1. 2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформа



бет4/4
Дата16.06.2016
өлшемі0.53 Mb.
#139841
1   2   3   4

3.3.Табиғатты қорғау жүйесін тиімді жүргізу экономиткалық механизмге тікелей байланысты. Қазіргі жағдайда табиғат қорғау қызметіндегі экономикалық құралдың жүйесі мыналарды қамтиды:

  • Салық;

  • Демеуқаржы және жеңілдік несиені;

  • Табиғатты қорғау міндетіндегі тездетілетін амортизациялық қорларды;

  • Ластаушы құқықты сату;

  • Айыптарды;

  • Ластау және қалдықтарды орналастыру үшін төлемдерді;

Табиғатты қорғау қызметіндегі экономикалық ынталандырудың маңызы – табиғатты қорғауды іс жүзінде асыруда кәсіпорындардың тікелей ынталылығын арттыру. Экономикалық ынталандырудың нақтылы шаралары объект деңгейіндегі ықпалы, жеке қызметкерлер деңгейіндегі негізгі ынталандыру:

  • Еңбекақы;

  • Сыйлықтар;

  • Материалдық жауапкершілік шаралары;

  • Кәсіпорындар деңгейінде – баға, табыс, материалдық ынталандыру қоры;

Табиғи ортаны қорғауда экономикалық ынталандырудың қазіргі ықпалдылығы элементтерін табудан бастау қажет.

Қоршаған ортаны қолрғаудағы ынталандырудың жүйесінде баға құрылымы айрықша орын алады. Себебі, табиғатты қорғау қызметіне кеткен шығындар неғұрлым көп болса, соғұрлым өнімдердің өзіндік құны артады, кәсіпорындардың таза пайдасы да азаяды. Сондықтан табиғатты қорғау жұмыстарына кететін шығындарды барынша азайтқан жөн. Ол үшін қоршаған ортаны ластандыруды барынша азйту немесе тіпті болдырмау, олардан алынатын төлемді қысқарту және т.б.

Нарықтық экономика жағдайында неше табиғатты қорғау қызметіндегі ең маңызды құралдардың бірі болып табылады. Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың тоқтап қалуы, қаржының жетіспеуі табиғат қорғау жұмыстарын жүргізуге көп кедергі жасауда. Осыған орай, мемлекет тарапынан несие алып, оны орынды жұмсау және мерзімді қайтару басты міндет.

Табиғи ортаны қорғау қоғамдық өндірістің табиғи ортаға қайшы ықпалын қысқартуды алдын-ала ескерту үшін кешенді түрде шаралар жүргізуді қажет етеді. Табиғат қорғау шараларын іске асру үшін күрделі және кезектегі шығындар жұмсалу қажет. Экономикада күрделі қаржының абсолюттік тиімділігін есептемегенде жалпы деңейін анықтау мақсатында табиғи ресурстардың нашарлауын болдырмауға арналған жеклеген шараларды іске асырған жөн.

Табиғатты қорғау шаралары – алғашқы тиімділік және соңғы әлеуметтік – экономикалық тиімділік болып ажыратылады. Алғашқы тиімділік – зиянды қалдықтарды щығаруды азайту, қоршаған ортаның жағдайын жақсартудан, ал соңғы әлеуметтік – экономикалық тиімділік халықтардың тұрмыстық дәрежесін арттыруда, қоғамдық өндіріс және ұлттық байлықтың тиімділігінен тұрады [14,178б].

Қорытынды

Қоршаған табиғи ортаны қорғау кәсіпорындардың маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Қоршаған ортаға жағамсыз антропогендік ықпалын азайтуға және жоюға бағытталған іс-шаралар жасалынып, оларды орындауға әрбір кәсіпорын ат салысу қажет.

Табиғатты қорғау – бұл табиғаттың өзіндік жағдайын сақтау немесе бұрынғы сипатын қайтадан қалпына келтіру арқылы табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану үшін мемлекеттік жүйедегі қоғамдық шара.

Табиғатты қорғауға байланысты қоғамдақ қатынасты реттейтін құқықтық нормалардың, ережелердің жиынтығы табиғат қорғау құқығы болып табылады.

Экологиялық қауіпсіздіктен қорғаудың тиімді жүйесі сонымен бірге ол адамдардың және жалпы қоғамның қазіргі кездегі бірден-бір аса қажеттілігі болып саналады. Табиғи ортаның тіршілікке қолайлы болуы – қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуына әсер ететін қажетті шарт. Экологиялық ахуалдың төмендеуі адамдардың тұрмыс деңгейін анағұрлым нашарлатады.

Бүгінде экологиялық дағдарыстың қауіп – қатерінен құтылу, барлық елдер мен халықтардың жан-жақты күш салуымен ғана мүмкін болады. Табиғи ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі бірқатар саяси, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және басқа да факторлардың іс-әрекеттеріне әділ сүйенеді.

Өз кезегінде, экономиканы өзгерту, ғылыми – техникалық прогресс, ақпарат алмасуды жеделдету, адамдар мен тауарлардың қозғалысы – бір сөзбен айтқанда, адамзат өркениетінің бүкіл дамуы дүниенің өскелең бірлігіне, континенттер, аймақтар және елдер арасындағы өзара байланыстылыққа жеткізеді. Жалпы адамзаттық мүдделердің біздің өмірімізге барған сайын тереңдеп еніп, барған сайын айқындала түсетіні, міне, сондықтан. Олар ең алдымен адамзаттың ғаламдық проблемаларынан байқалады, ал олар мемлекеттер мен халықтардың бүкіл планета көлемінде сындарлы, жасампаз әрекет жасауын талап етеді [20,255б].

Қарама-қайшылықты болғанымен, біртұтас дүниенің артып келе жатқан өзара тәуелділігі – осы заманғы дүниежүзілік дамудың аса маңызды белгісі. “Біздің бәріміз – Жер атты бір кеменің жолаушыларымыз” – француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюперидің осынау бейнелі сөзі нақ бүгін ерекше маңызды болып отыр. Ендеше, бұл кеменің жүзу сапары сәтті болуы үшін қолдан келгеннің бәрін істейік!



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Кенжеғозин М.Б. “Экономика”,2-том. Алматы, 2006. 437бет.

2. Сүлейменов.О. “Адам баласының ақылы жетсе де, мәдениеті жетпейді”. “Дүние”журналы, №6 . Астана, 2005, 12 желтоқсан. 24бет.

3.Қалдыбаев О., Теміров Е. “Нарықтық экономикалық анықтамалық”. Алматы : “Бастау”, 1993. 295бет.

4. Жүкешев Қ.М. “Адам. Қоғам. Құқық”.Алматы, 2005. 255бет.

5. Күнқожаев Н. “Адам және қоғам”.Алматы, 2003. 175бет.

6. Жатқанбаев Е.Б. “Аралас экономика негіздері”. Алматы, 1996. 193бет.

7.Назарбаев Н.Ә. “Қазақстан – 2030 стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде”. “Егемен Қазақстан” газеті. Алматы, 2007, 1 наурыз. 40бет.

8. Ахметов Е.,Кәрменова Н. “Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы”.Алматы: “Мектеп”,2005.175бет.

9. Сәттімбекұлы Р.,Ережепова Ғ. “Қазақстан – арайлы туған өлкем, табиғаты ажарлы әрі көркем”. “Атамекен” газеті, №4 (255), 1991.12бет.

10. Сейтқалиев Ғ. “Экологиялық проблемалар”. Алматы, 2003. 257бет.

11.Бейсенова А.,Шілдебаев Ж. “Экология және табиғатты тиімді пайдалану” Алматы: “Ғылым”, 2004. 325бет.

12.Мамыров Н.Қ. “Табиғатты пайдалану экономикасы”. Алматы, 2005. 367бет.

13. Үпішев Е.М.,Мұқаұлы С.“Табиғатты пайдалану экономикасы”.Алматы, 1999. 269бет.

14. Мейірбеков А.Қ.,Әлімбетов Қ.Ә. “Кәсіпорын экономикасы” Алматы: “Экономика”, 2003. 251бет.

15 Сүмесінов М. “Теңіз күкірті тың көзқарасты талап етеді”.“Атырау” газеті, №136 Атырау, 2007, 24 қараша. 24бет.

16.Нұрғалиев Қ.Р. “Қазақстан экономикасы”. Алматы, 1999.289бет.

17. Мадиярова Д.М. “Экономикалық қауіпсіздік” Алматы: “Экономика”,2000. 361бет.

18.Жүнісов М. “Нарықты экономика теориясы”. Алматы, 2003. 293бет.

19. Мәуленова А.Т. “Экономикалық теория”. Алматы, 2004. 273бет.

20. Максаковский В.П. “География”. Алматы: “Рауан”, 1997. 225бет.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет