1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет19/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

Маңдай сүйегі, os frontale, . Олбас сүйектің негізі мен қақпағын және көз шарасының және мұрын қуысының қабырғаларын құраушы күрделі сүйектердің қатарына жатады. Орналасуына және атқаратын қызметіне қарай төрт бөліктен: қабыршақтық, жүп көз және тақ мұрын бөлігінен тұрады.
1. Маңдай сүйектің қабыршақтық бөлігінің, squama frontalis, сыртқы беті дөңес, те- гістеу, ми сауытына қараған беті ойыс, бұдыр- лау келген.
а) сыртқы бетінің facies externa, дөңестеу және тегістеу болып келген, сыртқы бетінің орталық бөлігінде құрсақтық даму кезінде екі жақ- тық қабыршақтық бөліктің бір-бірімен жіктер арқылы бітіскендіктен ересек адамдарда әлсіз байқалатын метопикалық жіктер — sutura metatopica, орналасқан. Сыртқы бетінің төменгі бөлігі, көз үстілік бөлігіне — pars supraorbitalis, ұласып, екі жағында айқын байқалатын көз шарасының жоғарғы жиегін — тагдо supraorbitalis, құрайды). Көз шарасының жоғарғы жиегінен жоғарырақ, доға тәрізді иіліп орналасқан, қасүстілік доғалар — margo superciliaris, айқын байқалады. Қасүстілік доғадан жоғарырақ қабықшалы бөліктің алдыңғы бетінде маңдай сүйектің дөңесі— tuber frontale, төменірек қасүстілік доғаның аралығында, ойыстау келген кеңсірік үстілік жазықтық —glabella, орналасқан. Көз шарасының жоғарғы жиегінің ішкі қап- талында, тұрақсыз көз шарасының жоғарғы тілігі — incisura supraorbitalis, кейбір кезеңде,көз шарасының жоғарғы тесігіне, ұласуы ықти- мал. Бұл тіліктің ішкі қапталында маңдай сүйектік —sulcusfrontalis, орналасқан. Көз шарасының жоғарғы жиегі, латеральды бағытта сүйірленіп, бет сүйектік есіндіге — processus zygomaticus, үласады. Бетсүйекосіндініңтісше- ленгенұштары —processus zigomaticus, олбет- сүйектің маңдайлық өсіндісі мен маңдай бет- сүйектікжіктер, sutura frontozygomatica, арқы- лы бірігіп, көз шарасының бүйір қабырғасын қүрауға қатысады. Бетсүйектік өсіндіден сыр- тында жоғары жэне латеральды бағытта самай- лық сызықша —lineae temporalis, айқын орна- ласқан. Негізгі міңдеті: маңдай сүйегінің қабыр- шақтық бөлігінің сыртқы бетін, самайлық беті- нен бөліп тұру.
Қабыршақтық бөліктің ми сауытына қараған беті, facies interna seu facies cerebralis, ойыстау келіп, мидың сыртқы бетін тікелей жауып орналасқандықтан: айқын байқалатын ми қатпарларының саусақтық ба- тыңқылары —impressiones digitatae, аралығын- да мидың көтеріңкілері, мен артерия қантамыр- дың жүлгелері, sulci arteriosi, айқын байқала- ды. Қабыршақтық бөліктің ішкі бетінің маңдай сүйектікқыры — crista frontalis, өрлеме бағытта жоғары қарай өтіп, екі аяқшаға айырылып, жо- ғарғы сагитальды қойнаудың жүлгесін —sulcus sinus sagitalis superioris, құрайды. Маңдай сүйектің сагитальды қойнауы, мидың қатты қабықшасының жоғарғы сагитальды атты қой- науының батыңқысы болып саналады. Сонымен қатар, маңдай сүйегінің ішкі қыры мен тор сүйектің айдаршығының аралығында, мидың қатты қабықшасының өсінділері бекитін, таяз орналасқан соқыр тесігі —foramen cecum, ай- қын байқалады. Бұл тесік арқылы, мұрын Margo supraorbitalis Spina trochlearis
қуысын ми сауытының ішінде орналасқан жо- ғарғы сагитальды қойнаумен өзара жалғасты- рушы вена қантамырлар өтеді.
2. Маңдай сүйегінің коз боліктері — partes orbitales, көз шарасының жоғарғы қа- бырғаларын құрауға қатысатындықтан коз болігідепаталынады.Ол мандай сүйегінің қабықшалы бөлігінен коз ша- расының жоғарғы жиегі, margo supraorbitalis,арқылы бір-бірінен ажыратылып қоймай, лате­ ральды бағытта отіп, бұл сүйектің қабықшалы болігі мен бірлесіп, бетсүйектік өсіндіні —processus zygomaticus, құрайды. Сонымен қатар, коз бөлігінің томенгі көз шарасына және жоғарғы ми сауытына қараған беттері ажыра­ тылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет