1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет73/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

Үшінші фасциялық табақшасы немесе мойынның меншікті фасциялық қабықшасының терең табақшасы, lamina profunda fascia colli propriae, немесе жауырын-бұғаналық, fascia omoclavicularis, деп аталады. Ол мойынның алдыңғы бөлігінде, төс-бұғана-емізік бұлшықеттің артында трапеция тәрізденіп орналасқан. Бұл фасцияның терең табақшасының жоғарғы жиегі тіласты сүйегімен, төменде бұғана сүйегімен және төс сүйегінің тұтқасымен бүйір қапталы жауырын-тіласты бұлшықетімен, m. omohyioideusшектелген. Табақшаның бүйір қапталы жауырын-тіласты бұлшықеттеріне қарай өтіп, қалыңдап жауырын-бұғана атты апоневрозды табақшаны, aponeurosis omoclavicularis, құрап мойынның тіласты сүйегінен төмен орналасқан бұлшықеттердің қынабын құрайды. Сонымен қатар мойынның меншікті фасциялық қабықшаның беткей табақшасы мен терең табақшасының аралығында апоневроз аралық кеңістік, spatium interaponeuroticum suprasternale, кездеседі.


  • Төртінші фасциялық табақша немесе мойынның ішкі фасциялық табақшасы, fascia endocervicalis. Бұл фасциялық қабықша мойын маңында орналасқан мүшелердің: көмейдің, қалқанша бездің, жұтқыншақтың, өңештің және ірі қантамырлардың қынабын құрап орналасқандықтан, ішкі мүшелердің фасциялық қабықшасы деп аталуы сол себепті. Топографиялық орналасуына қарай: сыртқы париетальдық, ішкі висцеральдық табақшаға бөлінеді. Париетальдық және висцеральдық табақшаларының аралығында қантамырлар мен нервтер, лимфа түйіндері орналасқан кеңістік, spatium previsceralis, кездеседі. Бұл кеңістіктің ішінде кеңірдектің алдыңғы кеңістігі, spatium pretrahealis, орналасқан. Бұл кеңістіктің аралығында: іркілдеген дәнекер ткандар мен лимфатикалық түйіндер және қалқанша бездің пирамидалық бөлігі оның қан тамырлары орналасқан.


  • Бесінші фасциялық қабықша немесе алдыңғы омыртқалық фасция, fascia prevertebralis, ол мойынның тереңде орналасқан бұлшықеттердің фасциялық қабықшасын құрайды. Ол жоғарыда шүйде сүйегінің негізінен басталып, төменде көкірек аралықтың артқы, mediastinum posterior, қабырғаларына ұласып, одан әрі кеуде қуысының ішкі фасциялық қабықшасын, fascia endothoracica, құрауға қатысады.

    Мойын бұлшықеттерінің фасциялық қабықшаларының күрделі болуына байланысты, Париждік анатомиялық атаулардың тізіміне сүйенсек, мойын бұлшықеттерінің фасциялық қабықшасы ажыратылады:






    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   205




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет