жатыр. Бұл сала ұзақ мерзімдік келешекте жан-жақты өсу стратегиясына ілесуге тиіс, ол ұлттық рынокты жан-жақты жетілдіруге жәгне жаңа рыноктар іздеуге мүмкіндік береді.

Президент Қазақстан халқына Жолдауында ұзақ мерзімді стратегияға негіз болатын 2000-2005 жылдарға, яғни таяудағы үш жылға арналған жоспарды, міндетті де анықтады. Олар:

- алдыңғы қатарлы елдермен белсенді қарым-қатынас жасау, Қазақстанның энергетикалық секторына капитал тарту және еліміздің әскери доктринасын әзірлеу арқылы ұлттық қауіпсіздікті нығайту;

- ауылдың неғұрлым өткір проблемаларын шешу;

- кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес;

- барлық әлеуметтік – экономикалық реформаларды аяқтау, ең алдымен бюджет саласындағы реформаларды аяқтау;

- қолайлы инвестициялық ахуал туғызу, т.б.

Осылардың қайсыбіруін айтып өтейік. Каспий қайраңы мен Қарашығанақ кен орындарын игеруге АҚШ-тың, Ресейдің, Қытайдың, Ұлыбританияның және басқа дамыған мемлекеттердің ірі компаниялары мен капиталы тартылады, ол алдыңғы қатарлы державалардың Қазақстанның тәуелсіздігіне деген мүдделілігін күшейтеді. Ал мұның өзі дүниежүзілік рынокқа отын шығарып тұрудың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Азия мен Еуропа қайта жаңарту және даму банктері заемдарының, басқа ұйымдар мен тілеуқор елдердің көмегінің есебінен ауылдағы шағын және орта кәсіпкерлік дамытылады. 25 – 30 мың теңге көлемінде кіші несие үлестіріледі. Үкімет үш жыл ішінде мал мен мүлік сатып алу үшін, заңда тыйым салынбаған кез-келген бизнеспен шұғылдануы үшін, жан бағып, өздерінің іскерлік дағдыларын ұштауы үшін өте қиын жағдайда қалған, кемінде 150 мың ауыл адамына қажетті осындай қаражатпен қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр.

Экономика саласында үш жылдың ішінде монеторлық саясат бұлжытпай жүргізіледі, жекшелендіру аяқталатын болады. Қазақстан КҚК құбыр арнасын Қытай Халық Республикасына жеткізу үшін қолдан келгеннің бәрі істеледі. Жерорта теңізіне, Парсы шығанағына, Араб теңізіне балама құбыр арналарын тартуды қаржыландыру мен салу мәселесі пысықталады. Қазақстан өнеркәсібі мен тұрғын үйлеріне, сондай-ақ халықаралық рыноктарға отын жеткізу үшін газ құбыры арналары тартылады [5,138-141б].


2.Адамзат өміріне қажетті материалдық байлықты табиғаттан алады. Қоғамның дамуы ондағы табиғат ресурстарының қорына байланысты. Сондықтан адамзат болашақта күйзеліске (катаклизмге) ұшырамас үшін табиғатпен толық үйлесімде болып, оның байлығын үнемді және қалдықсыз пайдалануға тиіс.

Адамның өндірістік іс-әрекеті – қоғамдық формация өндіріс неғұрлым жылдам дамыған сайын оның табиғатқа кері әсері де соғұрлым өсіп отырады. Өндірістің дамуы қоршаған орта мен табиғатқа тұтастай әсерін тигізуде.

Қоршаған орта дегеніміз – бұл адамның шаруашылық іс-әрекеті және оның әсерінен өзгеріске ұшырап отырған табиғат пен табиғи орта. Қоршаған ортаға өнеркәсіп кәсіпорындары, көлік магистральдары, қалалар мен ауылды жерлердегі елді мекендер, әлеуметтік орта және т.б. кіреді.Адамның бір қалыпты өмір сүруіне таза ауа, ауыз су қажет болса, шаруашылықта пайдаланатын су мен табиғат кешекдерін қорғаудың да маңызы зор.

Шаруашылықтың әр түрлі салалары қоршаған ортаны ластаудың және оны тасымалдаудың көзі болып табылады. Өнеркәсіп – еліміздің экономикалық тұрақтылығын қамтып қана қоймайды, сонымен бірге қоршаған ортаны күшті ластаушы. Өнеркәсіптің әр түрлі салаларын қоршаған ортаға әсер ету бағытына қарай - өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп салалары деп екі топқа біріктіруге болады.

Көмір, темір рудаларын, минералды тұздар және басқа да қазба байлықтарын өндіретін кен орындарының жұмысы, әсіресе кенді өндіру ашық әдіспен жүргізілетін болса, үлкен аумақтық ландшафтың бұзылуына әкеп соқтырады. Бұл жерде антропогендік ландшафт қалыптасады.

Антропогендік ландшафт дегеніміз – адамның іс-әрекетінің нәтижесі. Мысалы, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатында темір рудалары жер бетіне таяу орналасқандықтан, ашық әдіспен өндіріледі. Екібастұз кен орнындағы көмірді де ашық әдіспен алады.

Адамның биосфераға антропогендік іс-әрекеті Жер шарындағы көптеген аймақтардың климатын өзгеріске ұшыратуда. Адамдар пайдалы қазбаларды барлаумен және өндірумен қатар олардың саны мен көлемін ұлғайту жұмыстарымен үнемі айналысып отырады. Отын энергетикалық кешендері, пайдалы қазбаларды көп мөлшерде өндіру және оны жағу (дүние жүзі бойынша 10 млрд т) атмосферада көмірқышқыл газының жиналуына әсерін тигізеді. Ал атмосферадағы көмірқышқыл газының көбеюі жер планетасында температураның көтерілуіне, яғни ауа райының өзгеруіне – жаппай жылынуға әкеп соғады.

Қазіргі кезде атмосферада метанның, көмірқышқыл газының, азот, күкірт және бірнеше ауыр металдардың жинақталуы ұлғайып отыр. Бұл адамдардың денсаулығына, ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізеді [8,154-156б].

Табиғат пен адам қоғамы арасында өзара байланыс бар. Рас, адам қоғамы өзінің ерекше заңымен дамиды. Адам қоғамы аңдар әлемінен саналы еңбек арқылы ерекшеленеді. Аңдар да өзіне қажеттісін жасайды. Олар ұя немесе үйшік салады, ін қазады. Бірақ өзіне немесе балаларына тек тікелей қажеттісін ғана жасайды. Адамдар өзі шығаратын затының шамасын, өлшемін, мөлшерін біледі, табиғи заңдылықты басшылыққа алады, әсемдікті сезінеді [9,10б].

2.1.Экология - жаңа, жас ғылым саласы. Бұрын соңғы он – жиырма жылға дейін тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып – тозғанда, бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді болашақта, экология саласында білім берудің аясын кеңейте түсу қажет. Ең негізгісі, “экология” пәнін бала бақшаларынан бастап барлық мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында оқытылуын қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат қорғаушыларын дайындауға мүмкіндік аламыз [10,144б].

Тірі организмдердің таралуы бірінші кезекте өздері мекендейтін ортаның жағдайымен анықталады. Барлық тірі және өлі объектілер, жануарлар мен қоршаған өсімдіктер, олармен өзара тікелей байланыста болатын мекен ортасы деп аталады.

Қоршаған орта (немесе қоршаған табиғат ортасы) терминінде адамдардың ықпалы жайылатын табиғаттың сол бөлігі ретінде түсіндіріледі.

Тірі организмдерге әсер ететін ортаның элементі - экологиялық факторлар деп аталады. Өзінің ықпал ету ерекшелігіне қарай ол үш топқа бөлінеді:

- абиотикалық фактор – бұл өлі табиғаттың тірі организмдерге тікелей немесе жанама түрде әсер етіп, олардың өмір сүру жағдайын белгілеу қасиеті (температура, жарық немесе басқа сәулелі энергия, ылғалдылық, ауаның құрамы, атмосфералық қысым, жауын-шашын, жел, су құрамы, топырақ, жер бедері, т.б.)

- тіршілік факторлары – бұл тіршілік иелерінің бір-біріне жер етудің барлық формалары. Әрбір организм басқа жеке дараның тікелей немесе жанама түрдегі ықпалын бастан кешіреді, өздерінің немесе өзге түр өкілдерімен өзара қатынаста болады немесе оларға тәуелді болып, не болмаса өздері әсер етеді.

- антропогенді факторлар – организмдердің мекен ортасына, табиғаттың өзгеруіне, олардың өмір сүру жағдайына тікелей ықпал жасайтын адам қызметтерінің барлық факторлары. Мұндай факторларға жататындар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өндірістері, көлік пен шаруашылықтың өзге салалары. Әсіресе, соңғы жылдары антропогенді түрде табиғатқа әсер ету көлемі арта түсуде [11,37б].

Экологиялық факторлардың әр әр алуандылығына қарамастан олардың организмдерге әсер ету қасиеті мен тіршілік иелерінің жауап беру реакциясының бірқатар ортақ заңдылықтары бар. Организмдердің қарқындылыққа немесе әсер ету күшінің факторына реакциясын жатқызуға болады. Жетімсіз немесе шамадан артық әсер ету организмдердің өміршеңдігіне кері ықпал етуі мүмкін.

Алуан түрлі тіршілік иелерінің әр түрлі жағдайда өздеріне өте жақсы сезінулері бірдей емес. Мәселен, ылғалды жақсы көретін өсімдіктер ылғалды топырақты, гүлді капуста көлеңкелі салқынды ұнатады, кейбірі құрғақшылықты, ыстықты ұнатады. Осы факторлар өсімдіктердің өсу жағдайына өте маңызды ықпал жасайды. Бақылау нүктесінен барынша өсуі оңтайлылық деп аталады. Бұл әдеттегідей температураның көлеміне жатады. Жағымды күш әсерінің факторы (мөлшері) осы организм түріне оңтайлы зонаның факторы деп аталады. Ең азынан көбіне дейін бар аралық температура кезінде өсуге мүмкіндік барды диапазон (көлемінің) тұрақтылығы деп аталады. Шек қою нүктесінен, яғни ең азынан көбіне дейін тіршілікке қолайлы температура тұрақтылығының шегі немесе сол түрдің шыдамдылық шегі болады. Осы экологиялық факторларға қатысы бойынша шыдамдылық дәрежесін экологиялық валенттілік деп атайды. Организмдердің экологиялық валенттілігін оның әр алуан ортаға қоныстану қабілеттілігі көрсетеді.

Тұрақтылық шегінің нүктесіне жақындау шамасы бойынша егер әрекет ету факторы азайып, немесе көбейсе, тіршілік әрекеті төмендеп қысымға ұшырайды немесе тіршілік иесінің өлуіне әкеп соқтырады, яғни бұл жерде тұрақтылық диапазоны шеңберінде мазасыз күй зонасы туралы айтылып отыр. Мұндай ықпалды басқа факторлар да жасай алуы мүмкін.

Әрбір өсімдік пен жануарлар түрінің оңиайлылығы, мазасыз күй зонасы немесе қысым зонасы мен тұрақтылық шегі (шыдамдылығы) қоршаған ортаның әрбір факторларына қатысы барлар өмір сүруде.

Экологиялық валенттіліктің кең түрі тіршіліксіз орта факторына қатысы бойынша факторлардың атауына “эври” қосымшасын қосып атайды. (грекше eurys - кең). Экологиялық енсіз валенттілік (тар) “стено” стенотерімді қосымшасымен (грекше stenos – тар, енсіз) белгіленеді. әр алуан экологиялық факторлардың (кең) алшақ шегіндегі ауытқуларға бейімделетін түрлерді эврибионтты деп атайды. Тіршілік ету үшін қатаң белгіленген жағдайды қажет ететіндер - стенобионтты деп аталады.

Экологиялық факторлардың әсерінен тірі организмдер белгіленген иерархиялық жүйеге бірігеді. Онда тіршілік иелерінің әр алуан деңгейде ұйымдасқандары: популяциялар, бірлестіктер және экожүйелерді көруге болады.

Популяция дегеніміз – белгілі бір аумақта тіршілік ететін және өзара шағылысып ұрпақ беретін бір түр даралардың жиынтығы. Түрі факторлардың әсерінен популяциядағы даралар саны, құрамы, таралуы өзгеріп тұруы мүмкін. Популяция латынша populus – халық, ел дегенді білдіреді.

Көптеген орта параметрлерінің жиынтығы осы немесе басқа түрлердің тіршілік жағдайын анықтайтын функционалды сипаты оның экологиялық қуысын көрсетеді. Н.Ф. Реймерс бойынша эколгиялық қуыс – экологиялық жүйе ішіндегі түрлер ортасы немесе оның популяциялық тіршілік жағдайының жиынтығы. Сонымен қатар өзі мекендейтін әрбір түр аумаққа, өндіру функциясымен байланысты, қоректік қажеттілігіне сәйкес орынды иеленеді. Осындай экологиялық байланыстар биоценоздың белгіленген құрылымын жасайды. Биоценоздар – динамикалық жүйелер, олар тұрақты даму жолында және оларға сукцессия тән [12,16-18б].

Табиғат – бүкіл әлем. Табиғат – адамның өмір сүретін ортасы.

Адам табиғатта өмір сүреді, онымен тұрақты қатынаста болады. Адам, оның денесі мен рухани өмірі табиғатпен тікелей байланысты. Одан шығатын қорытынды – адам табиғаттың бір бөлігі. Табиғат адамның өмір сүруінің табиғи жағдайы ғана емес, оның өзгертушілік іс-әрекетінің кеңістігі, ортасы.

Адамның өмір сүруінің табиғи жағдайы екі түрлі: өмір сүрудің қайнар көзі болып есептелетін – табиғи байлық (көмір, мұнай, ағын су мен желдің энергиясы, т.б.). Қоғам дамуының ерте кезеңдерінде адамдардың ынтасы “бірінші құбылысқа” көп аударылды, ал кейін өндіріс күшінің дамуымен байлаанысты “екінші құбылысқа” ауысты. Себебі табиғи байланыстар өндіріс дамуның, бүкіл қоғам дамуының алғышарттарына айналды.

Адам, сонымен қатар, жасанды ортада – екінші табиғатта да өмір сүруде. Жасанды орта заттық негізде ғана жинақталмайды. Адам қоғамдық қатынас жүйесінде өмір сүреді, іс-әрекет жасайды. Ондай қоғамдық қатынас белгілі бір материалдық дүниеде ғана іске асырылады [5,44б].

2.2.Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын-ұя бесігі, құт-берекесі. Ал адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы анасы, сондықтан да адамның табиғатты ана деп құрметтеуінде де өте үлкен ұғым жатыр.

Қазақ халқының бар өмір тіршілігі табиғатпен тікелей етене байланысты өтіп келеді. Сан ғасырлар бойы халқымыз, сол өзін аялаған табиғат аясында тіршілік ете жүріп, оның сан алуан құпия – сырларына көңіл бөлді және сол туралы орынды пікірлерге келді. Халқымыздың табиғат жөніндегі ой-пікірлері табиғат құбылыстарымен, заңдылықтарымен үнемі үндесіп жатты. Қазақ халқы өзін табиғаттың бөлінбес бөлігі, құрамдас тобы деп есептеді. Сондықтан да табиғатпен бірлікте өмір сүру қажеттігін, ерте кезден-ақ сақтай білді. Табиғаттың қатаң жағдайына, түрлі өзгеоістеріне сай көшіп – қонып жүріп, өз шаруашылығын табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырды. Және табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық қажет екндігін ерте сезінді. Осыған орай халқымыздың да мінез – құлқы бірте-бірте қалыптасып, ондай қасиеттер атадан балаға, ұрпақтан – ұрпаққа асыл мұра ретінде жеткізіліп, жалғасып отырды [10,44б].

Әлемдік экономиканың тоқтаусыз дамуы ғаламдық экологиялық көкейкесті проблемалардың туындауына себеп болып отыр. Жердің шөлге айналуы, орманның құрып кетуі, табиғи қордың сарқылуы, озон қабатының бұзылуы, жылыжай буының әсері (парник), тұзды жауын, ауыз судың тапшылығы, мұхиттардың ластануы, өсімдік пен жануарлар түрлерінің жойылуына және жердің аууына әкелуде. Жоғарыда аталған осы проблемалар қайткенде де адамзат өркениетінің болашағымен тығыз байланысты. Тұтастай алғанда табиғат экологиялық проблемаларды білмейді. Егер де олар кейбір организм топтарында туындай қалса, әдеттегідей эволюциялық баяу жолымен, біршама уақыт аралығында бір түрдің екінші түрге ауысуымен табиғатта білінбестен өте береді. Оларға қарағанда адамдардың экологиялық проблемаларды жер шарындағы бар табиғаттың өзекті проблемаларына айналып отыр.

1.Табиғатпен қоршаған ортаға алдымен XX ғасырдағы антропогендік әсер етуінің шамасы үлкен болды. Қалыпты биосфераның шегіне жақындап қалды, тіпті кейбір параметрі бойынша асып кетіп жатыр. Әрине, мұның көріністері әр түрлі.

- бұзылмаған жер көлемінің күрт азайып кетуі, олардың тозуы, биологиялық түрлердің азаюы, биосфераның сандық және спалық жағынан да кедейленуі.

- тұщы су, топырақ гумусын, биомассасын және өсімдік өнімдерінің орнын толтыруға “мұрша бермей бәрін алып, тұтынып жатыр”.

- XX ғасыр орны толмайтын минералдық және отындық қорлардың тез азайып, сарқылуға жақындауы өз кезінде қиын экономикалық проблемаларды тудырып отыр.

- Құрамындағы заттар мен материалдар табиғат айналымына еш пайдаға аспайтын шаруашылықтағы қалдықтар ортаны ластайды, экожүйенің бұзылуына әкеп, адам денсаулығына қауіп төндіреді.

- ортаны реттеп тұратын биосфераның қызметі әлсізденіп, экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкеледі.

Жердің геологиялық тарихында өсімдік жабындысының құрғақтығында, құрлықтың ландшафт құрылымында, климат пен атмосфераның химиялық құрамында айтарлықтай өзгерістер бұрындары болып тұрған. Мондай-ақ адамның табиғатқа жағымсыз әсер етуінің де ұзақ тарихы бар. Бірақ осылардың барлығы біздің заманымыздағы жағымсыз әрекеттердің жылдамдығындай болған емес. Бұл ғаламдық экологиялық дағдарыстың есіктен “сығалауы” деген сөз.

2.Өсіп отырған антропогендік қысымға табиғат бұрын соңды көрмеген экологиялық қауіпті өзгерістермен жауап беруде.

- ортаның химиялық және радиациялық ластануының әсерінен мутацияны тездетіп және жаңа биологиялық түрлердің пайда болуына әкеліп отыр. Олардың бейімделуі мен тұрақтылығы өте жоғары, ал кей жағдайда адамға қауіпті қасиеттерге де ие:

- микроорганизмнің, өсімдіктің немемсе жануарлардың жеке түрлеріне таңдап жүріп әсер етуі, олардың табиғи бірлестіктен жойылуы көптеген түрлерді жанап өтетін, экожүйелердің тұрақтылығын бұзып және олардың ішінен көбін бүлінуге әкелетін бақылауға еш келмейтін тізбекті реакцияларға жол ашады.

- ланшафтың антропогендік тұрғыдағы қайта құрылуы мен ортаның ластануы экологиялық апаттар мен экономикалық қауіп-қатерге бақылауға еш келмейтін салдарлары да жоқ емес. Табиғат жауаптардың адам табиғатын тікелей қатысы бар.

3.Адам өзінің консервативті биологиялық мәнінің және табиғаттан күн санап өсе түскен өгейсінудің арасындағы қайшылықтардың торында шырмалғандай күй кешуде. Өздері ойлап тапқан технологияны жақсы өмір сүру үшін тұрмыс құралдарын пайдалана отырып, табиғи сұрыптау мен түраралық бәсекелестіктің қысымынан үлкен дәрежеде құтылып отыр. Ол биологиялық түрлер санынан бірнеше есе асып, биологиялық тұтынуды қанағаттандыру үшін заттар мен қуат көздерін пайдалану көмегімен ондаған есеге арттырады.

- адам санының өсуі олардың биологиялық сапасының артуымен байланысты емес. Керісінше,тұқым қуалайтын аурулардың жұқпалы ауруларға бейімділілігі, срндай-ақ егде адамдардың созылмалы аурулары да кең етек алып отыр. Адамдардың экологиялық проблемары денсаулық проблемаларына көп ұқсап келеді.

- адамзат XX ғасыр өзінің тұтыну өркениетінің шегінде отыр. Экономика екінші қажеттіліктің үлкен санына жабысуының арқасында тұр. Осылардың бәрін қанағаттандыру қоршаған орта мен табиғатымызға артық техногенді салмақ түсіреді.

Адамзаттың экологиялық проблемалары әлеуметтік және экономикалық проблемалары өте тығыз байланысты. Аймақтық экологиялық проблемалары әлеуиеттік мүлік теңсіздіктері мен геосаяси сілкіністердің тікелей ошағы болып табылады. Осы проблемалардың көпшілігін тек қана экологиялық себептерге ғана емес, сонымен қатар экономика мен қоғамдық идеологиялық саясатқа да байланысты. Қазіргі таңдағы экология оларды кешенді түрде зерттеп және шешудің маңызды ғылыми негіздерін енгізуде.

Ғылым ретінде қазіргі таңдағы экологияның міндеті: көптеген нақты материалдардың бірегей теориялық платформаға өзара қатынасын барлық қырынан көрсетіп, осы мәліметтерді бір жүйеге келтіріп, біріктіруі қажет.

Қазіргі кезде ғаламшардың экологиялық проблемасын түсіну үшін, экологияның жаңа идеологиясы мен әдіснамасын жасау үшін табиғатты пайдаланудағы тәжірибелік істерді, экологиялық білімді дұрыс ұйымдастыра білу қажет. Осы күнгі экологиялық жалпы міндеттерін ғылыми іс-тәжірибелік жоспарда ауқымды түсінік бойынша төмендегідей қалыптастыруға болады.

1.ғаламшар табиғаты жағдайларының және оның ресурстарының жан-жақты диагностикасы, ортаның ластануы мен адамзат әрекетінен биологиялық қорлардың алынуына себеп адамның ісінен, антропогендік қысымға қатынасы бойынша биосфераның шыдамдылық шамасын анықтау;

2.биосферасы ең маңызды өнім әлеуетінің себеп адамның ісінен қ бағалануының бар әдістеріне шолу............................... табиғатын кешенді түрде толығымен қалыпты өзгеруінің, сонымен қатар қоршаған ортаның аймақтық және ғаламдық жай-күйін, аймақтың және адамның ттолық әлеуметтік дамуының әр түрлі елдердің түрлі сценарийі негізінде болжауын жасау:

3.табиғатты күштеп бағындыру идеологиясынан алшақтау, экспертизхм әдіснамасы мен жаңа идеологияны қалыптастыру, өнеркәсіп өркениетіне өтуге байланысты білімді, саясатты, техниканы, өндірісті, экономиканы экологияландыруға бағытталған шарашлар;

4. оңтайландыру критерийлерін орындау – экологиялық өктемдік пен анағұрлым келісімді таңдау мен қоғмның әлеуметтік – экономикалық дамуының экологияға қарай бет түзеуі (бағдары).

5.адамзат қоғамының стратегиялық әрекетінің экономикасы мен технологиясы, табиғат шыдамдылығы шегінің экономикасына сәйкес шаруашылық қызметінің сипаты мен көлемін қалыптастыру ғаламдық экологиялық дағдарысты болдырмайды [13,6-7б].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет