1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет143/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

131.Бүйректің қызметтері.
Бүйрек - микроскопиялық құрылысы бойынша күрделі түтікті , қызметі бойынша несепті түзетін және несепті шығарушы экскреторлық ағза .
Бүйректің құрылымдық - қызметтiк бiрлirі– нефрон ( nephron ) ;
- нефронның морфологиялық негізін бүйрек түтікшері және капиллярлар шумақтары түзеді ; нефронның функциясы – біріншілік және екіншілік несепті түзу ;
-əр бүйректе млн - ға жуық нефрондар болады ;
- бір нефроннын түтікшелерінің ұзындығы шамамен 20-50 мм , ал екі бүйректегі нефрондардың жалпы ұзындығы шамамен 100 км - дей .
Несептің түзілуі бүйрек түтікшелерінің және қан капиллярлар шумағының арасындағы сіңіру ( абсорбция ) , сүзілу ( фильтрация ) және кері сіңіру ( реабсорбция ) арқылы жүретін күрделі процесс . Біріншілік несептің түзілуі Несептің түзілуі екі кезеңнен тұрады : біріншілік ( алғашқы ) несептің түзілуі және екіншілік ( ақырғы ) несептің түзілуі .Біріншілік несептің түзілуі бүйрек түтікшелерінің бастапқы бөлігі Шумлянский - Боумен капсуласында жүреді . Қанның құрамындағы заттектер қан капиллярларынан бүйрек түтікшелерінің бастапқы бөлігі шумақ капсуласының қуысына абсорбция және фильтрациялық жолдармен өтіп біріншілік ( алғашқы ) несеп түзіледі ( біріншілік несептің құрамы қан плазмасының құрамына ұқсас ) . Бүйрек түтікшелерінің қалған үлестерінің бойында , яғни бүйрек түтікшелеріндегі біріншілік несептен су және кейбір қоректік заттектер түтікшелерді сыртынан жатқан қан капиллярларына кері сіңіріледі,нәтижесінде екіншілік(ақырғы) несеп түзіледі.
Қорытындылай келе, Бүйректің негізігі қызметі-несепті түзу және несепті сыртқа шығару.
Несеп арқылы организмнен сыртқа шығарылатын заттар:
-су, тұздар (хлоридтер) және калий, натрий, кальций, хлор, магний, сульфаттар, фосфататтар:
-зат алмасу өнімдерінің 80% шығарылады: белоктың зат алмасу өнімдері, организм үшін зиянды толық тотықпаған белок, май, көмірсутегі және органикалық заттар: мочевина, несеп қышқылы, креатенин, амин қышқылдары, глюкоза, белок, кетондық денелер шығарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет