132.Бүйректің форникалдық аппараты.
Бүйректің форникалық аппараты- бүйрек паренхимасынан кіші тостағаншаларға несептің шығарылуын және кіші тостағаншалардан несептің каналшаларға кері өтпеуін қамтамасыз ететін күрделі құрылым. Қантамырлардың ( негізінен веналардың ) тостағаншаларға жакын орналасуы , кейбір жағдайларда қан кетуге , несептің веналық қанға араласуына ( пиело - веналық рефлюкс ) және инфекцияның таралуына алып келеді . Форникалық аппарат жұмысының принципі сауу механизміне ұқсас , өйткені несеп өз бетімен кіші тостағаншаға ақпайды , ол бүртіктен кіші тостағаншаларға белсенді сауылады. Олар жиырылу қабілетіне ие бұлшықеттер : Форникалық аппараттың жұмыс атқаруына төрт бұлшықет қатысады ,
-m. levator fornicis ( күмбезді көтеруші бұлшықет ) бүйректің кіші аппаратының тостағаншаларының қабырғасында , орналасады ; оның күмбез бөлігінен жоғары орналасады –m.арhіnсtеr formicis ( күмбездің қысқыш бұлшықеті ) кіші тостаған күмбезінің тұсында орналасқан және күмбезді қоршап жатады ;
-m.longitudinalis calycis ( тостағаншаның ұзынабойлық бұлшықеті ) кіші nостағаншалар қабырғасында ұзынабойлық бағытта орналасады ;
-m.calycis ( тостағаншаның спирал бұлшықеті ) кіші тостағаншалар қабырғасында циркулярлық бағытта орналасқан .
M.levator fornicis және m . longitudinalis calycis жиырылған кезде кіші тостағаншалар қабырғасы босап қуысы кеңейеді ( диастола ) және несеп бүртік тесіктерінен кіші тостағаншаларға өтіп жинақталады , ал m. Sphincier m . spiralis calycis керісінше , кіші тостағаншалардың қабырғасын жиырылтып куысын тарылтады ( систола ) және несепті үлкен тостағаншаларға өткізіп кіші тостағаншалар несептен босайды .
Сөйтіп , тостағаншаларда несептің жиналуы және олардан несептің шығарылуы екі кезеңмен жүреді:
А ) Систола , жиырылуы : 20 сек - тен 45 сек - ке дейін ;
Б ) Диастола , босаңсу : 10-15 сек .
Қорыта айтқанда , бүйректің форникалық аппаратының құрамына :1 ) күмбез ( fornix ) — эпителийлік жабындысымен ; 2 ) күмбезді сыртынан қоршап жатқан бүйрек синусындағы шелмай және оның құрамындағы эластикалық талшықтар , тамырлар және нервтер ; 3 ) бүйрек бүртiгi ( papilla renalis ) ; 4 ) күмбездің веналық өрімі ; 5 ) күмбезді көтеретін бұлшықет ( m.levator fornicis ) кіші тостағаншаның қуысын кеңейтіп , оған зәрдің өтуіне және жиналуына жағдай жасайды ; 6 ) күмбезді тарылтушы бұлшықет ( m.sphinсtеr fоrnіcіs ) – тостағаншаны тарылтып және оны несептен босатады ;7 ) ұзына бойлы бағытта орналасатын кіші тостағаншаның бойлық бұлшықеті ( m.longitudinalis calicys ) — кіші тостағаншаның қуысын кеңейтіп , оған несептің өтуіне және жиналуына жағдай жасайды. 8 ) кіші тостағаншаның спирал бұлшықеті ( т.spiralis calycis ) тостағаншалардың қабырғасында циркулярлы бағытта орналасып, тостағаншаларды тарылтып , оларды несептен босатып отырады .
Достарыңызбен бөлісу: |