1. 2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері



бет5/7
Дата28.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#164144
1   2   3   4   5   6   7

Өнеркәсіптік кәсіпорын жағынан өндіріс рентабельділігі мен өткізуін қамтамасыз ету мақсатында нарықтың жоспарланған үлеске ие болуға мүмкіндік беретін тауарлардың өндіріс көлемін туралы мәселе шешілуі тиіс.

Сонымен бірге, кәсіпорынды ресурстық қамтамасыз ету ─ қажетті материалдар, жинақтайтын бұйымдар, жартылай фабрикаттар сатып алу мүмкіндігі, қажетті қаржылық ресурстар мен квалификациялық деңгейі жоғары кадрларды тарту да өте маңызды мәселе болып табылады. Көптеген бәсекелестерге қатысты нарықта ұстанымды жаулап алудың негізгі сәті - өндірілетін өнімдердің уақытылы жаңаруы, өнімнің жаңа түрлерінің өндірісін ұйымдастыру мен даярлау. Қазіргі жағдайдағы нарықта кәсіпорынның гүлденуі үшін жаңа өнімдердің өндірісі мен қалыптастыру шешуші мағынаға ие. Статистикалық мәліметтер бойыншаөндірістің негізін қалайтын жаңа өнімді игергеннен кейін оның өткізуінің өсу темпі бәсекелестерге қарағанда 2 есе артық. Жаңа өнімді шығарғанда және тауарлардың ассортиментін кеңейткенде кәсіпорын нарықтың болжанбайтын өзгерістер есебінен банкротқа әкеле алатын бір өнімнің тәуелділігін азайтуға тырысады. Нарыққа шығарылған жаңа тауарлардың бірталайы коммерциялық сәтсіздікке ұшырайтыны белгілі: шамалас 10 өнімнен 8 өнім өндірушілер оларға артқан сенімділігін ақтамайды. Негізгі себептері: берілген тауарларға сұраныскөлемінің жеткіліксіздігі, тауардың техникалық және эксплуатациялық кемшіліктері, тиімсіз жарнма, жоғары баға, бәсекелестердің болжанбайтын жауапты қимылдары, нарыққа шығу үшін таңдалған дұрыс емес уақыт, өндірістің шешілмеген мәселелері, жалпы алғанда бәсекелес саясаттың дұрыс емес болжануы.

Жаңа тауарларды шығару тұжырымдамасының негізінде тек жаңа техникалық және техникалық-экономикалық параметрлерге жетудегі дәстүрлі ұмтылысты сақтау ғана емес, сонымен бірге басқа аналог тауарларға қарағанда бәсекеге қабілеттілігі жоғары деңгейлі «нарықтық жаңалық тауарды» құруға талпыныс болып табылады.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату жолдарын таңдаған кезде жаңа өнім шығару емес, өндірістен моральдық ескірген өнімді шығару емес, тауардың модификациясы туралы уақытылы шешім қабылдау жиі жақсы нәтижеге әкеледі. Өнімнің модификациясы туралы шешім үлкен пайда алу үшін тұтынушының ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қабылданады. Сонымен қатар, машина, құрал-жабдық және басқа өнеркәсіптік өнімді қолдану мен өткізумен байланысты комплексті қызметті көрсету, олардың жоғары тиімділікті эксплуатацияға әрқашан дайын болуы, яғни сервистік немесе сатудан кейінгі қызмет көрсету өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуға дұрыс бағыт болып табылады. Білікті ұйымда өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатудың шешуші факторы сервис болып табылады, өйткені қосалқы бөлшектерге баға өндірісте қолданылатын жинақтаушы бөлшектерге қарағанда 1,5-2,0 есе төмен.

Өнімнің бәсекеге қабілетілігін жоғарылату міндетін шешуінде таңдау мәселесі мен жаңа өткізу нарықтарын игеру мағынасы жылдан жылға артып келеді. Осыған байланысты әрбір кәсіпорында бұл салады талдау-іздеу жігері өте маңызды. Жаңа өткізу нарықтары тауардың бәсекеге қабілеттілігі мен өткізу қызметінің рентабельділігін күрт өзгерте алады. Жаңа нарыққа тауарды еңгізіп, оның өмірлік циклін ұзартуға болатыны түсінікті. Әлемнің әрбір түкпірінде сұраныстағы маусымдық ауытқулар тауардың сәтті өтуіне себеп бола алады. Ал жаңа нарықтарда сату көлемінің өсуі бірлік өнім өндірісіне кеткен шығынды азайта алады, бұл ең алдымен арзан жұмыс күші, салықтың төмен деңгейі және кеден баждары мен өткізу жаңа нарықтардағы басқа факторлар есебінен болуы мүмкін. Осыған байланысты, егер ішкі нарықта тауардың бәсекеге қабілеттілігі күрт төмендесе, тауардың бәсекеге қабілеттілігі әрі қарай дамуы үшін (оның модификациясын жасамас бұрын, жаңа өнім немесе ескі өнімді өндірістен шығармас бұрын) онымен өткізу жаңа нарығына шығуға әрекет жасау керек.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау нәтижесінде бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатудың келесі жолдары қабылдануы мүмкін:



  • Қолданылатын материалдардың, комплект бұйымдардың немесе өнім конструкциясының құрамы мен құрылымының өзгеруі;

  • өнімді жобалау тәртібінің өзгеруі;

  • өнімді дайындау технологиясының; дайындау сапасы, сақтау, орама, транспорттау мен монтаждауды бақылау жүйесінің өзгеруі;

  • өнім бағасының, қызмет көрсету мен жөндеу бағасының, қосалқы бөлшектерге бағаның өзгеруі;

  • нарықта өнімді өткізу тәртібінің өзгеруі;

  • өнімді өткізу, өндіріс, жетілдіруге арналған инвестиция көлемі мен құрылымының өзгеруі;

  • жабдықтаушыларды ынталандыру жүйесінің өзгеруі;

  • импорт құрылымы мен импортталатын өнім түрлерінің өзгеруі.

Қорытындылай келіп, өнімнің бәсеке қабілеттілігін жоғарылатудың 3 негізгі жолдарын көрсетуге болады:

    1. тауардың сапасын жоғарылату;

    2. тауардың бағасын арзандату;

    3. тауардың өткізуін өрістету.

Соңғысына біз ашып қарастырайық.

Бәсекеге қабілеттіліктің өсуі, евро курсының жоғарылауы мен доллардың төмен түсуі өндірушілерді өз өнімін өткізуінде тұтынушылар мен делдалдарға жол беруге тура келеді. Одан басқа, жарнама тиімділігі өсіп жатқан шығындар есебінен төмендейді. Сондықтан, соңғы кездері көптеген кәсіпорындар жарнама ЖШС-гіна тиімді сүйеу болатын өткізуді ынталандыруға сүйенеді.

Сатуды ынталандыру көп мақсатты бағытқа ие. Мақсат алдағы ықпал объектісіне байланысты таңдалады. Мақсаттық аудиториялардың бірнеше типтері бар:


  1. Тұтынушы: оның мағынасы өте үлкен және барлық маркетингтік саясат сол тұтынушыға бағытталады. Сатуды ынталандырудың кең спектр тәсілдері бір ғана мақсатпен жасалған ─ тұтынушыны ең тиімді әдіспен тарту және оның сұранысын қанағаттандыру. Тұтынушыға арналған ынталандыру жолдары келесідей:

  • сатып алушылардың санын көбейту;

  • бір сатып алушымен сатып алынған тауарлар көлемін ұлғайту.

  1. Сатушы: сатушының тауарды сату қабілеттілігі мен шеберлігі өндіруші назарынан тыс қалмауы керек. Фирманың мақсаты сол қасиеттерді ынталандырып көтермелеу. Сатушыға арналған ынталандыру мақсаттары:

  • тауарға қызығушылығы жоқ тұтынушыны қызықтыру.

  1. Сауда делдалы: өндіруші мен тұтынушының арасында негізгі буын болып, реттейтін қызметін атқаратын өзіндік объектісі болып табылады. Ынталандыру мақсаттары келесідей болуы мүмкін:

  • тез танымалды болатындай тауардың белгілі бір имиджін қалыптастыру;

  • сауда желісіне келіп түсетін тауар көлемін ұлғайту;

  • бір немесе басқа марканың белсенді өтуінде делдалдың қызығушылын көтеру, т.б.

Ынталандыру шаралары қойылған мақсатқа байланысты таңдалып алынады. Оларды 3 ірі топқа біріктіруге болады:

  • баға ұсынысы (төмен бағамен сату, жеңілдік купондары мен талондары);

  • натуралды формадағы ұсыныс (премиялар, тауар үлгілері);

  • белсенді ұсыныс (сатып алушылар конкурсы, ойындар мен лотереялар).

Нан өндірісі саласы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру біртұтас механизм ретінде нарықтық сұраныс пен ұсыныстың жалпы жағдайына, қоғамның дамуына, адамзат мәдениеті мен ой-санасына, қауіпсіздік пен эстетика және экология талаптарына, сонымен қатар, кәсіпорынның мүмкіндігіне сай болуы тиіс.

Бәсекеге қабілеттілік арттыру механизмі – кәсіпорынның нәтижелі жетістікке жету жолында атқаратын іс-әрекеттері арқылы сипатталады. Дұрыс таңдап алынған механизм осы кәсіпорынның нарықтық бәсекелестерімен салыстырғанда ұзақ уақытқа ұтымды жағдай жасауына негіз болады.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру механизмі іс-әрекеттердің жиынтық көрінісі ретінде оларды жүзеге асыратын бірнеше тетіктерге тәуелді. Бұл тетіктер диплом жұмысымда өзіндік сипаттары бойынша төрт топқа бөліп қарастырылады:

бірінші топ - өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру;

екінші топ - өнімнің бағасын қалыптастыру немесе кәсіпорынның баға саясатын реттеу;

үшінші топ - өнімнің тартымдылығын арттыру немесе кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру;

төртінші топ - өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету немесе өндірісті мемлекеттік қолдау (5-сурет).

Әлемдік нарықтың қатаң талаптары мен бәсекелік шарты отандық нан өнімін өндіруші кәсіпорындардың сол талаптар мен шарттарды ұстануын қалайды. Өйтпеген жағдайда әлемдік нарықта осы өнім түрлері бойынша негізгі өндірушілер саналатын АҚШ, Израиль, Голландия, Ресей және Дания сынды мемлекеттер өздерінің бәсекелік ықпалымен еліміздің ішкі нарығын және енуге мүмкін болатын көршілес мемлекеттердің нарықтарын игеріп алуы қиын емес.

Сондықтан да ішкі нарықтағы нан өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі, ең алдымен, олардың сапасына байланысты.

Нан өнімдерінің сапалық деңгейі бірнеше тұрғыда анықталады. әлемдік нарыққа шығудың негізгі жолы болып – халықаралық сапа стандарттарының талаптарын орындау және оны өндіріске енгізу қадамдары саналады, сонымен қатар, өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу саясатын да негізгі назарда ұстанған жөн деп санаймыз.

Өндіріске инновациялық және ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу, алдыңғы қатарлы озық технологияларды пайдалану тек өнімнің сапалық қасиеттерінің жақсаруына ғана емес, шикізат пен материалдарды үнемді пайдалануға, сонымен қатар, оның баға бәсекесі жағдайындағы өтімділігін арттыруға да серпін береді.

Бүгінгі жағдайда, өңдеуші өнеркәсіптердің, соның ішінде нан өнімі кәсіпорындарының инвесторлар үшін тартымдылығы төмен екендігін ескере отырып, бұл кемшілікті жою мақсатында сол кәсіпорындардың өздері нақты ұсыныстарды алға тартуы тиіс. өйткені, ғылыми- техникалық жетістіктерді өндіріске тарту ірі көлемдегі қаржының көмегінсіз жүзеге асуы мүмкін емес.


Бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыру тетіктері




Өнімнің тартымдылығын арттыру

- өнімнің сапалық және бағалық тиімділіктерін жарнамалау;

- кәсіпорынның сауда белгісін нығайту және танымалдылығын кеңейту;

- өнімнің сыртқы келбеті мен жағымдылық қасиет-терін арттыру;

-маркетинг жүйенің стратегиясы, тактикасын дайындау





Өнімнің сапасын арттыру

- халықаралық сапа стандарттарын енгізу;

- өнімнің органолептикалық қасиеттерін жақсарту;

- ғылыми-техникалық және инновациялық жетістіктерді енгізу;

- өндірісті диверсификациялау;

- өнімді дифференциациялау;

- еңбек күшінің ықпалы


Баға саясатын реттеу

- нарықта баға стратегиясын айқындау;

- өнімнің өзіндік құнын төмендету мүмкіндіктерін іздестіру;

- бағаны қалыптастыру әдістерін анықтау;

- нарықтық бәсеке жағдай-ында байланысты өнімнің бағасын белгілеу.


Өндірісті мемлекеттік қолдау

- БСҰ кіру қарсаңында өндірушілерді заңдылық тұрғыдан қорғау;

- инвестициялық саясат ұстану;

- экономикалық қолдау шараларын енгізу;

- өзара байланысты салаларды кешенді дамыту;

-бәсекелік ортаны дамыту.







Бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша нақты ұсыныстар беру және оларды шешу жолдарын анықтау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет