1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет46/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

45. Жамбас сүйектерінің қосылыстары.
Жамбас белдеуісүйектері бір-біріменөзарасегізкөз-мықын және шат сүйегінің қасағасыарқылы буындасқан.


  1. Сегізкөз-мықын буыныarticulatiosacroiliaca, жұп буын.
  2. Бұл буынның буын беттері: сегізкөздің құлақша тәріздібеті, facies auricularis, мен мықын сүйегініңқұлақшатәрізді буын беттерінің өзара беттесуінен құралған.


  3. Қарапайым, қатаң буын (amphiartrosis)


  4. Буын беттерінің сыртқы пішінітегіс жазық келген, жалпақ буын(articulatio planae)


  5. Үш біліктің бойында жылжымалы қозғалады.


  6. Буын қозғалысы шамалы, негізгі қызметі – салмақты жеңу.


  7. Буынның міндетті элементтері: буын қапшықтары – буынбеттерінің жиегінде өзара тартылып орналасқан.


  8. Буынның қосымша элементтері: буын қапшығының байламдары.


Буын қапшығының алдыңғы бетініңбайламдары:


Көлденең бағытта орналасқан сегізкөз-мықын байламы, lig. sacroiliaca, мықталған. Бұлбайлам сегізкөз сүйегінің жамбас қуысына қарағанбетінен басталып, көлденең бағытта өтіп мықынсүйегіне бекиді.
Буын қапшығының дорсальдыбетінің байламдары:
1. Сүйек аралық сегізкөз-мықын байламы,lig. sacroiliaca interossea, ол буынның артқы бетінде қысқалау келіп, мықын мен сегізкөз бұдырының аралығында көлденең бағытта тартылыпорналасқан.
2. Артқы сегізкөз-мықын байламы,lig. sacroiliaca dorsalia. Бұл байлам, мықынсүйегінің артқы төменгі қылқанынан, spinailiaca posteriorinferior, басталып, төмен бағыттаөтіп, сегізкөз сүйегінің II-IV дорсалді тесігініңмаңындағы қырқасына, crista sacralis lateralis, барып бекиді.
Жамбас сүйегісегізкөз сүйегі мен жамбас буынынан басқа даөте берік келген жанама байламдары арқылымықталған.

1. Сегізкөз-бұдыр байламы, lig. sacrotuberale, олшонданай сүйегініңдөңесінен басталып, өрлеме бағытта өтіп, желпуіш тәрізді жайылып,сегізкөз бен құйымшақ омыртқасының сыртқы бетіне бекиді. Бұл байламның жартылай бөлігішонданай сүйегінің төменгі бұтағына өтіп, орақтәрізді өсіндіні, processus falciformis құрайды.


2. Сегізкөз-қылқанды байламы, lig.sacrospinale. Бұл байлам, сегізкөздіңқылқанынан, spina ishiadica, басталып артқақарай бағытталып сегізкөз бен құйымшақтыңқырқаларына барып бекиді. Бұл екі байлам арқылы сегізкөздің үлкен тілігі мен кіші тілігі, бұлсүйектің үлкен және кіші тесіктеріне,forr. ishiadicus majus et minus, айналады.
3. Мықын-белдік байламы, lig. Iliolumbale. Ол IV-V-беломыртқаларыныңкөлденең өсінділерінен басталып, мықынсүйегінің қырқасына бекиді. Қызметі: сегізкөз-мықын буынын берік ұстау.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет