1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет22/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

19.Төбе сүйегі, құрылысы.
Төбе сүйек (os parietale) бассүйек қақпағының жоғарғы бүйір қабырғасын құрайтын жұп қабыршақты сүйек. Төбе сүйектің пішіні жалпақжәне төртбұрышты болып келгендіктен екі беті, төрт қыры және төрт бұрышы болады. Төрт қырының үшеуі тісшеленген, біреуі қабыршақты болып келеді.
Қырлары:
1.Алдыңғы немесе маңдайлық қыр (margo frontales), тәждік жік (suturа coronalis) арқылы маңдай сүйекке жалғасқан.
2.Артқы немесе шүйделік қыр (margo occipitalis), ламбда жік арқылы (sutura lamboidea) шүйде сүйекпен шектеледі.
3.Сагиталды қыры(margo sagitalis), сагитальды жік арқылы (sutura sagitalis) екі жақ бөлігі өзара бір-бірімен шектелген.
4.Самайлық қыры (margo sqamosa),қабыршақтық жік арқылы самай сүйектің қабыршақтық бөлігімен байланысқан.
Бұрыштары:
1.Маңдайлық бұрышы (angulus frontalis)маңдайлық қыр мен сагиталды қырдың түйіскен жерінде орналасқан.
2.Сынатәрізді сүйек бұрыштары (angulus sphenoidalis) маңдайлық қыр мен қабыршақтық қырдың түйіскен жерінде орналасқан.
3.Шүйделік бұрыш (angulus occipitalis) төбе сүйектің сагиталды қыр мен шүйделік қырдың түйіскен жерінде орналасқан.
4.Еміздіктік бұрыш (angulus mastoideus) қабыршақтық қыр мен шүйделік қырдың түйіскен жерінде орналасады.
Төбе сүйектің беттері:
1.Сыртқы беті -тегіс, дөңес болып орналасқан. Сыртқы бетінің орталығында төбе сүйек дөңесі (tuber parietale), одан әрі төменірек орналасқан жоғарғы және төменгі самайлық сызықтар (linea temporalis superior et inferior) көрінеді.
2.Ішкі немесе ми сауытына қараған беті-бұдырлау болып келген. Ішкі бетіндесаусақтың батықылары (impressiones digitatae), милық көтеріңкілері (juga cerebralia) мен қантамырлар жүлгелері (sulci arteriosi) орналасқан. Сагиталды жиегінің бойында жоғарғы сагитальды қойнаудың жүлгелері (sulcus sinus sagitalis superior), ал еміздіктік бұрыш жанында сигматәрізді қойнау жүлгесі (sulcus sigmoidei) бар.
20. Жоғарғы жақсүйек, құрылысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет