Кеуденің үлкен бұлшықеті, musculus pectoralis major- кеуде торының алдыңғы қапталында жоғарырақ және беткей орналасады. Бұл бұлшықеттің жоғарғы жиегі дельта тәрізді бұлшықетпен беттесіп, дельта-кеуде бұлшықетінің жүлгесін, sulcus deltopectoralis, құраса, бұғана сүйегімен шектескен жиегінде бұғанаастылық ойысы, fossa infraclavicularis, мен төменгі жиегі сырттай қарағанда айқын байқалады. Бұғаналық бөлігі, рars clavicularis, бұғананың медиалды шетінен; төс-қабырғалық бөлігі, рars sternocostalis төстен және II-V қабырғалар шеміршектерінен; құрсақтық бөлігі, раrs abdominalis iштің тік бұлшықеті қынабының қабырғасынан басталады. Бұлшықет тоқпан жіліктің үлкен төмпешігінің қырқасына, crista tuberculi majoris, бекиді. Қызметі: иықты медиалды қапталына қарай тартып, ішке қарай бұрады. Қолды тіреп ұстаған жағдайда, бұлшықеттің кеуде-қабырғалық бөлігінің жиырылу нәтижесінде кеуде қуысын кеңейтіп, терең дем алуға ықпал етеді.
Кеуденің кіші бұлшықеті, m.pectoralis minor, үлкенкеуделікбұлшықеттің астында орналасқан, пішіні үшбұрыш тәрізді. II-V-қабырғалардың шеміршектік бөлігі мен сүйектікбөлігінің бір-біріменқосылған жерінен басталып, жауырынның құстұмсық өсіндісіне, processus coracoideus,бекиді. Қызметі: жауырынды алға, төмен тартса,иық белдеу сүйектерін бекем ұстағанжағдайдаII-V қабырғаларды көтеріп, терең дем алуғақатысады.
Бұғана асты бұлшықеті, m.subelevius, бұғана сүйегінің астында параллель бағытта орналасқан. I-кабырғаның шеміршекті бөлігі мен сүйектікбөлігінің түйіскен жерінен басталып, processusacromialis-ке бекиді.Қызметі: бұғана сүйегін төмен медиальдыбағытта ығыстырады. Иық белдеу сүйектерінбекемдеп ұстаған жағдайдаI-қабырғаны жоғары қарай көтеріп, кеуде қуысын кеңейтіп, тереңдем алу қызметіне қатысады.
Tiсшеленген алдыңғы бұлшықет, m.serratus anterior, қолтық қуысының медиальды қабырғасын құрауға қатысады, тістерімен жоғары 8-9 қабырғаның сіңірлік доғаларынан басталып, жауырын сүйегінің медиальды қырына барып бекиді. Функциясы: жиырылған кезде жауырынды сыртқа және алға қарай тартып, қолды горизонталды жазықтықтан жоғары қарай тартады. Жауырынды қозғалтпай ұстаған жағдайда қабырғаларды көтеріп, кеуде қуысын кеңейтіп, терең дем алу қызметін атқарады.