Поликонденсация деп қосымша заттар бөле жүретін төмен молекулалы қосылыстардан жоғары молекулалы қосылыстардың түзілу реакциясын айтады. Поликонденсация əдісі бойынша полимер алу үшін əр түрлі химиялық реакциялар қолданылады. Олар: этерификациялау, аминдеу, ароматикалық орынбасу жəне т.б. Поликонденсация екі функционалдық топтардың əрекеттесуінен жүреді. Поликонденсация реакциясын балқымада, ерітіндіде немесе екі фазаның бөліну шекарасында жүргізіледі. Поликонденсациялану кезінде полимермен қатар төмен молекулалық қосымша өнімдер (су, аммиак, көміртек қос тотығы жəне т.б.) бөлінеді. Поликонденсациялану реакциясына би- жəне көп функционалды байланыстары бар мономерлер түседі. Глюкоза-полисахарид. Барлық шығарылатын полимердің 1/4 бөлігі поликонденсация əдісімен алынады.
Полимеризация құрамында қос байланыстар бар мономерлердің өзара немесе сақинаның ашылуымен гетероциклдар əрекеттесу нəтижесінде жоғары молекулалық қосылыстардың түзілу үрдісі. Бұл үрдіс төмен молекулалы қосымша өнімдердің бөлінуімен жүрмейді, ал реакция жылудың бөлінуімен жəне қайтымсыз жүреді. Полимерлену үрдісін жүзеге асыру үшін реакцияға қатысатын мономерлерді активсіз түрден активті түрге айналдыру қажет. Бұл мономерлердің табиғатына байланысты əртүрлі жолдармен (қыздыру, катализаторлармен инициаторлар қолдану, жарық энергиясымен, ядролық сəулелендіру немесе ультрадыбыспен əсер ету) жүргізіледі. Полимерлену үрдісін жалпы түрде:
деп жазады.
Мұндағы, А – реакцияға қатысатын мономер молекуласы; n – полимерлену дəрежесі; (A)n – n мономер молекуласының звеносынан тұратын полимердің молекуласы. Этилен-полиэтилен. Өндірілетін барлық полимердің ¾ бөлігі полимеризация əдісі арқылы алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |