Пластмассалар, пластикалық материалдар — құрамында бұйымдарды дайындау кезінде созылғыштық немесе жоғары иілгіштік, пайдалану барысында шыны тәріздес немесе кристалдық қалпын сақтайтын полимер бар материалдар. Пластмассалар шыны тәрізді немесе кристалды, диэлектрикалық қасиеті жоғары, атмосфера әсеріне тұрақты, механикалық жағынан берік болады. Пластмассалар 4 топқа бөлінеді: •полимерлену өнімдері пластмассалар (полиэтилен, полистирол, т.б.) негізіндегі пластмассалар; •поликонденсациялану (полиамидтер, полиэфирлер, т.б.) негізіндегі пластмассалар; •хим. модификацияланған табиғи полимерлер негізіндегі пластмассалар (протеин, целлюлоза, галалит); •табиғи және мұнай асфальттары мен шайыр негізіндегі пластмассалар Сонымен қатар термопластикалық және термореактивті пластмассалар болады. Термопласты полимерлер қыздырғанда қасиеттері біртіндеп, баяу өзгереді және белгілі бір температураға жеткенде тұтқыраққыш күйге ауысады. Балқыған термопласты суытқан кезде полимер алғашқы қалпына келеді және де мұндай өзгерістердің нәтижесінде полимердің химиялық табиғаты өзгермейді, сондықтан бұл процесті бірнеше рет қайталауға болады. Термоплаты полимер болып полиэтилен, полистирол, поликапролактам сияқты полимерлер есептеледі Термореактивті полимерлерге қыздырып артынша суытқанда бастапқы қалпына келмейтін полимерлер жатады. Мұндай полимерлердің тізбегінде бос функционалды топрары болады немесе қанықпаған байланыстары болады, сондықтан олар қыздырғанда макромолекулалар арасында химиялық байланыстар пайда болады да, олар торланған құрылымды полимер түзеді. Мұндай полимерлерге фенолформальдегидті, мочевинальдегидті полимерлер жатады.
11.Микробиологиялық синтез
Микробиологиялық синтез - микробтық жасушаларға тəн биологиялық қасиеттерге негізделген химиялық қосылыстарды, биологиялық белсенді заттар мен басқа да өнімдерді алу тəсілі. Микробиологиялық синтездеуде микроорганизмдердің ферменттік жүйелерінің жұмыс істеуінің нəтижесінде қарапайым заттардан кешенді заттар пайда болады. Микробиологиялық синтез үшін пайдаланылатын микроорганизмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар) жоғары жылдамдықпен көбеюге жəне микробтық жасушаның талаптарынан асатын белгілі бір өнімдердің артық мөлшерін синтездеуге қабілетті. Микробиологиялық синтез үшін шикізат ретінде ең арзан азот және көміртегі көздерін пайдаланады. Әдетте микробиологиялық синтез ферментерлерде жүзеге асырылады. Микробиологиялық синтез бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды. Ең бастылары - өндіруші микроорганизмнің қажетті культурасын дайындау, өсіру , биомассаны сүзу және бөлу, қажетті өнімді оқшаулау мен тазалау, кептіру секілді кезеңдер болып табылады. Микробиологиялық синтез жолымен бірнеше өнімдер алуға болады: 1. Антибиотиктер. Көптеген антибиотиктер көбінесе актиномицеттер, кейбір бактериялар (көбінесе олардың мутанты нысандары) болып табылатын микроорганизмдердің жасушаларының сыртында жиналады. 2. Аминқышқылдар. Аминқышқылдардың микробиологиялық синтезінің маңызды артықшылығы – оларды табиғи изомерлері (L-пішіндері) түрінде өндіру мүмкіндігі болып табылады. Аминқышқылдарды өндірушілер көбінесе ферменттік жүйелерінен айырылған, негізінен мутанттар болып табылады, соның салдарынан қажетті өнімнің суперсинтезі орын алады. 3. Нуклеозидті фосфаттар. Нуклеотидтердің (инозин, гуаниил және басқа қышқылдар) микробиологиялық синтезінің дамуы жасанды тағам алу мүмкіндігімен байланысты, олар дәмдік қоспалар ретінде пайдаланылады. 4. Витаминдер. Микробиологиялық синтез әдістері арқылы негізінен B12 витамині алынады. 5. Вакцина
12.ЖМҚ туралы жалпы мәліметтер: ЖМҚ классификациясы, қасиеттері.
Үлкен молекулалық массасы және өзіне тән бірқатар қасиетті бар қосылыстарды жоғары молекулалық қосылыстар немесе полимерлер деп атайды. Бір немесе бірнеше типті құраушы буындары еселеніп тізбектеліп жалғанған молекуланы полимер деп атаймыз. Полимердің құрамынан бір немесе бірнеше құраушы буындарды алғанда немесе қосқанда физика-химиялық қасиеттер жиыны өзгермейді. И.Берцелиус1833 ж. “полимерия” терминін ғылымға енгізген. Г.Штаудингер – ЖМҚ үлкен молекулалық массадан тұратынын дәлелдеген. Молекулалық массасы бойынша: 1. Төменгі молекулалық қосылыстар массасы 1000-ға дейін. 2. Олигомерлер массасы 1000-5000 аралықта. 3. Жоғары молекулалық қосылыстар массасы 5000-нан бастап, ондаған миллионға дейін. Полимерлердің пішіні сызықты, тармақты не торлы, кеңістіктік болып келеді. Жоғары молекулалық қосылыстар бірнеше белгілері бойынша жіктеледі. Пайда болу тегіне байланысты Табиғи (целлюлоза, белоктар, каучук, т.б.), Жасанды (нитроцеллюлоза, поливинилспирті вискоза, т.б.), Синтетикалық (полиэтилен, полипропилен, полистирол, полиамид, фенолды шайыр, т.б.) Негізгі тізбектің құрамы бойынша макромолекулалар гомотізбекті және гетеротізбекті болып екіге бөлінеді. Гомотізбекті полимерлердің негізгі құрамы бірдей атомдардан тұрады, қосымша тізбектің құрамы есепке алынбайды. Егер тізбек көміртек атомынан тұрса, ондай полимерлерді карботізбекті деп атайды. Мысалы, полиэтилен, полипропилен, поливинилацетат. Гомотізбекті полимерлер өз ара тағы да алифатикалық, ароматикалық, галогендік т.б. болып бөлінеді. Сонымен қатар полимерлер химиялық табиғаты бойынша органикалық,бейорганикалық және элементорганикалық болып тағы бөлінеді. Органикалық полимерлер көміртегінен, сутектен, оттектен, күкірттен және азоттан тұрады. Бейорганикалық – кремний, алюминий, стронций, германий т.б. элементтерінен тұрады және оларда органикалық қосымша тізбектер болмайды. Элементорганкалық полимерлердің негізгі тізбегінің табиғаты бейорганикалық болады да, қосалқы тізбегінің табиғаты органикалық болады, немесе керісінше. Құраушы буындардың санына байланысты: гомополимерлер және сополимерлер(статистикалық, алмасқан, блок,жалғанған)
13.ЖМҚ алу әдістері. Мысал келтірініз
Жоғары молекулалық қосылыстар алу үшін құрамында қанықпаған байланыстар немесе тұрақсыз циклдар, сонымен қатар бір молекулада, кем дегенде екі функционалдық топтар бар төмен молекулалық қосылыстар – мономерлер қолданылады. Құрамында екі бифункционалдық топтары бар екі мономерді қолданғанда сызықты құрылымды полимерлер түзіледі. Ал мономерлердің қоспасын қолданғанда оның ішінде кем дегенде біреуінің құрамында екі функционалдық топтар болса, онда торлы полимерлер алынады. Мономерлерден полимерлер алудың негізгі əдістері полимерлену, поликонденсациялану реакциялары болып табылады.