1 Аналитикалық химия пәні, мақсаты, міндеті. Аналитикалық қызмет. Анализ әдісініңжіктелуі



бет2/52
Дата25.04.2024
өлшемі4.71 Mb.
#499836
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Аналитика B

2)Аналитикалық химияның іргелі ғылым ретіндегі қазіргі жағдайы және оныңқолданбалы аспектісі (нақты мысал келтіріңіз). Қазіргі заманғы аналитикалықхимияның негізгі тенденциялары
Аналитикалық химия химиялық жүйелердің құрамы мен құрылымын анықтау тәсілдерін зерттейтін ғылым; ол бейорганикалық, физикалық, органикалық химиялармен қатар химия ғылымының тарауы болып есептеледі. Аналитикалық химия көптеген ғылымдармен, мысалы: физика,биология, медицина, металлургия, геологиямен тығыз байланыста. Және ол осы ғылымдардың дамуына мүмкіндік туғыза отыра, физикалық, математикалық, биологиялық әдістерді қолдану арқылы өзінің де мүмкіншілігін арттырады. Аналитикалық химияның теориялық негізін Д.И. Менделеевтің периодтық заңы, зат массасы мен энергияның сақталу заңдары, зат құрамының тұрақтылығы, әрекеттесуші массалар заңдары сияқты жаратылыстанудың негізгі заңдары құрайды. Аналитикалық химия физикамен, бейорганикалық,органикалық, физикалық және коллоидтық химиямен, электрохимиямен,химиялық термодинамикамен, ерітінділер теориясымен, метрологиямен,ақпарат теориясымен және басқа көптеген ғылымдармен тығыз байланысты.Мысалы, анализдің спектралды әдістері физикалық теориялар негізінде қарқынды дамуда, электроаналитикалық әдістерде теориялық электрохимия мен ерітінділер термодинамикасының ұстанымдары негізге алынады.Заманауи аналитикалық химияны координациялық қосылыстар, кванттық-химиялық әдістер және зат құрылысы теориясы, реакциялар кинетикасы және т.б. негізгі ілімдерсіз елестету мүмкін емес. Осындай ғылымдардың жетістіктерін қолдану арқылы аналитикалық химияның теориялық негізі байып, оның мүмкіндіктері кеңейіп, жаңа міндеттерді шешуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар аналитикалық химия да жоғарыда айтылған ғылымдардың және өндірістің тұтас бір салаларының дамуына маңызды әсерін тигізеді, оларға анализдің жетілдірілген әдістерін ұсынып, дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Аналитикалық химияның басқа ғылымдармен, әсіресе өндіріс салаларымен тығыз байланысты болуы оның маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Аналитикалық химиядағы анализ бен синтездің бір-бірімен тығыз байланысты екенінде айта кеткен дұрыс. Анализ түсінігі әдетте заттарды құрамдас бөліктерге бөлумен ассоциацияланады, бірақ химиялық анализ бұл көбінесе өзіне тән бояуы бар, нашар еритін және кристалдарының өзіне тән пішіні бар қосылыстардың синтезіне негізделеді. Сонымен бірге, синтездің нәтижесі әдетте анализ арқылы бақыланатындығы да анализ бен синтездің бірлігін көрсетеді. Бүгінгі таңда басқа да ғылым жүйелерімен сабақтаса жүретін аналитикалық химияның ғылыми және практикалық мәні зор болып табылады. Себебі барлық химиялық заңдар аналитикалық химия әдістеріне негізделген. Аналитикалық химия әдістері әртүрлі материалдардың, пайдалы қазбалар мен минералдардың тіпті ғаламшарлар мен басқа да аспан денелерінің құрамын , құрлысын анықтауда қолданылады. Қазіргі заманғы аналитикалық химияның дамуы өнеркәсіптің жедел дамуымен және оның әртүрлі салаларында аралық ғылыми пән түрінде сипатталатын ғылыми зерттеу лабараторияларында инструменталды талдау анализдерінде автоматты жүйелендірілген химико-аналитикалық бақылау кезінде құрылғыларды, физико-химиялық аспаптарды, ЭЕМ дерді пайдаланады. Маркстік-Лениндік философия бұл пәнді құбылыстардың арасындағы байланысты және оның үздіксіз қозғалыста болуымен айқындайды. Химиялық қосылыстардағы заттар айналымын, құрамы мен құрылысының өзгерісін көрсетеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет