129.Бүйректің микроструктурасы. Бүйректіңқұрылымдықфункционалдықбірлігі.
Бүйрек паренхимасы негізгі екі қабатқа бөлінеді - сыртқы (қыртысты зат) және ішкі (милы зат).
Қыртысты зат(cortex renalis)- бүйректің беткі қабатын құрайды. Ол милы заттың аралағына өтіп, бүйрек бағанасын(columnae renalis) түзеді. Қыртысты заттың 2 бөлігі ажыратылады:
1.Жарық бөлігі-Пішіні конустәрізді, ол бүйректің милы затынан қыртысты затқа сәулеленіп орналасқан, қыртысты заттың сәулелі бөлігін(pars radiata) құрайды.
2.Қою бөлігі-бүктелген бөлік(pars convulata)
Милы зат(medulla renalis)- бір-бірінен бүйрек бағаналары арқылы шектелген. Пішіні-пирамида тәрізді,саны-10-15. Милы заттың негізі(basis pyramidis) және ұшынын бірігуінен пайда болған бүртігі(papillae renalis) ажыратылады.
Бүйректің үлесшесі (lobulus renis), және сегменті (segmentum renis):
-бүйрек үлесшесі (lobulus renis) немесе қыртыстық үлесше (lobulus corticalis) – қыртысты заттың бүктелген (pars convoluta) және сәулелі бөліктерінен (pars radiata) түзіледі;
-бүйрек үлесі (lobus renis) – пирамидамен (және оған сәйкес жатқан қыртысты затпен және қыртыстық үлесшемен (lobulus corticalis) түзілген;
-бүйрек сегменті(segmentum renis)- бүйректің 2-3 үлестерінен түзіледі. Ол артериялардың тармақталу ерекшелігіне қарай орналасады:
-жоғарғы сегмент(segmentum superiorius)
-жоғарғы алдыңғы сегмент (segmentum superiorius anterius)
-төменгі алдыңғы сегмент (segmentum inferius anterius)
-төменгі сегмент (segmentum inferius)
-артқы сегмент(segmentum posterius)
Жалпы айтқанда, қыртысты заттың сәулелі бөлігі(pars radiata) мен бүктелген бөлігі (pars convulata) үлесшені, үлесше мен пирамида және қыртысты зат үлесті, 2-3 үлестер сегментті, ал сегмент бүйректі құрайды.
Бүйректің құрылымдық-фунционалдық бірлігі- Нефрон(nephron)
-Бүйрек түтішелері мен қан капиллярлар шумағы нефронның негізін түзеді.
-Нефронның қызметі: біріншілік және екіншілік несепті түзу;
-Әр бүйректе 1млн-ға жуық нефрон болады.
Нефрон құрылысы:
Әр бүйректе миллионға жуық нефрон бар, олар осы органның құрылымдық және функционалдық бірліктерін білдіреді. Әрбір нефрон бүйрек түтігіне өтетін Боуман капсуласында орналасқан қан капиллярларының гломеруласынан тұрады. Түтікше үш бөлікке бөлінеді: проксималды, дистальды және оларды байланыстыратын Генле ілмегі.
Нефронның 80% бөлігі қыртысты затта, ал 20% бөлігі милы затта орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |