133.Бүйректің қанмен қамтамасыз етілу ерекшеліктері.
Бүйректің қан тамырлар жүйесі:
- Бүйрек артериясы (a.renalis) – бүйрек қақпасы арқылы кіріп, алдыңғы және артқы тармақтарға бөлінеді. Алдыңғы және артқы тармақтар бүйрек түбегінің алдынан және артынан жүріп өтіп сегменттік артерияларға бөлінеді.
-Сегменттік артериялар (aa.segmentales) – түбекалды және түбекарты артериялардың тармақтары, аттас сегменттерді түзеді. Ары қарай сегменттік артериялар үлесаралық артерияларға өтеді.
-Үлес аралық артериялар (aa.interlobares)-Бүйрек пирамидаларның аралығында жүреді ,бүйректің қыртысты және милы заты шекарасында доғалық артерияларды түзеді.
- Доғалық артериялар (aa.arcuatae) -бұл артериядан бүйректің қыртысты затына көптеген үлесше аралық артериялар тармақталады.
-Үлесше аралық артериялар (aa.interlobulares)-бұл артериядан шумақтың әкелуші артериоласы басталады.
-Шумақтың әкелуші артериоласы немесе әкелуші тамыр (arteriola glomerularis afferens) - үлесше аралық артериядан басталып, капиллярға жалғасады.
- Бірінші реттегі қан капилляр шумағы немесе бүйрек денешігінің капилляр шумағы (glomerulus corpusculi renalis) – әкелуші артериоланың жалғасы және Шумлянский-Боумен капсуласында орналасқан:
-Шумақтың әкетуші артериоласы немесе әкетуші тамыр (arteriola glomerularis efferens) – бүйрек денешігінің капилляр шумағының жалғасы :
- Екінші реттегі қан капиллярлары – әкетуші артериоланың жалғасы, яғни артериола екінші рет капиллярларға тармақталады.
Әкелуші шумақ артериоласының капиллярға тармақталуы және капиллярдан қайтадан әкетуші шумақ артериоласының қалыптасуы таңғажайып тор(rete mirabile)деген атау алады.
Сонымен , бүйректегі ,дәлірек айтсақ нефрондағы қантамырлардың таралу реттері:артериола – капилляр — артериола – капилляр - венула , яғни бүйректің ағзаішілік қантамырларының ерекшелігі – қос қан капиллярлык тордың болуы.
Бүйректің ағзаішілік веналары негізінен ағзаішілік артериялардың тармақтарына сәйкес орналасады. Бүйрек паренхимасынан веналық қанның ағып шығуы үш жолмен жүзеге асады : а ) нефронның екінші реттік капиллярлар торынан үлесшеаралык венулаларға ( vv interlobulares ) ;
б ) бүйректің қыртыс заттегінің беткей қабаты мен фиброзды қабығынан веналық қан жұлдызша венулаларға ( venuloe stellatae ) , содан соң үлесшеаралық ( vv. interlobulares ) немесе доғалық веналарға ( vv . arcuatae ) өтеді ;
в ) бүйректің милы заттеrінен , тік артериолалармен ( arteriola rесtі ) бірге жүретін , тік венулалар ( venulae rectae ) арқылы шығып , әрі қарай догалык веналарға немесе үлесаралық веналарға ( vv . interlobares ) жалғасады .
Қысқаша сызба түрінде көрсетсек , веналық қанның бүйректерден ағып шығу реттері төмендегідей болады :vv. interlobulares ( venulae stelluluic . venulae rectae ) vv . arcuatae →vv. interlobares →vv. segmentales ; түбекалды және түбекартқы веналар ( кейде vv.polares superiores , v.centrales ,vv.polares inferiores ) → V.renalis →v . cava inferior .
Достарыңызбен бөлісу: |