1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Іш қуысындағы мүшелердің ішастармен жабылуына байланысты түсініктер



бет116/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

Іш қуысындағы мүшелердің ішастармен жабылуына байланысты түсініктер:
Интраперитонеалді —мүшенің барлық жағынан жабылуы;
Мезоперитонеалді —мүшенің үш жағынан жабылуы;
Экстраперитонеалді —мүшенің бір жағынан жауып орналасуы.
Іш қуысы ішастарының туындыларына жекелеп талдау жасап, олардың топографиялықорналасу орнына және практикалық мәніне тоқталу үшін іш куысын 3 кабатқа:
а) жоғарғы кабат —көкеттен тоқ ішектің көлденең жиек ішегіне дейін;
ә) ортаңғы кабат —тоқ ішектің көлденең жиек ішегінен кіші жамбас қуысына дейін;
б) кіші жамбас қуысына бөледі.
Іш қуысының төменгі қабаты немесе кіші жамбас куысы:
Ішастар жамбас қуысына қарай өтіп, жам­бас қуысының кабырғаларын және сол жерде орналаскан мүшелерді, әсіресе несеп жыныс мүшелердің түр ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жағдайда жауып орналасқан. Тік ішектің жоғарғы бөлігі сигматәрізді ішектің тікелей жалғасы болғандықтан, интраперитонеалді орналасса, ортаңғы бөлігі мезоперитонеалді, төменгі бөлігі экстраперитонеалді орналасқан. Ер адамдарда ішастар тік ішектен несепқуықтын артқы бетіне қарай өтіп, тікішек—қуық ұңғылын, excavatio rectovesicalis, құрады. Несепқуық несеппен толған жағдайда байкалмай, толмаған жағдайда байқалатын, көлденең бағытта тік ішек пен несепкуықгың аралығында көлденең қатпар, plica vesicalis transversa, орналасқан. Әйел адамдарда тік ішек пен несепқуықтың аралығында жатыр, uterus, орналасқандықтан, ішастардың орналасуы өзгешелеу. Әйел адамдарда ішастар тік ішектің алдыңғы бетіне қарай өтіп, қынаптың, vagina, жоғарғы бөлігінің артқы бетін экстра перитонеалді жағдайда жауып, одан әрі жоғары көтеріліп, жатырды мезоперитонеалді, жатыр түтігін, tuba uterina, интраперитонеалді, аралығында тікішек—жатыр ұңғылын, excavatio rectouterina, кұрап, несепқуықка қарай бағыт алады. Несепкуық ішастармен мезоперитонеалді жабылған, жатыр-қуық ұңғылын, excavatio vesicouterina, кұрап, іш қуысының алдыңғы қабырғасының ішастарына жалғасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет