а) Коз шарасына қараған беті, facies orbitalis, ойыс және тегістеу болып келген. Бұл беттің бүйір қапталында, бетсүйектікосіндінің басталар тұсында тереңдеу келген, көзжас безініңойысы — fossa lacrimalis, айқын байкалады. Медиальды қапталы сол ғана байқалатын шығыршықтық шұңқырша, fovea trochlaris, және шығыршық бұлшықетінің сіңіршесінің орап отетін шеміршектік, кейбір кезеңдерде сүйектіктканнан тұратын шығыршықтық қыл- қан —spina trochlearis, орналасқан.
ә) Ми сауытына қараған беті — facies cerebralis, доңестеу келген мидың маңдай болігінің томенгі бетімен беттесіп, орналасқан- дықтан ми қатпарының саусақтың ізі тәрізді батыңқылары — impressiones digitatae, аралы- ғындағы мидың котеріңкілері, juga cerebralis, жэне артерия қантамырларының салалары, sulciarteriosi, айқын корінеді. Мандай сүйектің коз боліктері, бір-бірінен торсүйектік тілік, incisura ethmoidalis, арқылы ажыратылады. Бұл тіліктің аралыгында тор сүйектің алдыңғы ми сауыты сүйегінің алдыңғы ойысын —fossa сгапі anterior, құрауға қатысады. Top сүйектіктіліктің жиегінің төменгі бетінде торсүйектің лабиринт- терінің жоғаргы қабырғасын құрауға қатыса- тындықтан мұнда тор сүйектік алдыңғы, ара- лык,жәнеартқыұяшықтарыжәнеолардыңара- лық табақшалары орналасқан. Top сүйектікұя- шықтардың аралығында көлденец бағытта, ал- дыңғы және артқы көлденең жүлгелері орна- ласқан.
3. Маңдай сүйектің мүрын бөлігі, pars nasalis, олтор сүйектік тіліктін, алдында маңдай сүйектің қабыршақтық бөлігі мен көз бөліктерінің түйіскен жерінде доға тәрізді иіліп орналасқан.Мұрын бөлігінің алдында, төменнен алға қарай бағытталған мұрындық қылқан, spina nasalis, орналасқан. Мұрындық қылқанның ұшы үшкір, бүйір қабырғалары қысыңқылау және жалпақтау келген. Бұл өсіндінің алдында және бүйір қапталындадоға тәрізді иілген және бұдырлы мұрындық қыры, magro nasalis, орналасқан. Бұдырлы мұрын қыры: мұрын сүйегі- мен мұрын-тандай жіктері, sutura nasofrontalis, арқылы, жоғарғы жақ сүйектің маңдайлық өсіндісі мен маңдай-жоғарғы жақтық жіктері, sutura frontomaxillaris, арқылы жалғасып, көлде- нең бағытта орналасқан мандай-жоғарғы жақтық жіктерді, sutura frontomaxilaris, құрайды. Мұрын бөлігінің артқы және төменгі бетінде маңдай сүйегінің екіжақтық қойнауы, apertura sinus frontalis, ор- наласқан.
Достарыңызбен бөлісу: |